Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
    Аймақ

    ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

    11.10.2023
    Дана халқымыз «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» — деген даналы сөз менің басты ұстанымым. Ұстаз ретінде баланың бойына адами құндылықтарды ұялатуды өзімнің басты міндетім деп санаймын. Өз уақытын аямайтын, өзгенің баласын өз баласындай аялайтын — ұстаздық, ең қадірлі де қастерлі мамандық.
    Жаһандану заманында өзгемен терезесі — тең, керегесі — кең алпауыт елдердің алдында бәсекеге қабілетті, елдің туын биік ұстап «Алаш» елін әлемге танытып жатса, міне еткен еңбегің, төккен тердің ақталғаны осы деп білемін.
    Менің пайымдауымша, мұғалім — берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. Дәлірек айтқанда, адам баласын өмір сүруге тәрбиелеу, бейімдеу. Сол үшін де бойындағы бар асыл қасиетті шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз — шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық білім нәрін себуші, адамгершілік қасиетті сіңіруші. Бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кіріп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
    Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта білім саласын «табысты ұлт болудың маңызды шарты» деп бағалайды. ХХІ ғасыр білім мен біліктілік сынға түсетін тарихи уақыт. Сол себепті өскелең ұрпақтың білім алуына толыққанды жағдай жасалғанда ғана халқымыз табысты ұлт деңгейіне көтеріле алады. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Қазақ халқы ежелден білім берген ұстазына деген құрметін аямаған. Жолдауда ұстаздардың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгерістер болатындығы айтылды. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу, ұтымды жолдарын басшылыққа алу ісі оң болмақ. Ұстаздардың материалдық жағдайымен қатар, ғылыми ізденісіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауына назар аудару қажет. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқыту ісін күшейту бастамасы көтерілгенін ескерсек, ұстаздар үшін салмақты жауапкершілік артылып отыр.
    Осы орайда, Жолдауда көтерілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы құптарлық жайт. 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектептермен қамтылады. Бұл дегеніміз білім саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды фактор деп саналады. Ал, «AMANAT» партиясы «жол картасы» аясында «Өмір сапасын арттыру» бағыты бойынша Түркістан облысында 2027 жылға дейін 96 мектеп салу, 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етуінің өзі ұлт болашағына деген жауапкершілік пен алаңдаушылық деп түсінемін. Болашақтың кілті — білімде екенін ескерсек, ой жарыстыратын заманда озық ойлы жастарды тәрбиелеу ұстазға артылған аманат.
    Қадірлі, ұлағатты ұстаздар!
    Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де — ұстаз. Сондықтан, еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!
    А.ЕРГЕШОВА,
    «Шаян» мектеп-лицей» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.