Автор: ais_media

Ерғазы Дәулет Мақсатбекұлы Ж.Тәшенов атындағы N23 IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жас маман. Жас ұстаз болса да мектеп және қоғам жұмысына белсене қатысып, нәтижелі еңбегімен ұжымда елене бастады. Ол алдыңғы жылдары ағылшын тілінен Республикалық ғылыми жоба сайысына оқушы дайындап, қалалық кезеңінен 1-орынға ие болса, былтырғы жылы облыстық ғылыми жобадан дайындаған шәкірті 11 «б» сынып оқушысы Дариға Айсекенова 2-орынға ие болды. Сонымен қатар «Дарынды ұрпақ-ел болашағы» жобасы аясында белсенді қатысып жобасы сәтті өтіпті. Оқушыларымен бірге «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының облыстық кезеңінде 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас маман Дәулет Ерғазы студент кезінен-ақ, шәкірт дайындау жұмысына қатыса бастаған.…

Read More

Өз қатарластары мен мұғалімдер арасында сүйінші хабарды есіткеннен Азамат туралы: «АЗАМАТ МЫҚТЫ! ОЛ ЕНДІ «СӘЛЕМ, ТҮРКИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ БАРАДЫ!» деген ақжолтай сөздер айтылып жатты. Иә, ол сөз рас. Жақында Шымкент қаласында «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты — елдегі көрінбей жүрген өнерлі өрендерге қолдау білдіріп, әлемге таныту. Осынау дүбірлі додаға Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларынан, тағы басқа облыстардан, аудандардан дарынды жастар қатысып, өнер түрлерінен бақ сынасты. Мұнда киелі Сайрам елінің жеткіншектері де өнер көрсетті. Байқауда Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №61 Сүйерхан Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінің…

Read More

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Республика күніне орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында облыстық апталық өтті. Апталықтың екінші күнінде Арыс, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт аудандық балалар кітапханаларының кітапханашылары белсенді атсалысып, «Қазақстан – Кеше! Бүгін! Кітаптар сөйлейді!» атты кеңейтілген кітап көрмесін жасақтады. Кітап көрмесінің ашылу салтанатын кітапхана директоры Ақмарал Асанқызы ашып, қайта жаңғырған тарихи маңызы жоғары…

Read More

25 қазан — Республика күні қарсаңында бірқатар ұстаз марапатталды. Марапат мерейді өсіреді деген осы шығар. Республика күні мерекесі қарсаңында Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №13 А.Навой атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстаздары еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, бала тәрбиелеу, кемелдендіру мақсатындағы еңбектері үшін Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапаттарды «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайым Г.Тлеубердиева табыстады. Іс-шарада сөз сөйлеген кәсіподақ төрайымы ұстаздарды 25 қазан — Республика күні мерекесімен құттықтады. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді алдағы келе жатқан еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін танытатын, мемлекеттің құрылу тарихын сипаттайтын күн. Былтыр Мемлекет…

Read More

25 қазан — Республика күніне орай «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы төрайымы Гульнара Тлеубердиева МКҚК «Ақ қайың» бөбекжай бақшасына арнайы келіп, ұжымды Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаеваның және «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы төрайымы Г.Тлеубердиеваның Алғыс хатымен марапаттап, кәсіподақ атынан сый-сияпаттар табыстады. «Білімді, жан-жақты, қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сондықтан бүгінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып отыр. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы десек, осы балабақшаның жүрегі-сіздер, тәрбиешілер! Бүлдіршіндерге бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы, сіздерсіздер! Еліміздің ертеңі- өскелең ұрпақтарымыздың болашағына, тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, маңызды…

Read More

25 қазан — Республика күніне орай «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы келіп, талай жылдар білім саласында қажырлы еңбек еткен Байгонова Раушан Байсбаевнаны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттады. ​Байгонова Раушан Байсбайқызы 1959 жылы 1 маусымда Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Подгорное елді мекенінде өмірге келген. Білімі жоғары. 1977 жылы «Коммунизм» орта мектебін бітіріп, 1979 жылға дейін «Коммунизм» колхозында еңбек етті. 1982 жылы Пахтаарал совхозтехникумын қызыл дипломмен бітіріп, 1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтінің ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетіне оқуға түсті. 1987 жылы аталған институтты бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. 1987 жылы…

Read More

Ұлттық сусынымыздың емдік қасиетін насихаттай отырып, робототехниканың мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалану мақсатында Түркістан облысы Төлеби ауданындағы  Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек ұстазы, информатика пәнінің мұғалімі Лаура Жақсыбекованың көмегімен «Асылбек» деп аталатын қымыз құйғыш робот жасады. — Мұғалімнің басты мақсаты шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Оқушының бойына  пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс тәсілдерді сабақтарында қолданады. Жалпы идея окушының информатика сабағына қызығушылығынан туындаған дүние. Жобаның өзектілігі жас ұрпақты робототехникаға баулу. Оқушылардың робототехника саласы бойынша роботтар құрастыруға қызығушылығын арттыру мақсатын көздеген жоба робототехника саласын дамыту арқылы балалар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын сыйлау және…

Read More

Түркістан облысы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Берікбай Ақмарал Серікбайқызы мектеп мақтанышына айналған оқушы. Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс — әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте…

Read More

Кезінде Шоқан Уәлиханов «Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек», – деген екен. Шындығында Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық мектептеріміздің іргесі көтеріле бастады. Кеңес кезінде де білімге жақсы көңіл бөлінді. Алайда, аса қажетті кітаптардың дені орысшадан аударылатын. Қазір елімізде электронды кітаптар да көптеп шыға бастады. Үнемі ізденіп білімін талмай жетілдіріп отыратын ұстаздардың орны қашанда төрде. Мектеп тарихы-ел тарихы. Мектеп –қоғам өзгерістерінің тікелей көрінісі. Сол көріністің көшбасшысы. 1950-1951 жылдары мектеп қазақ-өзбек бастауыш мектебі болып ашылды. Балаларды Омаров Саруархан деген кісі оқытады. 1955 жылы 9 колхозды біріктіріп, «Коммунизм» колхозы құрылады. 1956 жылы өзбек балалары Калинин (қазіргі Хамза) атындағы…

Read More

Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа елді мекенінде орналасқан «Green school» инновациялық жайлы мектебінде мектеп басшылығының ұйымдастыруымен «Білім көрмесі» өтті. Көрме мақсаты: оқушылардың алған теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын көтеріп, білім мен ғылымға деген махаббатын ашу, жас ғалымдар мен өнертапқыштарды тәрбиелеу. Көрмеге 1-11 сынып оқушылары толық қатыстырылып, физика, математика, логика, информатика, BILIM.IQ, химия, биология, география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, кәсіби бағдар, қаржылық сауаттылық, психология, бастауыш сынып пәндерінен жобалар жасады. «Білім көрмесі» 8 сынып оқушыларының жасаған ракетасын аспанға ұшырумен бастау алды. Көрмеге аталған мектептің физика пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен 4 ракета жасап шығарылды. Оқушылардың…

Read More