Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    03.01.2024
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мәжіліске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Төлеубаев, құқық қорғау органдарының бастықтары, басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері мен қатысты.
    Күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай ақ «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы, сібір жарасы қабірлерінің санитарлық-қорғау аймағы, мал қорымдарына қойылатын талаптардың сақталуына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі баяндама жасалды.
    Баяндамашылардың айтуынша, қоғамның қарқынды дамуына тежеу салатын сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
    Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін алға тартып, өңірде оңтайлы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көрсеткіштердің төмендегенін алға тартты. Сондай-ақ әкім тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, олардың жұмысының тиімділігін бағалауда қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың рөлін арттыруға ерекше назар аударды.
    Жиын қорытындысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыстарды бақылауға алуды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәуекелдерді анықтап, кез келген салада заң аясында әрекет етуді, әділдік, қызметке адалдық және ашықтық қағидаларын берік ұстануды қатаң ескертті.
    Сондай-ақ, келесі 2024 жылға комиссия отырысының жұмыс жоспарына аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасына енгізілген өзекті мәселелерді енгізуді тапсырды.
    Aisnews.kz
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.