Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Осы мақсатта бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы қалалық білім бөлімімен бірлесіп қаладағы бірқатар мектептерге сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптама жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, филиал жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еркін Сарбасов, қалалық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков және партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты. Аталған шара барысында тиісті жұмысшы топ оқушыларға ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен…
Автор: ais_media
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Бұған дейін, 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім, Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді. Арыс қаласында білім саласында жағымды жаңалықтар көп. Биыл Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде «Тараз» тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы басталды. Келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» тұрғын ауданынан 900 орындық мектеп салынады. Бұдан бөлек, Отырар тұрғын ауданынан 600 орындық мектептің, және И.Журба мектебінде 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер есебінен Онтам тұрғын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен…
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті» атты аудандық жастар форумы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «РосАзияНефть» ЖШС құрылтайшысы Талғат Қаржауов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен ұстаздары, Түркістан облыстық…
Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тарқата айтсақ, бүгінде Сарыағаш қаласында 300 және 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, Дербісек ауылдық округіндегі — Дербісек, Қызылжар ауылдық округіндегі — Жаскешу елді мекендерінде 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі М.Айманбетов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерке барып, жұмыс барысымен танысты. Тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеменің қызметкерлерімен кездескен аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес өз мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.
Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Ол ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев басқарма төрағасына мектептердің құрылысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық мектебінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының іргетасы қалануда. Басқарма төрағасы мердігер мекеменің басшылығына құрылыс сапасын басты назарда ұстауды тапсырды. – Мектептердің құрылысы толыққанды аяқталған соң пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс та, жабдықтау да сапалы жүргізілуі керек. «Қазақтелеком» АҚ мекемесі арқылы…
Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен оқушылар, жалпы 400-ден аса жас қатысты. Іс — шара Отырар халық театрының жастар тәрбиесіне қатысты сахналық қойылымымен басталды. Форумға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. – Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс табуда. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың…
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, аталған оқу ордасында 2003-2007 жылдары ректор қызметін атқарған ардақты ұстаз Серік Пірәлиев атындағы конференция залының ашылу салтанаты өтті. Саналы ғұмырын білім жолына арнаған қайраткердің құрметіне аталған конференция залының ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және өзге де Түркістан облысының ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ның ректорлары, университет ұжымы, Серік Жайлауұлының отбасы және туған-туыстары қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өз кезегінде игі іске мұрындық болған университет басшылығы мен…
Түркістан облысы демографиялық өсімі жоғары өңір. Өңірде мың мектепте 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 121-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Түркістан қаласының аумағында 42 мың оқушыны қамтитын 34 мектеп бар. 7 мектеп ескірген. Солардың бірінде болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды №7 С.Ерубаев мектеп — интернатының жай-күйімен танысты. Күрделі жөндеуді қажет ететін 500 орындық мектеп 1976 жылы салынған. Білім ұясының 420 орындық жатақханасы бар. 2000 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген. Содан бері жөндеу көрмеген. Мектептің ішкі сылағы түсіп, инженерлік жүйелері тозған. Өңірдегі білім ордаларын күрделі жөндеуден өткізу уақыт күттірмейтін іс. Ол үшін қомақты қаражат керек. Өңір сала басшыларының жауаптарын тыңдап,…
Созақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбындағы онкүндік өтті. Ұжым мүшелеріне ой салған бұл игілікті іс «Мен елімнің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?», тақырыбында Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы еркін әңгіме пікірталас ретінде ұйымдастырылды. Конференция барысында «Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы сізге қаншалықты ұнады?», «Снелманның әрекетін қалай бағалайсыз?», «Шығарманы оқу барысында таңғалдым», «Финляндия елі мен қазақ халқының ұқсастығын аңғардым» деген сұрақтарына жауап алынып, қай пікірдің көпшілікке ұнағанын анықтады. Келесі кезекте Финляндия елі бойынша дайындалған бейне баян көрсетіліп, Фин…
Сарыағаш ауданы, Жаскешу елді мекенінде 900 балаға шақталған «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы білім ошағының жұмыс барысымен арнайы танысты. Айта кетейік, Жаскешу ауылында орналасқан мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қолға алынған. -Балалардың болашағы үшін салынып жатқан білім ордасының сапасы басты назарда болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме, жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтап, пайдалануға беруі тиіс, — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев. Сонымен қатар аталған мектептің жер учаскесі қоршалып, учаскенің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде.