Автор: ais_media

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Еңбекші» жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман — ертеңгі білікті ұстаз” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен аудандық оқу әдістемелік семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева және аудан мектептерінің жас мамандары қатысты. Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдері тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру. Іс-шара барысында “Мектептегі мұғалім көшбасшылығы-жас ұрпақ болашағының негізін қалайды”, ”The use of information technology in the independent study of a…

Read More

Түркістан Оқушылар сарайында Қазақ мәдениетінің, руханиятының қара нары, халқымыздың ұмыт болған ұлттық мәдениеті мен әдеп-ғұрпын қайта түлеткен белгілі этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 92 жылдығын атап өту мақсатында «Өзбекәлі Жәнібек — ұлттық руханият айнасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға елімізден және Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан сияқты елдерден ғалым, профессорлар мен мұғалім, студенттер қатысып, баяндамалар жасалды. Мақсат – этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оның ел үшін еткен еңбектерін жаңғырту. Өзбекәлі Жәнібеков Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Десе де әкесімен,…

Read More

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық, Бірінші Мамырда – 900 орындық жаңа мектептердің жобалары ұсынылды. Келесі жылы үш мектеп пайдалануға берілсе, ал 2025 жылы бір мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Аудан басшысы Төлеген Телғараев Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде құрылысы басталған нысанның жұмысымен танысып, мердігер өкілдеріне сапалы және уақытылы…

Read More

Түркістан облысы Білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес, Кентау қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Cаналы ұрпақ –ұлт болашағы» тақырыбында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Облыстық семинарға Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі К.Б.Нармухамедова, әдіскерлері Р.Т.Басқараева, Ғ. Сагидуллаевна, аудандық білім бөлімінің тәрбие, психология саласының әдіскерлері, тәрбие орынбасарлары,педагог-психологтары,әлеуметтік педагогтары қатысып тәжірибе алмасты. Семинарда Кентау қаласының тәрбие саласына жауапты мамандары жаңа форматта дуэт сабақ, диалогтық алаң, ашық тәрбие сағат,ток- шоу өткізді. Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық…

Read More

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты,» Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Мақсаты:Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. Ұлттық құндылықтар- біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде мектептің алар орны ерекше. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұратбек қатысты 6″ә» сынып жетекшісі Турысбекова Анар » Мейірімділік — ізгіліктің жолы» тақырыбында тәрбие сағатын,5″а» сынып жетекшісі Сығалаева Құрманай» Адамгершілік- басты адами қасиет»атты тәрбие сағатын,11″а»сынып жетекшісі Калмагамбетова Жанна «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі»…

Read More

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлтусын Мұратбектің ұйымдастыруымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психологтармен «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталықтарының» жұмысын жүргізу әдістемесі туралы семинар өткізілді. Семинарда орталықтың жұмысын жүйелі ұйымдастырудың жолдары, әдістері қарастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Ордабасы ауданы білім бөлімінің №267 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылған. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған болатын, қайта еске түсіріп, таныстырылды. Орталықта ата-аналарға педагогикалық дәрістер, балалармен қарым-қатынаста…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданы, «Ақжайық» музыка мектебінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» жөніндегі декомпозицияланған жоспарына сәйкес, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты облыстық слеті өтті. Шараның мақсаты – білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тұтастықты қалыптастыру, «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына жастарды, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз ету. Қатысушы топтар өздерін толық таныстырып, атап айтқанда өз-өнерлерін көрсетіп, «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты…

Read More

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бүгінгі мақсат – әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан-жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауда. Ал, Сайрам «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларға кәсіптік бағдар беру жобасы аясында бала бойындағы бейіні, қабілеті, қызығушылығына қарай мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді, алғашқы жұмысшы мамандығын меңгертеді. Құрметті ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатыгездікке, жомарттық – тоғышарлыққа, адалдық – арамдыққа,…

Read More

Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында математика пәнінен «Математикалық сауаттылық тапсырмаларындағы болжам стратегиясының тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мақсаты: Білім алушылардың математикалық сауаттылықтан үздіксіз алған білімдерін өмірде пайдалану. Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан «Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» математика пәні әдіскері Т.Усенов және Сайрам ауданы білім бөлімі математика пәнінің әдіскері А.Жайлаубаева, №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясының директоры Ұ.Оразбаева семинардың өту барысымен таныстырып, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімі Оразхан Жасұлан «Геометрия» пәнінен 7 сынып оқушыларымен «Сыбайлас және верикаль бұрыштар, олардың қасиеттері»; Төлеби ауданы, Л.Тәжібаев ШЖЖББМ, Мырзакерім Дархан Еркінбекұлы 7 сынып…

Read More

Жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуға тәрбиелеу. Ата-аналардың мұғалімдермен ынтымақтастық аясын кеңейту, бірлесіп жұмыс жасауға шақыру, бала тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер мен идеялармен алмасып, сол арқылы күнделікті бала тәрбиелеуде қолданатын тәсілдердің ықпалын күшейту. Ата — ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата — ана екенін түсіндіру мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог психологы Айтбаева Айнур Турдалиевна және…

Read More