Өтеева Сара Абдрахманқызы 2000 жылдан бері Кентау қаласының «Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек етіп келеді. Ұстаз! Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын. Тек, ұлтым деген ұстаздар шәкірт санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйса ғана келешегіміз кемел. Иә, кәсіби білікті, нағыз ұлтжанды ұстаздар ғана намысшыл ұрпақ, білімді оқушы тәрбиелесе, ол – мемлекетшіл тұлға қалыптастырудың алғышарты. Өзгелерге үлгі бола білген, тәжірибелі ұстаз, мықты маман Сара Өтеева талай білімді шәкірт тәрбиелеп келе жатқан тәжірибелі ұстаз.Ұзақ жылдар бойы аталған мектепте қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылдар Сара Абдрахманқызы үшін…
Автор: ais_media
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу. Білім ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша отырыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды пилоттық жобаның маңыздылығын атап өтті. – Бүгінгі жиын облыстағы білім саласында бұлтты бухгалтерия бағдарламасын ендіру мақсатында ұсыныстар…
«Ұстаз» десе, тек шәкірттерге ғана білім беретін мамандарды елестететініміз жасырын емес. Негізі ұстаз – әр салада, әр жас маманға қажет. Ең алғаш мектеп табалдырығын ұстаз болып аттаған кезімде, бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отыратын аға ұстаз әріптесім – Рая Жұмаханқызы Пірімбетова болатын. Жарасымды әзіл-қалжыңымен, айналасын дәмді әңгімесімен үйіріп әкететін Рая апай, сабақ барысында оқушылары ұйып тыңдайтын. Балаларға қызықты, көңілді, жеңіл әдістерімен жаңа сабақты оңай түсіндіре білетін. Оқушылардың көріп қабылдайтын қасиеттерін басты назарда ұстап, үнемі көрнекіліктер мен ереже жазылған плакаттарын көтеріп жүретін. Бізден де соны қатаң талап етіп, қай тақырыпты өтсек, сол тақырыпқа қатысты сұрақтар мен мысалдарды тым болмаса…
Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін білім саласына, ұрпақ тәрбиесіне арнаған Мырзахмет Сарманов есімі ел тарихында қалатын асыл тұлғалардың қатарында. Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы, көрнекті ұстаз болған оның есімі бүкіл түркістандықтарға белгілі болды десек те болады. Ұстаздық еңбек жолында Мырзахмет Сармановтың атқарған істері ұшан-теңіз. Ол басқарған, қызмет жасаған мектептің жұлдызы әрдайым жарқырап жанып, тәрбиелеген шәкірттері биік белестерді бағындырып көптеген жетістіктерге жетті. Өйткені, ол парасатты да әділ басшы, жан-жақты білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, алыстан ойлайтын алғыр да ардақты жан еді. Өмірінің 50 жылын білім саласына арнаған, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Мырзахмет Сарманұлы 80 жастан асқан шағында өмірден озды. Сарманов Мырзахмет 1941 жылы мамырдың…
Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы жалпы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қатира Шалаевамен ұстаздық жол, қоғамдағы мұғалім беделі, оқушының әлемі туралы сыр-сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Қатира Шалаева 1988 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, кейін жоғары біліктілік алған тәжірибелі ұстаз. Оқушылары Республикалық, Ұлттық зияткерлік олимпиадаларының жүлделерін иеленген үздік балалар. Қала деңгейіндегі семинарларда озат тәжірибесімен бөлісіп, үлгілі ашық сабақтарын өткізіп жүрген тәжірибелі мұғалім. «Соңғы жылдары мұғалім беделі түсіп кеткен болатын. Көп жылдар әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын қоғамдық жиындарды өткізуге мұғалімдер тартылатын. Көше кезіп, үй аралау, тұрғындардың есебін алу, сайлау қағаздарын тарату сынды бейнеттен арылмадық.…
Біздің тілге тиек еткелі отырған кейіпкеріміз ерекше жан – ұстаз әрі ана. Енді бір сөзбен айтқанда мейірімі жан-жағына өз шуағын төккен Гүлжан Әсілбайқызы туралы. Әр адамның дара болмысы балалық шақтан басталары анық. Онда ұлы армандар бүр жарып, не бір тәрбиенің құшағында балқып, рухани тұрғыдан түлеуде қабаттаса басталмақ. Осы бір ерекше кейіпкеріміз арыстанды қарабастың желі ел арасында аңызға айналған Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында елге сыйлы заман ағысына қарай ауыл аймақтың таңдана қарап, үлгі тұтатын, ел ісіне белсене араласқан Ақша әженің, Әсілбай қария мен Жанбике ананың жанұясында 1942 жылы өмір есігін ашыпты. Бала жастан Ақша әженің ықпалы мен тәрбиесі ерекше болған. Өйткені…
«Әкең өлсе де әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деп дана халқымыз қалай дөп айтқан. Шынында, әкеңнің көзін көргендерді көргенде, әкең тіріліп келгендей сезімде болатының рас. Өйткені, олар әкең туралы жақсы әңгімелер, жақсы естеліктер айтып, өткенді еске салады. Осының өзі әкесі өмірден өткендерге үлкен күш-қуат беретіндей… Мырзахмет Сарманов қария әкем жайлы жақсы естеліктерін айтып отыратын… Беу дүние-ай! Өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жас ұрпақтың адал, жалқаулықтан алыс, жақсылыққа жақын болуларын тілеп, Отанын, елін, жерін сүйер азаматтар көп болса екен деген тілегін айтып, ақ батасын беріп отыратын өнегелі қария, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан ізгі жан туралы естелік жазып,…
Бүгiнгi әңгiме әріптес әпкеміз туралы өрбiмек. Ұлдаш Санаубекқызы Жәнiбекова Түркiстан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищенi 1977 жылы бастауыш сынып мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Алғашқы еңбек жолын қаламыздағы Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебiнде мұғалiм қызметiнен бастаған. Ұстаздық ете жүрiп, Шымкент педагогика институтына сырттай оқуға түсiп, 1985 жылы филология факультетiнiң қазақ мектептерiндегi орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Жастайынан журналистика саласына құмартып өскен Ұлдаш жергiлiктi «Коммунистiк еңбек» («Түркiстан») газетiне мақалалар жазып тұрған. Мақала жазуға әуесқойлығының арқасында 1994-1998 жылдары «Түркiстан» газетiнде қызмет атқарған. Ал, 1999-2011 жылдар аралығында Ататүрiк атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалiмi қызметiнде, 2011 жылдан бастап М.Мұса атындағы жалпы…
Бұл инновациялық білім беру платформасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылардың назарын өзіне аударуда. Осы жылдар ішінде оқушылардың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) алдындағы сенімсіздік пен толқу сезімдерін аз да болса жеңуге көмектесетін сенімді серіктеске айналды. «MEKTEП OnLine» жобасы ұйымдастырушыларының арқасында оқушылар осы платформа арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге көмектесетін мүмкіндікті тапты. Үш жыл көлемінде «MEKTEП OnLine» жобасы оқушылардың қазақ және орыс тілінде білімдерін шыңдап, шабыт беретін көмекшілеріне айналды. Түлектерді әңгімелерінде осы платформаның ҰБТ-ға дайындықтағы маңыздылығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды. 11-сынып оқушыларының бірі өз тәжірибесімен бөлісті: «Алда барлық түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Мен бұл тестілеуге 10 және 11 сынып бойы дайындалдым, бірақ бәрібір алаңдаймын.…
Күллі Дешті-Қыпшаққа даңқы асқан жауынгер жырау Доспамбет отызға толмаған шағында Астрахань түбіндегі қанды ұрыстың бірінде қаза табады. Жарық жалғандағы соңғы сапарына аттанғалы жатқан Доспамбеттің қаралы хабарды қайран жұртына жеткізушілерге қарата айтқан «Озушылар, озмаңыз!..» деп басталатын толғауы: Бұрынғылар түскен жүрі жол Бұрылып соған түсті дегейсіз!..- деп аяқталатын еді. Кеудедегі соңғы үміттің солатын, соңғы демнің сөнетін сәтін бұдан артық қалай түсіндіресіз?! Немесе адам ғұмырымен өзектес екітүрлі егіз сапардың біріншісі соңына таяғанын дәл осылай байсалды баяндайтын қандай сөз бар?… Аяулы ұстазым Сапарбек Ергөбектің «бұрынғылар түскен» соқпаққа бағыт бұрғанын естігеннен кейінгі ауыр күрсіністен арыла алмай біраз жүрдім. Тек менің ғана емес-ау, бұл қаза қалың…