Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОТЫРАРДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Аймақ

ОТЫРАРДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

23.11.2023
Отырар ауданына қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде ауыл азаматтарының демеушілігімен жаңа спорт алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов арнайы қатысып, ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген жандарға шынайы алғыстарын жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Ауылына қарап азаматын таны»,- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Киелі Отырар ауданының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан шыққан ел ағаларының туған жеріне деген ыстық ілтипаты мен адал еңбегінің арқасында деп білемін. Бүгінгі спорттық нысан ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болады деген сенімдемін»,- деді.
Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы туған елдің дамуына қызмет ету әрбір азаматтың парызы екенін айтса, Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова мен жақында ғана ел чемпионы атанған «Ордабасы» клубының команда капитаны Бауыржан Исламхан халық денсаулығын жақсартуда спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті. Ардагер, Социалистік Еңбек Ері Оңалбек Бегалиев демеушілік жасаған ел жастарына ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ, бокстан жастар арасында Әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіп ауыл жастарының арасынан ел чемпиондары шығатынына сенім білдірсе, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов пен батагөй абыз ақсақал Бекбатыр Айменов ізгі тілегін айтып, ақ батасын берді.
Жиында ауданның жас ақыны, республикалық, облыстық айтыстардың жеңімпазы Дәурен Ақсақалов елдің қуанышы мен алғысын өлеңіне арқау етіп, ел азаматтарына деген арнауын әсерлі жеткізді.
Жаңа нысанның лентасы қиылып, шараға келген қонақтар жаңа спорт алаңын аралап көрді. Алаңда Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншылары Бауыржан Исламхан, Абылайхан Жұмабек және Мұхаммеджан Сейсендер ала доп ойынынан «Мастер класс» өткізіп, футбол жанкүйерлеріне ойынның негізгі әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Одан әрі 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтіп, сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.