Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
    Аймақ

    «ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

    24.11.2023
    Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
    «ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
    Жуырда Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназия базасында «Үздік қосымша білім беру педагогі” байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
    Байқау мақсаты: қосымша білім беру педагогтерінің, үйірме жетекшілерінің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын және шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау.
    Байқаудың I-кезеңінде: қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби қызметіндегі жетістіктерінің жиынтығы қамтылған портфолио тапсырылды.
    II-кезеңде: байқауға қатысушылар “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында замануи тәсілдерді қолдана отырып шеберлік сынып сағаттары (тәжірибелік жұмыс) көрсетілді.
    Қорытынды нәтижесінде Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогы Алдиярова Айша Қажмұханқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
    «АҚҚУ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
    Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Балалар өнер мектебі” би үйірмесінің жетекшісі Жоламанова Дина Балмагамбетовна “Қаракөз” би ансамблімен 2023 жылдың 22 қараша күні Шымкент қаласында өткен «Аққу” ІІ Республикалық би чемпионатында жүлделі бас жүлдені жеңіп алды.
    Байқау мақсаты: оқушыларымыздың жан-жақты дамып, еліміздің ертеңі — жастардың рухани кемелденіп, рухы мықты, танымы мен тағылымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.
    Сондай-ақ талай конкурстардың лауреаты атанып жүрген «Қаракөз» би ансамблінің жетекшісі ретінде де Д.Жоламанова “Үздік хореограф” дипломымен марапатталды.
    ӘНІМЕН ТАНЫЛҒАН БЕС ЖАСАР БҮЛДІРШІН
    Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылы, Ибата елді мекенінің «Мектеп Жана Икан» жалпы орта білім беру мекемесінің мектепалды даярлық тобының кішкентай әншісі Хаджиева Имана “Ақ көгершін” бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері арасында өткізілген “Көктем аруы -2023” байқауына қатысып, «Көктем аруы» атанған болатын. Одан беріде Имана, Астана қаласында өткен «Сазды ән мен жыр –Дастан» республикалық байқауының І орын, Алматы қаласында өткен республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының І орын иегері атанды. Сонымен қатар, Түркістан қаласында өткен “Атадан — мұра” қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында өткізілген республикалық «ДАРАБОЗ» байқауында І орынды жеңіп алды. Содан кейін аталған қоғамдық қордың ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен байқауға 50 пайыз жеңілдікпен арнайы жолдамасын ұтып алды. Және де Халықаралық музыкалық фестиваль «MERHABA TURKIYE» Қазақстаннан шетелге келетін өнерлі балалардың талабы мен талантын шыңдауға бағыттаған фестивалға жолдама алды.
    Әншілігімен танылып келе жатқан жас бүлдіршінімізге алдағы уақытта өнеріңмен өрлей бер, демекпіз.
    «KITAPХАН@» КІТАП ОҚУ ЖОБА САЙЫСЫ ӨТТІ
    «KitapХАН@» кітап оқу жобасының педагогтер арасындағы ІІІ айналымының 10 апталық шығарылымы өтті. Бүгінгі апталық шығарылымда Қазығұрт, Жетісай, Ордабасы, Мақтаарал, Келес аудандарының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, оқыған көркем әдебиеттерін оқырман қауымға дәріптеді.
    Нәтижесінде Жетісай ауданы, М.Маметова ат. 33 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Жанара Т.Әсемқұловтың “Бектұрсынның қазынасы” атты кітабын дәріптеп, 49 пайызбен апталық жеңімпазы атанып, айлық сайысқа жолдама алды.
    Сонымен қатар, бүгін “KitapХАН@» кітап оқу жобасының педагогтер арасындағы ІІІ айналымының 2 айлық шығарылымы өтті. Бүгінгі айлық шығарылымда Төлеби, Ордабасы, Шардара, Сауран аудандарынан жалпы педагогтер қатысып, оқыған керемет көркем әдебиеттерін оқырман қауымға жеткізді.
    Нәтижесінде Шардара ауданынан Мажитова Салтанат жүлделі ІІІ орын, Сауран ауданынан Садыбекова Ұлжан, жүлделі ІІ орын, Ордабасы ауданынан Алимкулов Нұртас жүлделі І орынды иеленіп, айлық жеңімпазы атанып, жылдық сайысқа жолдаманы қанжығасына байлады.
    Жеңіс құтты болсын!
    «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БІРІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ
    «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатының бірінші жарыс күні өтті.
    Облыс оқушылары 29 құзырет бойынша жарыс алаңдарында өз жұмыстарын көрсетті.
    Чемпионатқа бірінші күні көрермен ретінде 2500-ден астам адам келді. Қонақтар қатарында астаналық колледж студенттері, мектеп оқушылары, сондай-ақ ТМД елдерінен келген жұмыс берушілер, кәсіпорындар мен демеушілер өкілдері бар.
    Естеріңізге сала кетейік, чемпионатқа қатысушылар 30 құзыреттілік бойынша “Үздіктің үздігі” атағы үшін бақ сынайды.
    Жарыс жеңімпаздары 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияда өтетін халықаралық чемпионатына жолдама алады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.