Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
    Аймақ

    ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

    25.11.2023
    Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
    ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
    Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес,  С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында білім беру ұйымдарының логопед-дефектологтары мен мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлеріне арналған «Ерте жастағы аутизмі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
    Семинарға Түркістан облысы Білім Басқармасының «Білім беруді дамыту ортылығының» Мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш сыныптар бойынша кафедра меңгерушісі Г.Кульбаева мен инклюзивті білім беру бойынша әдіскері М.Мусабаева қатысып, инклюзивті білім беруді ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардан бастау қажеттілігін айтып, ақпарат берді.
    Бөлімнің әдіскері А.Бердіхан «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы» тақырыбында баяндама оқыды, №10 «Асыл мұра» жалпы білім беретін мектебінің логопеді А.Мұсабаева «Кохлеарлық импланты бар балалардың есту қабілеті мен сөйлеу тілін дамытудағы түзету жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында, №31«Береке» жалпы білім беретін мектебінің логопеді А.Айтжанова «Тұтықпа және оны түзету жолдары» тақырыбында шебер-сыныптар өтті.
    Семинар-практикумның мұғалімдерге берері мол болды.
    КӘСІБИ БАҒДАР-САПАЛЫ МАМАНДЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
    Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында «Кәсіби бағдар-сапалы мамандықтың кепілі» тақырыбында білім беру ұйымдарында оқушылардың қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімді жүйесін құру мақсатында кәсіби бағдар педагогтарымен семинар өтті. Семинарды бөлімнің әдіскері Г.Наржигитова бағдарламамен таныстырып, «Мамандық таңдау- адам өміріндегі маңызды қадам» тақырыбында баяндама оқыды. «Мен мамандықтар әлеміндемін» табырыбында Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің кәсіби бағдар беруші педагогі А.Полатова шебер сынып ұйымдастырды. Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектептің кәсіби бағдар беруші педагогы Н.Шарипова «Қазіргі таңда мамандық таңдаудың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
    Семинарға келген педагогтар өз ұсыныстарын айтып, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.
    МАҚТААРАЛДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
    Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес О.Бапышов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында оқытуда кедергі тудыратын факторларды айқындау, теріс әсер ететін факторларды қарастыру, оларды жою жолдарын анықтап, PISA Халықаралық зерттеуде оқушылардың білім жетістіктерін бағалау оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағыттау мақсатында «Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдарында халықаралық зерттеу PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру» тақырыбында ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтеріне аудандық оқыту семинары өтті.
    Семинарға аудан мектептерінің ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Бөлімінің әдіскері З.Куримбаева семинардың бағдарламасымен таныстырып, «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі, PISA халықаралық зерттеуге дайындық аясында мұғалімдерге қолдау көрсету» бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
    Семинар барысында қатысушыларға когнитивті дағдылар, оқушылардың нәтижелерін талдау жұмыстары, оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелері, оқушылардың үлгерім тенденциядары, оқушылардың оқу процесіне көзқарасы, оқушы даусы туралы ашық пікір алмасты.
    «ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ»
    Мақтаарал ауданы Мырзакент мектеп-гимназиясы базасында Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Е.Бигозиев информатика пәні мұғалімдерімен «Информатика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» атты аудандық ақпараттық семинары өткізді.
    Семинардың мақсаты: Информатика сабағында басқа пәндермен байланысын ашу, түсіну және көру. Информатиканы оқыту процесін анализдеуге үйрену, оның программалық және техникалық қамтамасыздығын қолдану.
    «Информатика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбы бойынша №34 Бірлік жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Абдрахманова Гаухар өз баяндамасын кеңінен түсіндіріп өз тәжірибелерімен бөлісті.
    «Ғылыми жобалар ережесі мен талаптары» тақырыбы бойынша аудандық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Қажымұқан атындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Закиров Ойбек ғылыми жобалармен жұмыс жасау жолдарын пән мұғалімдеріне үйретіп, тәжірибе алмасып, дайындық үлгілерімен таныстырды.
    КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ- ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.
    Мақтаарал ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарындағы көркем еңбек пәні мұғалімдерімен «Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдісі- тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
    Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
    БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
    Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «С.Рахымов атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары болып өтті. Семинардың бағдарламасы мен мақсаты жөнінде бөлімінің әдіскері Ж.Байтілеуова таныстырды. Семинар барысында «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбы бойынша «Үлгілі жалпы білім беретін мектебі» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сабырова өз іс-тәжірибесімен бөлісті.»Ұлттық тәрбие, ұлт болашағы» тақырыбында «М.Тоқжігітов жалпы білім беретін мектебі» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Айшағарова өз баяндамасында Ұлттық тәрбиенің алар орны жөнінде талдау жасап, жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстарның тәрбие сағаттарын енгізуге ұсыныс жасады.»С.Датұлы атындағы жалпы білім беру мектебі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Буркитова «Рухани адамгершілік білім беру мен тәрбие негізі» тақырыбында баяндама жасап, мектепте атқарылған жұмыстары, жетістіктері жөнінде баяндады.»Ұлттық құндылықтар негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу» жөніндегі баяндаманы «Мәдениет жалпы білім беру мектебі» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ботбаев баяндама жасап, Ұлттық тәрбиені баланың бойына жас кезінде сіңіре білу керектігі, ұлт болашағы жастар екендігін айтты. Сонымен бірге адам бойындағы адамгершілік құндылықтар болмаса — олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынына жөнінде тоқталды. Ұлттық құндылықтар деген ұғымның аясы өте кең, мағынасы өте терең. Семинар қатысушылардың кері байланысы мен ұсыныстарын ескере отырып қорытынды жасалды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.