Бәйдібек ауданы «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиынды аудандық білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы ашып беріп, мектеп директоры Копесов Бакытжан Калиевич құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар және оқушылардың жетістігі туралы баяндама оқыды. Біртұтас…
Автор: ais_media
Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылды балаға-сыйлыққа Ақылдым» атты облыстық акция-байқаудың ауданаралық іріктеу кезеңі мәдениет үйінде өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқырман балаларды кіттаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру. Байқауды «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жолшыбеков Бағдат Бақытұлы ашып, ізгі тілектерін білдірді. Сынға түскен қатысушыларға «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы , «Аудандық тілдерді…
Түркістан облысындағы білім нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы қатаң бақылауда. Қыстан қысылмай шығу үшін дайындық жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде жыл сайын жылу қазандықтары мен жылыту құбырларын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары қатаң сұралады. Бұл тұрғыда Түркістан өңірінде де биылғы қысқа дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оған жауапты мамандардың қам-қарекеті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95% пайызды құрайды. Биыл бірқатар білім ошақтарында қазандықты жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мемлекеттік білім беру ұйымдары орталықтандырылған, газ, сұйық отын және…
Бүгін Түркістан облысының білім басқармасында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі өтті. Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Бұдан…
Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік-психология» кафедрасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын, тәрбиенің жылдық жоспарын талдау, сараптау мақсатында кезектен тыс шығармашылық топ отырысын өткізді. 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарын талқылап, тәрбие жұмысының біртұтас кешенді бағдарламасына талдау жасады. Сондай-ақ, отырыста мектепішілік ішкі тәртіп ережесінің жаңа формасын және ата-анамен келісім шарттың бірыңғай формасын әзірлеу т.б. әртүрлі мәселелер талқыланды. Шығармашылық топ отырысына аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық шығармашылық топ жетекшілері қатысты. Түркістан қаласы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра…
Дана халқымыз «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» — деген даналы сөз менің басты ұстанымым. Ұстаз ретінде баланың бойына адами құндылықтарды ұялатуды өзімнің басты міндетім деп санаймын. Өз уақытын аямайтын, өзгенің баласын өз баласындай аялайтын — ұстаздық, ең қадірлі де қастерлі мамандық. Жаһандану заманында өзгемен терезесі — тең, керегесі — кең алпауыт елдердің алдында бәсекеге қабілетті, елдің туын биік ұстап «Алаш» елін әлемге танытып жатса, міне еткен еңбегің, төккен тердің ақталғаны осы деп білемін. Менің пайымдауымша, мұғалім — берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. Дәлірек…
Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Самбет Наталья қазақшаға судай ағып тұр. Орайы келсе, астарлап та, мақалдап та, «оңдырмай» айтып тастайды. Өзге ұлт өкілінің өз тіліңде ақыл айтқаны да қызық болады екен? Міне, кәріс қызына жұрттың сүйсінтетіні де, оның сөзін ауыздарынан су ағып тыңдайтындары да осыдан!.. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін Наталья — нағыз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өлкеге келін боп түсті. Құдай қосқан қосағы да қазақ жігіті. Наталья Александрқызы, 1964 жылы Ақмола облысы, Атбасар ауданында дүниеге келді. 1981 жылы орыс мектебін бітіріп, 1986 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік институтының физика және математика факультетін бітірді. Өскен ортасы, қазақ көршілері мен қазақ достарының өз…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен сөз болды. – «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді осы жобаны сапалы жүзеге асыру керек. Жауапты орынбасар, басқармалар, аудан, қала әкімдері білім ұяларының құрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеңіздер. Мектептердің инфрақұрылымын тарту, газ, су, электр, жылу, ғаламтормен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Мектептердің құрылыс материалдары…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Онлайн және офлайн форматта өткен қоғамдық қабылдауда 10-нан астам тұрғынның өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Өтініштердің басым бөлігі білім саласындағы мәселелелерді қамтыды. Мектеп салу, балабақшаны қосымша қаржыландыру және өзге де түйткілдер тарқатылды. Жетісай ауданының тұрғыны өзі тұратын ауылға мектеп салу мәселесін көтерді. Ол зерделеніп, тиісті жауабы берілетін болды. Ал Түркістан қаласының педагогы қалалық білім бөлімі басшылығына деген шағымын айтты. Аталған шағымға байланысты тексеру жүргізіліп, екінші тараптың да уәжі тыңдалып, заң аясында шешім қабылданады. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі білім саласындағы мәселелерді қозғады. Сонымен бірге өзін жұмысқа қабылдау жөнінде өтінішін жеткізді. Тұрғын үй…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: “Жасөспірім және заң” тақырыбы аясында тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың ұйымдастыруыме, Шұбар ауылындағы Д.Қонаев атындағы, Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Жасөспірім және заң» атты жиналыс өтті. Мақсаты: Жасөспірімдерге, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік…