Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ФОРУМ: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ШЕБЕРХАНАСЫ»
    Аймақ

    ФОРУМ: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ШЕБЕРХАНАСЫ»

    22.11.2023

    Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

    ФОРУМ: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ШЕБЕРХАНАСЫ»
    Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты.
    Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
    Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді.
    Мақсат — бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін дамыту.
    Форум соңында облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
    МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
    Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатында «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» атты аудандық мектеп кітапханашылары арасында семинар өткізілді. Кітапханашыларға арналған семинар кітапханашылардың жұмысын одан әрі жақсартып, дамытып, ақпараттық-байланыс технологияларды жетілдіру үшін арнайы ұйымдастырылды.
    Семинарды білім бөлімінің әдіскері Манат Жақсыбаева жүргізді.
    Семинарға қатысқан 30 кітапханашыны кәсіби, төл мерекелерімен құттықтап, білім бөлімі басшысының мадақтау қағаздарымен марапаттады. Әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, интернетті — балаға кітап оқыту мақсатында қалай тиімді пайдалануға болады,- деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар туралы сабақтар өтті.
    Қазіргі таңда балаларға кітап оқыту өзекті мәселеге айналды. Сондықтан, баланың кітапқа деген қызығушылығын оятудың түрлі жолдарын қарастырып, оны дұрыс қолдана білуіміз қажет. Бүгінгі өткізілген семинардың басты мақсаты да сол, кітапханашылардың біліктігін жетілдіру. Заманауи оқырман талабына сай сапалы қызмет көрсету және ақпараттық медианы дамыту болып табылады.
    ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
    Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Ерімбет Рауан ағымдағы жылдың 25 қазан күні Грузия мемлекеті, Тблиси қаласында унифайттан өтетін Әлем чемпионатына аттанған болатын.
    Үкілеп қосқан үмітіміз ақталды! Ел намысын қорғап әлем чемпионатында жүлделі II орынды иеленген Рауанның алар асуы әлі алда. Жастайынан спортты жанына серік еткен жерлесіміз плдағы уақытта да ел абыройын асқақтата берсін деген тілегіміз бар.
    ҒАЛЫМЖАН СҰЛТАНБЕКҰЛЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ІС-САПАРДА
    Басқарма басшысы Арыстағы сапарын Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінен бастады. Жаңа типтегі мектеп 2008 жылы пайдалануға берілді. Пайдалануға берілгеннен бері бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген мектептің жай күйімен танысты. Ғимарат қатты отынмен жылынады. Сондай-ақ, білім мекемесі арнайы күзетке қосылған. 16 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
    Басқармасы басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Арыс қаласындағы сапарын Жиделі жалпы білім беретін мектебімен қорытындылады. 1991 жылы салынған ғимарат ыңғайластырылған типте салынған. Білім ошағы қатты отынмен жылытылады. Қорда 200 тонна көмір бар. 1-4 сынып оқушыларынан 158 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Аралау барысында басқарма басшысы білім ұясының спорт залын тілге тиек етті. Ескірен спорт залын жаңарту бойынша жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.
    БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БАЛАБАҚША ЖҰМЫСТАРЫН НАЗАРҒА АЛДЫ
    Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Арыс қаласы Жиделі ауылында орналасқан «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына арнайы барды. Типтік ескі ғимарат балабақша ретінде 2006 жылы пайдалануға берілген. Одан бері бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Басқарма басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін балабақшаның ескірген терезелері толықтай жаңарады. Келесі жылы жаздан бастап күрделі жөндеуден өтеді.
    Облыстың бас ұстазы “Баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету балабақшадан басталады. Тозығы жеткен балабақшада балалар тәрбиеленбеу керек. Қауіпсіз,жайлы, таза ғимаратта бүлдіршіндеріміз тәрбие алу керек. Сондай-ақ, аталмыш бөбекжайда балалар алаңқайы да талапқа сай емес, ескірген. Жөндеу жұмыстары кезінде барлығы жаңаруы тиіс” , — деп жауаптыларға нықтап тапсырма берді.
    Расында да облыстың бас ұстазы балабақшаның жұмысымен танысу барысында бірқатыр олқылықтарды көрді. Типтік балабақша 1988 жылы пайдалануға берілген. 1988 жылдан бері бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Үш топтан тұратын бөбекжай үйінде 70 бала тәрбиеленеді. 2 қабатты ғимарат қатты отынмен жылытылады. Ауыз су орталықтандырылмаған. Кәріз, жылу жүйесі тозған, ішкі әжетханасында мәселе бар, есік- терезелері ескірген, Шатыр, қабырғалары,едені, бөлмелері, асханасының да тозығы жеткен.
    БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ
    Апта басы Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының төрағалығымен аппарат жиыны өткізілді.
    Жиынға басқарма басшының орынбасары мен жауапты бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 5 тақырып қаралды.
    Бірінші кезекте бала қауіпсіздігі бойынша сөз қозғалды. Дабыл батырмаларының кешенді жұмыс істеуін назарға алып, бейнебақылау камераларының жұмысы пысықталды.
    Сондай-ақ, балабақшалардың жаңа орындарға мемлекеттік тапсырыс алуы — басқарма басшысының басты назарында. Бұл жайында Ғалымжан Сұлтанбекұлы жауапты мамандарға тапсырма берді.
    ОТЫРАР: «KITAPХАН@» ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ
    «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «KitapХАН@» кітап оқу жарысы өткізілді. Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп — гимназиясында жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу орынбасарлары арасында өткен кітап оқу сайысының негізгі мақсаты — кітап оқу дәстүрін педагогтер арасында жалпы сипатқа айналдыру, оқушы мен мұғалімдерге үлгі болу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, кітап оқу арқылы – жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін дамыту, қоғам арасында педагог мәртебесін және мұғалімнің жұмыс тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
    Ғалымдардың зерттеуі бойынша кітаппен дос болу адам баласының ми, ойлау жүйесінің белсенділігін арттырып қана қоймай, оның өмір жасының ұзақ болуына да септігін тигізетін көрінеді. Қазіргі қоғамдағы оқырман белсенділіктерін арттыру, оқуға құзыреттілік деңгейлерін дамыту мақсатындағы өзін-өзі (кәсіби, жеке) дамытуы негізінде кітап оқу дәстүрін қолға алған оқу орынбасарлар: Ш.Қалдаяқов мектебінен Үмбетова Маржан Т.Әлімқұловтың «Қара ой», «Темір» мектебінен Омар Аманкүл Т.Әбдіктің «Оң қол», «Көкмардан» мектібінен Халық Ринат С.Елубаевтің «Ақ боз үй», Абай мектебінен Әбдіқадірова Баян Д.Исабековтің «Қарғын», «Ергөбек» мектебінен Сеңгірбеков Қасымхан Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» атты шығармаларын таныстырып, өз ойларымен бөлісті. Оқу орынбасарларымен кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілген кітап оқу сайысының жылдық кезеңіне Абай мектебінен Әбдіқадірова Баян жолдама ұтып алды.
    Көзі қырағы, зейінді оқырмандарымыз көбейе берсін!
    ТӨЛЕБИДЕ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
    Ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының Төлеби ауданы бойынша іріктеу кезеңі үш мектептің базасында өтті.
    Олимпиаданың аудандық кезеңінде 41 мектептің 8 сыныбында білім алып жүрген 642 оқушы кешенді тест тапсырды. Тестілеу кезінде білім алушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық, кеңістіктік ойлау қабілеті, оқу сауаттылығы бағаланды.
    Тестілеу нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушыларға олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама берілді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.