Автор: ais_media

Түркістан қаласы, «Abay school luceum» жекеменшік мектебінде бүгін «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтуде. Конкурс мақсаты: Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурстың міндеттері: Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару. Іс-шараның өзектілігі: Конкурсқа облыстық кезеңге өткен жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір секцияға 1 ғылыми-зерттеу жобасын (кіші жастағы топ 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ 5-7 сыныптар) ұсынады. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу…

Read More

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Орынбасар Фариданың жетекшілігімен «Таза табиғи орта — Қазақстан 2050 стратегиясын іске асырудың негіздері» бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Қожан Ақниет «Борсық майының емдік қасиеттері» тақырыбында ғылыми жоба жазып, эксперименттік тәжірибе жүргізді. Бұл жобада Қожан Ақниет борсық жануарына жалпы сипаттама бере отырып, борсық майының құрамын және оның емдік қасиеттері бар екендігін анықтап, келешек өскелең ұрпаққа пайдасыз дәрілердің орнын табиғи өнімдермен алмастыруды насихаттап, кеңес берді. Ғылыми жұмысты жазудағы мақсаты: Борсық майының пайдалы жақтарын атап қана қоймай, сонымен бірге тұрмыста борсық майымен жасарудың және иммундық жүйені қалпына келтірудің, тиімді…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: СЕМИНАР: «БАЛА БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУ – ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕДЕН» Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», — деп халық даналығы айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ әкенің отбасындағы тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы әкенің борышы. Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры әр азаматтың қолында екенін ұмытпаған жөн. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында Сауран ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ Жетісай ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы 48 жалпы білім беретін мектебінде қазақ ғылымының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың «Дархан даланың дара тұлғасы» атты бұрыштың ашылу салтанаты болды. Өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қаныш Сәтбаев — аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті академик, ұлы геолог, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері. Биыл Республика бойынша Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ Ордабасы ауданының білім бөлімі «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны бойынша «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізді. Жиынға мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп педагог-психологы, мектептің әлеуметтік педагогы, мен ата-аналар қатысты. Аталған іс-шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, полиция бөлімінің басшысы Ғ.Қуашбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ж.Орынбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Ш.Азімбаева, -«Игілік» қоғамдық қорының жетекшісі Қ.Бақытұлы қатысып, білім бөлімінің басшысы Нурабаева Шұға Тұрмаханбетқызы жүргізіп отырды. Келген қонақтар сөз алып тақырыпға…

Read More

Сайрам ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2023-2024 жылдық жоспарына сәйкес №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы білім беретін және №93 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Мақсатты дұрыс қою — сабақтың тиімділік кепілі» тақырыбында тәжірибелік өтті. Мақсаты — орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсету. Семинар тәжірибе алмасу мақсатында ерекше форматта ұйымдастырылды. Аталған мектеп мұғалімдері бір-біpiмен ауысып сабақ жүргізді. Сайрам ауданы білім бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Егінбаева Гульжан семинарды ашып, семинарға қатысушы педагогтарға сәттілік тіледі. №97 Сұраншы батыр атындағы білім беретін мектебінде Туктаганова Гулнара 7 «А» сыныбы оқушыларымен «Постулаты здоровья» тақырыбында ашық сабақ…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жетісай ауданына барып, бірқатар білім мекемелерін аралады. С.Қожанов атындағы N42 жалпы білім беретін мектебіне барған басқарма басшысы, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Білім ордасы 1969 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда көгілдір отынмен жылынады. Әр қабаттағы бөлмелердің жылу температурасын көріп шықты. Мектеп 54 жыл бұрын берілсе де, тозығы жетпеген. Алайда күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы келер жылға өтінім беріліп, жауаптыларға қайта жөндеу жүргізуді тапсырды. Келесі «М.Мәметова атындағы N33 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы, қауіпсіздік жүйесін толық қарап шықты. 384 бала білім алатын мектепте 9 бейнебақылау камералары орнатылған. Арнайы күзет…

Read More

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын көтеру мемлекеттің басым мақсаты екенін аттап өтті. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және орта құру міндетін қойды. Түркістан өңірінде демографиялық өсім жоғары. Осыған байланысты оқушы 35 мың орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу үшін 4 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бюджет есебінен жобалық қуаты 8250 орын 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 20 мектепті тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілді. Президент бастамасымен…

Read More

Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытында «Қауіпсіз мектеп» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Балалардың сапалы білім алуы және қауіпсіздік мәселелері әрқашан облыс басшылығының назарында. Бүгінгі күнге дейін мектептердегі бала қауіпсіздігі өзекті проблемалардың бірі болды. Биыл осы мәселені шешу үшін «Қауіпсіз мектеп» жобасына облыстық бюджеттен алғаш рет 5,9 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл бағытта білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Дархан Амангелдіұлы. Атап айтқанда, облыстағы 908 мектепке 7100 бейнекамера, бала саны 700-ден асатын 284 мектепке турникет, 193 мектепке 106 мың шаршы метр…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында бүгін «Ұлтымыздың ұлттық ойыны-тәлім-тәрбиенің көзі» атты іс -шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мұраны сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу. Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында аға тәлімгер Розагул Миркибаеваның ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларна «Асық ату» ойыны туралы насихат жұмыстары жүргізілді. Ұлттық ойындар — адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар,…

Read More