Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»«LESSON STUDY» ӘДІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Аймақ

    «LESSON STUDY» ӘДІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    04.12.2023
    Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин және бастауыш сыныбы бойынша әдіскер Ғ. Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен №5 Ысмайлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Lesson Study зерттеу сабақтары — даму мен ілгерлеудің формуласы» тақырыбы аясында оқыту және тәжірбие алмасу семинары дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.
    Оқыту семинарын ұйымдастырудағы басты мақсат — бастауыш пәні мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын дамыту мен оқу үдерісін жетілдіру, жан-жақты кәсіби белсенділігін арттыру.
    Сөз басын әдістемелік кабинет меңгерушісі Р. Камалдин бастап, Жапония еліндегі біліктілігін шыңдаған озық тәжірибесімен, өзі меңгерген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар Р. Камалдин Жапония еліндегі, шынайылық пен тазалыққа, тәрбие мен қарапайымдылыққа тәнті болғанын жеткізіп, мұндай сипаттағы құндылықтар елімізде де аса маңызға ие екенін тілге тиек етті.
    Жапония еліндегі бастауыш мектептерде кең етек алған «Lesson Study» зерттеу әдісіне ерекше тоқталып өтті. Бұл әдіс жапон еліндегі сабақтарда ұдайы қолданылатынын, педагогтар тәжірибесінде оң нәтиже беріп жатқанын нақты дәлелдермен тізбектеп өтті. Оқытудағы аталмыш әдіс әлем елдерінің білім ошақтарында да көптеп қолданылады. Оқытудың бұл әдісін Жапония елі ұзақ жылдардан бері пайдаланып келе жатқанын айта отырып, оның тиімділігі мен мақсаты — мектеп мәдениетін де қалыптастыруына сеп болатынын атап көрсетті. Жапониядағы сабақтардың аса жоғары деңгейде ұйымдастырылуында «Lesson Study» әдісі бірден-бір көмекші құрал екендігі айтылды.
    Семинар барысында аудан мектептерінде аталмыш әдіс-тәсілге зерттеу жұмысы жүргіліп жатқаны, бұдан әрі де оқу процесінде ұдайы жалғасын табатынына тоқталды. Оқытудағы жүйелілікті жандандыра отырып, нәтижелі жұмыс жасау керектігін тапсырды. Семинар барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин «Lesson Study» әдісі тек бастауыш бастауыш сынып орынбасарларымен, бастауыш сыныппен ғана шектелмей, бұдан әрі тәжірибелі мұғалімдермен де жүргізу ләзім екендігіне тоқталды. Еңбек жолына қадам басқан жас мамандарға да кәсіби жетілуге тәжірибелі әдіскерлерімен бірлесе отырып, қауымдастық құрып, көмектесетінін жеткізді. Бұл бастама әрмен қарай басқа да пәндермен жалғасын табатынын айтып өтті.
    «Lesson Study» әдісін бастауыш сынып ұстаздарының тәжірибесін дамытуға бағытталып өткізілген тағылымды семинар деуге әбден болады. Семинарға қатысушылар өздеріне қажетті кәсіби білімін жетілдіре отырып, құнды мағлұматтармен де таныс болды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.