Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?
    Аймақ

    Қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

    21.11.2023

    Қазіргі кезде ұл-қызының жоғары оқу орнына түсуін тілеп, тақымын қысып отырған ата-ана көп. Жылда жаз мезгілімен қабаттаса келетін ҰБТ науқаны 11-сыныпты ғана емес, 10-сыныпты бітірушілерді де ойландыра бастады. Уақыт өткен сайын мамандықтар тізімі өзгеріп, кейбір мамандықтар мүлде жойылып жатыр. Деректерге сүйенсек, әлем бойынша 50 мыңға жуық мамандық бар. Мамандық таңдау ісінде жасөспірімдер түгілі, соларға жол көрсетіп отыратын ата-аналар да қателесіп жатады. Мамандық таңдауда кез келген талапкер өз қабілетін анықтайтын тесттен өткені абзал. Алайда, елімізде баланың қабілетін зерттейтін орталықтар жоқтың қасы. Ал, шетелдерде бұл салада арнайы зерттеу институттары жұмыс істейді. Бүгінгі күнде жастар қандай мамандық сұранысқа ие екенінен бейхабар. Керек десеңіз, кейбір мамандықтар туралы мүлде естімеген де.

    Мәселен, профориентолог дейтін мамандық бар. Бұл мамандыққа соңғы уақыттарда сұраныс жоғары. Профориентолог – мамандық таңдауға немесе мамандығын ауыстырғысы келетіндерге көмектесетін кәсіби маман, кәсіптік бағдар беруші. Ол баланың қабілетіне, психологиялық портретіне, мінез-құлқына сай келетін мамандықты табуына көмектеседі. Профориентолог арнайы консультация, тест өткізу және оқушымен жұмыс істеу арқылы бағдар бере алады. Бізде мұндай мамандықтың барын көпшілік біле бермейді. Соңғы кездері әр мектепте психолог сияқты, профориентолог маман да жұмыс істеу керек деген ереже енгізілгелі бұл маманға сұраныс арта түскен. Баланы дамыту орталықтары, жекеменшік ҰБТ-ға дайындау орталықтары арнайы профориентолог маманмен тығыз байланыса отырып, әр баламен жеке-дара жұмыс жүргізуде. Біздің елімізде бұл мамандық ешқандай жоғары оқу орындарында кәсіби түрде оқытылмайды. Сондықтан олар өз бетінше онлайн курстарды немесе шетелдің курстарын оқып, тәжірибелерімен бөлісуде.
    10-11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлайтын «DOSTYK SCHOOL» жекеменшік мектебінің профориентологы Саламат Рысқұловтың айтуынша, қазіргі кезде ата-аналар балаларының болашағына бей-жай қарамай, оларға таңдау еркіндігін беріп, мамандығын айқындайтын арнайы тест тапсырушылар қатары көбейген.
    – Әлеуметтік желі арқылы адамдар бір-бірімен ақпарат алмасып, мамандарды тауып жатады. Менің бір байқағаным, жоғары сыныпта оқитын оқушылардың дені «Болашақта кім болам?» деген мәселеге бас қатырмайды. Ата-ана да солай. 17-18 жасар ұл-қыздарын ертіп келген ата-аналар да баласының қандай мамандыққа қабілеті бар екенін білмейді, сөйлеспейді де екен. Біз бір ғана консультациямен шектелмей, баланың жан дүниесіне үңіліп, әңгімеге тарта отырып, тест сұрақтарымен бірнеше қабылдаулар ұйымдастырамыз. Соңында ата-ана бағыттаған мамандықпен ешқандай байланысы жоқ бала өзінің бойындағы қарым-қабілетінің арқасында болашақ мамандығын өзі таңдайды. Жалпы, мамандық таңдауға баланы кішкентай кезінен бастап, мәселен 7-сыныптан бейімдей бастаған дұрыс. Байқасаңыз, кәсіби мамандандырылған спорт, өнер, «Дарын», НЗМ, ҚТЛ мектептері 6-сыныпты бітіргендерден байқау тестін алады. Математика, жаратылыстану немесе гуманитарлық, өнер, спорт, тағы басқа салалардың қайсысына қабілеті жоғары, әрі қарай соған қарай баулиды. Яғни осы жасқа келген кезде бала өз қабілетін өзі де аңғарады, ата-анасы, ұстаздары да байқап, сол бағытта оқыта бастайды, – дейді Саламат Саматұлы.
    Сондықтан да, бала егер бір салаға бейім болса, 6-сыныпты бітіргеннен кейін оны арнайы мектептерде оқыту маңызды. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей, арнайы мектептерге түсіп кетсе, кәнекей!? Алайда, атаулы білім ордаларында орын шектеулі болғандықтан, көп ата-ана баласының білімін шыңдау үшін онлайн, оффлайн курстарға беруге мәжбүр. Баласының болашағына алаңдайтын кез келген ата-ана баласының қабілетін 7-сыныпта анықтай алмаса, міндетті түрде 9-сыныпқа келгенде болашақ мамандығын нақты білу керек. Әрине, сол кезде профориентологтар ол мамандық қайда оқытылады, қандай бейіндік пән тапсырады, қанша грант бөлінеді, болашақта қандай жұмыс істей алады және қанша табыс таба алатыны туралы толық мәлімет алуға көмектеседі. Жоғарыда айтқанымыздай, баладан жан-жақты тест алу, сұхбаттасу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Профориентолог талапкерге нақты бір мамандықты таңда деп айтпайды. Балаға мүмкіндік бере отырып, мамандық таңдауға көмектеседі. Елімізде 200-ге жуық мамандық бар. Солардың арасынан өзіне сай келетін 3-4 мамандықты ұсынып, психологиялық көмек береді, балаға таңдау
    жасатады.
    «Өмірде екі нәрседен жаңылыспау керек» дейді үлкендер. Оның бірі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау. Бірақ, кейде өмірлік нанын жейтін мамандық таңдауды мектеп бітірудің соңғы апталарында ғана таңдап жататын жағдайлар да кездеседі. Қай мамандыққа грант көп бөлінген немесе қай қалада талапкерлер аз деп жүретініміз де жасырын емес. Содан барып, жоғары оқу орындарында ілініп-салынып жүріп әрең оқып, ақыр аяғы оқудан шығып қалатын оқиғалар да бар. Сондықтан да кәсіби маманға жүгіну, әсіресе, баласы 10-11-сыныпта оқитын ата-аналарға үлкен көмек. Бала – біздің болашағымыз. Ал, сол болашағымыз – баламыздың мықты маман болып шығуы үшін оның қабілетіне қарай инвестиция құйсаңыз, қайтарымын еселеп көретін боласыз.
    А. ЖАХИЯҚЫЗЫ.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.