Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»«MEKTEП OnLine» платформасы арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге болады
    Аймақ

    «MEKTEП OnLine» платформасы арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге болады

    13.10.2023

    Бұл инновациялық білім беру платформасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылардың назарын өзіне аударуда. Осы жылдар ішінде оқушылардың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) алдындағы сенімсіздік пен толқу сезімдерін аз да болса жеңуге көмектесетін сенімді серіктеске айналды.

    «MEKTEП OnLine» жобасы ұйымдастырушыларының арқасында оқушылар осы платформа арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге көмектесетін мүмкіндікті тапты. Үш жыл көлемінде «MEKTEП OnLine» жобасы оқушылардың қазақ және орыс тілінде білімдерін шыңдап, шабыт беретін көмекшілеріне айналды.

    Түлектерді әңгімелерінде осы платформаның ҰБТ-ға дайындықтағы маңыздылығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды. 11-сынып оқушыларының бірі өз тәжірибесімен бөлісті:

    «Алда барлық түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Мен бұл тестілеуге 10 және 11 сынып бойы дайындалдым, бірақ бәрібір алаңдаймын. Бүгінгі таңда «MEKTEП OnLine» жобасы арқасында мен өткен жылдардағы кез-келген тақырыпқа оралып, бірнеше минут ішінде барлық материалды еске түсіре аламын. Әсіресе геометрия, физика, химия сияқты күрделі пәндерді қайталап оқуда байқалады. Негізі,  мен өзіме, өз біліміме сенімдімін, дегенмен қорқыныш сезімдері бар».

    «MEKTEП OnLine» жобасы ҰБТ-ға дайындалу үшін арнайы әзірленген бейне-сабақтарды ұсынып  қана қоймай, оқушыларға жақсы оқуға көмектеседі. Платформаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – күрделі ұғымдар мен заттарды түсінікті етіп талдайтын қысқаша бейне сабақтар. Мұны Талғар лицейінің оқушысы Ясмина растайды:

    «Бүгінгі таңда «MEKTEП OnLine» жобасының бар болғаны қандай керемет. Мен осы бейне сабақтардың барлығын тыңдап шықтым. Берілген сабақтардың арқасында түсінбей жүрген тақырыптарды қайта қарап шықтым, енді өз күшіме сенімдімін. Алдағы тестке деген үрей сейілгендей болды. Сонымен бірге, оқу барысындағы ең керемет нәрсе ол дайындыққа бір сағат уақыт жетеді.  Себебі, «MEKTEП OnLine»  арнасындағы сабақтардың ұзақтығы 15 минуттан аспайды. Ал, қалған уақытымды осы тақырыпты толық түсініп, бекіту үшін тапсырмалар орындаймын».

    «МЕКТЕП OnLine» жобасы белгілі бір пәндерде қиындыққа тап болып, оқу үлгерімдері мен бағаларына кері әсері тиіп кетуі мүмкін оқушыларға да көмектеседі. Мына оқушының жазбасы осы жоба арқасында қиындықтарды қалай жеңгені туралы айтылады:

    «Мен кейбір пәндер бойынша артта қалдым – геометрия, химия сабақтары мен үшін қиын болды. Бағаларым да онша жақсы болмады. Менің ата-анам қатты уайымдады. Себебі, мектеп бітіремін, алда ҰБТ, университетке түсу қажет. Кейін «МЕКТЕП OnLine» жобасын көрдім. Сабақтарды алты ай бойы үздіксіз қарадым және осы аралықта өз білімімді айтарлықтай арттырдым. Әсіресе, химия пәнінен үлгерімім жақсарды. Негізі 9-сыныпта өткен бірнеше тақырыпты қайтадан қарау керек екен, қазір барлығы түсінікті. Жүйе арқасында химия мен геометрия ғана емес, басқа да пәндер бойынша бағаларымды түзетіп алдым.

    Соңғы сандар «MEKTEП OnLine» жобасының танымалдығы мен жетістігін растайды. 50 миллионнан астам көрермен бейне сабақтарды қараған, ал жазылушылардың жалпы саны 589 600-ден асты. Бұл сандар «МЕКТЕП OnLine» жобасының кең аудитория алдындағы танымалдығы мен сенімін көрсетеді.

    Бүгінгі таңда «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында «МЕКТЕП OnLine» жобасы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық және білім беру бағдарламаларын іске асыруда. Бұл барлық балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

    Ары қарайда «MEKTEП OnLine» жобасы барлық оқушыларға қолжетімді және тиімді білім беруді жалғастыра береді. Егер сіз ҰБТ-ға дайындалуда және табысты оқуда сенімді қолдау іздесеңіз, біздің аудиторияға қосылыңыз және осы білім беру жобасының бір бөлігі болыңыз.

    Қиындықтарды жеңу, біліміңізді арттыру және жетістікке жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. «МЕКТЕП OnLine» платформасын қарап, бейне сабақтар арқылы оқытудың қаншалықты тиімді және қызықты болатынына көз жеткізіңіз. «МЕКТЕП OnLine» жобасына қосылыңыз және дәл қазір жарқын болашаққа есік ашыңыз!

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.