Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

    21.11.2023
    Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, тәжірибелі педагогтардың ашық сабақтарына қатысумен жалғасын тапты.
    Семинардың алғашқы сабағын мектептің математика пәні мұғалімі, тәжірибелі, білікті маман Ақтолқын Сейсенова «Жәй бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында көрсетсе, Жанар Пазылбекова «Конбинаторриканың негізгі ұғымдары мен ережелері» атты сабағын, Марат Асылбеков пен Замира Абдуллаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту интеллектуалды ойындар арқылы жаңа технологияны пайдалану» тақырыбында шебер сағатын, Шоира Давлетова мен Айсұлу Сулейменова «Альфа ұрпақтың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында коучинг сабағын ұсынды. Бұл тәжірибе алмасу семинарына қаламыздың өзге де математика пәні мұғалімдері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Бапсұлтан Рысбай «Кеңістіктегі фигуралар. Тетраэдр, куб, параллелепипед» тақырыбында, Ө.Жәнібеков атындағы №27 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Динара Абдуллаева «y(x функциясы, оның графигі және қасиеттері» тақырыбында сабақтарын жүргізді.
    Семинар қорытындысы бойынша басқосу өткізіліп, қатысушы педагогтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін, пәнді оқытуды дамыту бойынша өзекті ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, сабақтар барысында тың ақпараттар айтылып, әртүрлі әдіс-тәсілдер жүргізіліп, жақсы көңіл-күй сыйлағанын тілге тиек етті.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.