Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
    Аймақ

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

    29.11.2023

    Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жетісай ауданына барып, бірқатар білім мекемелерін аралады. С.Қожанов атындағы N42 жалпы білім беретін мектебіне барған басқарма басшысы, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Білім ордасы 1969 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда көгілдір отынмен жылынады. Әр қабаттағы бөлмелердің жылу температурасын көріп шықты. Мектеп 54 жыл бұрын берілсе де, тозығы жетпеген. Алайда күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы келер жылға өтінім беріліп, жауаптыларға қайта жөндеу жүргізуді тапсырды.
    Келесі «М.Мәметова атындағы N33 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы, қауіпсіздік жүйесін толық қарап шықты. 384 бала білім алатын мектепте 9 бейнебақылау камералары орнатылған. Арнайы күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Едені тозғаны білім ұясының кафелдерін ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілмек. Күрделі жөндеу барысында кәріз желісін де толық реттеу қажет дейді Ғалымжан Сұлтанбекұлы. Сондай-ақ, мектепті аралау барысында биология, физика, лингафон кабинеттерін қарастырып, қолға алуды нықтап тапсырды.
    Бұл мектептен шығып №57 «Сарыарқа» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы мектептің тозығы шыққанын бірден айтты. Ескі орындықтар, тақталар, мен кафелдері сынған. Бұның барлығы баланың ыңғайлы білім алуына кедергісін тигізеді. «Карат- Z» ЖШС мекемесінің сараптау қорытындысы бойынша мектептің бір блогына апатты жағдайы туралы қорытынды берілген. Қазіргі таңда балалар ғимараттың қауіпсіз жағында білім алуды жалғастырып отыр. 1975 жылы пайдалануға берілген мектептің орындвқ сынды мәселесін мектеп ішінде шешуге болатынын жеткізген Ғалымжан Сұлтанбекұлы мектеп директорына тікелей тапсырма берді. “Мектеп директоры шаруаға да епті болуы тиіс. Ғимаратты басқарып отырғандықтан, әрбір кемшілігіне бірінші жауапты директор” , — деді басқарма басшысы. Бұл білім ордасының орнына 2024 жылы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы арқылы Жетісайдағы бір мектеа осы іргеден бой көтереді. 2025 жвлы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Әзірге мектеп ғимаратының ескі болуы — балалардың білім алуына кедергі келтірмейді.
    Ал №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерекше жағдай орын алды. Басқарма басшысы аудандағы білім мекемелерінің жағдайымен танысып жүр дегенді естіген ауыл тұрғыны жанашырлық танытып, ауыл тұрғындары болып өздерінің ауласынан пайдаланбай тұрған жерін беруге дайын екендігін жеткізді. Себебі, бұл мектептің берілгеніне де 30 жылға таяды. Қауіпсіздік жағдайы пысықталғанымен, жаңа орындарға сұраныс бар. 100 бала білім алатын білім ордасында 222 оқушы тәрбиеленеді. Жаңа мектеп салуға, ыңғайлы жер жоқ. Осылайша мәселе де шешімін тапты.
    Облыстың бас ұстазы Жетісай ауданындағы сапарын Қ.Сәтбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектебінде қорытындылады. Білім ордасының асханасын қарап, жағдайымен танысты. Сыйымдылығы 100 балаға шақталған, жағдайы жақсы. Бір реттік ыстық тамақпен 151 бастауыш сынып оқушы тамақтанады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 111 бала бар.Барлығына тегін тағам беріледі. 2 ауысым бойынша, арнайы кестеге сәйкес жүргізіледі.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.