Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ
    Аймақ

    ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

    14.10.2023

    Өтеева Сара Абдрахманқызы 2000 жылдан бері Кентау қаласының «Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек етіп келеді. Ұстаз! Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын.

    Тек, ұлтым деген ұстаздар шәкірт санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйса ғана келешегіміз кемел. Иә, кәсіби білікті, нағыз ұлтжанды ұстаздар ғана намысшыл ұрпақ, білімді оқушы тәрбиелесе, ол – мемлекетшіл тұлға қалыптастырудың алғышарты. Өзгелерге үлгі бола білген, тәжірибелі ұстаз, мықты маман Сара  Өтеева талай білімді шәкірт тәрбиелеп келе жатқан тәжірибелі ұстаз.Ұзақ жылдар бойы аталған мектепте қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылдар Сара Абдрахманқызы үшін әдістемелік жағынан нағыз шыңдалу мектебі болды. Қала көлемінде бірнеше рет ашық сабақтар өткізіп, ерекше көзге түсіп, қалалық және облыстық сайыстарда жүлделі орындар иеленді, семинар, конференцияларда баяндамалар жасады. Сара Абдрахманқызы руханият жанашыры, ұлағатты ұстаз, парасатты педагог, майталман маман ретінде өз ортасында беделді ұстаз.

    Ұстаздың осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен табыстары да аз емес. Атап айтар болсақ, қала көлемінде ұйымдастырылған «Өнерлі ұстаз», «Қанеки, тілім, сөйлеші» байқауларының жеңімпазы атанды. 2009 жылы «Үздік мұғалім-2009» сайысында І орын иеленсе, сол жылы  «Майталман ұстаз» атанып, қала әкімі К.Табылдиевтің, 2012 жылы қала әкімі Б.Байсаловтың алғыс хаттарымен марапатталды. 2010 жылғы «Ең үздік пән кабинеті» қалалық және облыстық байқауларының жеңімпазы атанса, 2013 жылы елордада өткен Қазақстан Республикасы филологтарының І съезінің делегаты. 2015 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының құрмет грамотасымен, 2017 жылы ҚР Әділет Министрлігінің және «Қазақстан ұстаздары» қоғамының алғыс хаттарымен марапатталды. 2019 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын оқушылар арасындағы мәнерлеп оқу, мүшәйра, көркем сөз оқу байқауларына шәкірттерді дайындап, олар жүлделі орындарды иеленіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Балалардың бойына туған тіл мен төл әдебиетіміздің нәрін сіңіруде  ұстаз түрлі шығармашылық ізденістерге барады. Соның бірі жуырда қаламызда өткен «Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ әліппесі – білімпаз ұрпақ үшін мирас»  тақырыбындағы ақындар байқауы. Облыс көлемінде ұстаздар қатысқан байқау шарты бойынша қатысушылардың өлеңдері алдын-ала дайындалып келгені есептелмей, қосымша тағы да 10 минут уақыт беріліп, ақындардың табанда, жолма-жол өлең құрастыру қабілеті сынға түскен еді. Сол байқауда Ұлт ұстазына арнап:

    Ұстаз болдың ұлтыңа жаның сүйіп,

    Қиянаттың отына жаттың күйіп;

    Мақсат  – айқын, бағытың – түзу,

    Оқу-білім санамызға жеткізу, деген жыр жолдары төгіле кеткен-ді. Риясыз көңілден шыққан жыр жолдарына әріптестері де қуана қол соғып жатты.

    Сара Абдрахманқызы саналы ұрпаққа сапалы білім беруде қажымай еңбек етіп қана қоймай,  шәкірт бойына адамгершілік, ізгілік, елжандылық қасиеттерді сіңіре білген ұлағатты ұстаз. Ол  ұстаздық жолында оқушылардың бойына ұлттық сана, дәстүр тағылымы, ана тілінің қайнар көзі бай да көркем әдебиетіміздің айшықты үлгілерін сіңіруде қажымай, талмай еңбектеніп келеді.

    А.ӘЛІПБАЙ,

    Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ студенті.

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.