Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ОҚУ ОРДАСЫНДА АКАДЕМИК СЕРІК ПІРӘЛИЕВТІҢ ЕҢБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ОҚУ ОРДАСЫНДА АКАДЕМИК СЕРІК ПІРӘЛИЕВТІҢ ЕҢБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ

    09.10.2023
    Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, аталған оқу ордасында 2003-2007 жылдары ректор қызметін атқарған ардақты ұстаз Серік Пірәлиев атындағы конференция залының ашылу салтанаты өтті.
    Саналы ғұмырын білім жолына арнаған қайраткердің құрметіне аталған конференция залының ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және өзге де Түркістан облысының ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ның ректорлары, университет ұжымы, Серік Жайлауұлының отбасы және туған-туыстары қатысты.
    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өз кезегінде игі іске мұрындық болған университет басшылығы мен ұжымына облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан алғыс білдірді.
    – Қазақ ғылымына елеулі үлес қосып, білім саласында басшылық лауазымды абыройлы атқарған Серік Пірәлиевтің Түркістан үшін де сіңірген еңбегі мол. Түркістанның рухани жауһары, мақтанышына айналған Ясауи университетіне басшылық жасап,оқу орынның халықаралық аренадағы беделінің арта түсуіне айрықша еңбек етті, – деді.
    Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова басқосуға арнайы алыс-жақыннан келген барша қонаққа алғыс білдірді. Басқосуда жиналған қауым академиктің ғылым мен білім дамуы жолында жасаған еңбегі мен адамгершілік асыл қасиеттерін айтып, еске алды. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да оның жастарға, өзіне көрсеткен ұстаздық қолдауымен, ортақ естеліктерімен бөлісті. Сөз кезегін алған Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов Серік Жайлауының оқу ордаға алғаш ректорлық қызметке келген сәтінен үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірген тәлім-тәрбиесі туралы баяндады. Университеттің ректор Өкілі Пеями Баттал академиктің атқарған тың істерін атап өтті.
    Құлбек Ергөбек бастаған бір топ әріптесі мен шәкірттері де тұлғаның ерен еңбектерін, жылы естеліктерін айтты. Осылайша басқосуда профессор, академиктің рухына тағзым етілді. Басқосу соңында академиктің асыл жары София Арғынқызы өзінің және ұл-қыздарының атынан жиналған көпшілік пен оқу орда басшылығына ризашылығын білдірді. Ал университет атынан арнайы сый-сияпаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.