Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханада инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталықта күрделі оталар жасалады деп күтілуде. Сонымен қатар, инсульт бөлімшесінде шет мемлекеттерден тәжірибе арттырған арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Оған қоса атаулы орталықта арнайы дағдыланған, тәжірибиелі мейірбикелер мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме қызметкерлері бүгінде науқастарға емдік шараларын үздіксіз жүргізуде. Орталық, компьютерлік томография, төсек орындар функционалды керуеттер, монитор сынды қажетті құрал-жабдықтармен толыққан. Мұнда дәрігерлер тромболизистік терапия, нейрохирургиялық ота, ерте оңалту процедуралары, логопедтік массаж түрлерін яғни инсульттен кейінгі қалыпқа келтіретін ем дом шараларын жүргізеді. Осыған дейін Инсульт бөлімшесінде 4 нейрохирургиялық ота, 3 тромболизистік терапия емі жүргізілді.
Автор: ais_media
Түркістан облысының орталығында республикалық тамыз кеңесінің секциялық жиынының тыңдалымы өткізілді. Секциялық мәжіліске 400-ге жуық делегат қатысты. Сондай-ақ Түркістан облысындағы мыңға жуық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәжірибе алмасты. Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тақырыбы аясында 3 бағыттағы секция мәжілісі ұйымдастырылды. Бас қосуда рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтың қайнар көздері жайында сөз қозғалды. Әр өңірден келген қонақтарға 30 түрлі баяндама оқылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Нәтижесінде мамандар ойларын ашық ортаға салып, біліктілік арттырды. Айтылған ерекше ұсыныстар 25 тамыз күні өтетін пленарлық мәжіліс қарарына жолданды. Секциялық мәжілістен кейін Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті. Мәжілісті Түркістан облыс…
Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылдық округінде «Нұр сила» цехы іске қосылды. Цех — темір мен ағаштан жасалатын кез-келген дайын өнімді шығарады. Атап айтқанда, қоршау, орындық, бастырма, үй жиһаздары мен күрделі бұйымдарға да тапсырыс қабылдайды. Өндіріс орнында жергілікті 50-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылған. «Қазір Түркістан облысы бойынша бірнеше аудандағы мектептердің қоршауын жасап жатырмыз. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыс қабылдау ойда бар. Сонымен қатар, цехтың көлемін ұлғайтып, көптеген жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», — дейді өндіріс орнының басшысы Бақытжан Дәулетбаев. Жұмыс бастағанына әлі ай толмаған кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуға барған Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ақжаров кәсіпкерлерге мемлекет…
Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлестіруімен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Акция мақсаты – көпбалалы отбасылар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары, ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау. Шара барысында 30 балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдары тарту етілді. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш…
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесуден соң, Төлеби ауданындағы ауыл-аймақты аралап, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Көксәйек елді мекенінің тұрғындарымен жүздескен аймақ басшысы, көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Облыс әкімі ауылдарды дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көп көңіл бөліп отыр. Түркістан көпсалалы — техникалық колледжінің аумағында өткен кездесуде тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Инфрақұрылым, баспана, жер, жұмыс орындары және кәсіпкерлерге көмек туралы айтылды. Облыс әкімі таулы аймақта туризмді дамытуға күш салып, осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу керектігін айтты. — Жүзеге асып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, ауылдарымыздың әлеуетін көтеруге бағытталған. Бұл сапарымыздың мақсаты да осы. Ел-елді аралап, сіздердің жағдайларыңызды…
Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады. Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарды Конкурс қорытындысына сәйкес І орынды Абилдаевтар отбасы (Төлеби ауданы), ІІ орынды Айтбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы) мен Бейсенбаевтар отбасы…
Түркістан облысындағы барлық аудандарда жаңа жобадағы қолжетімді тұрғын үйлер салына бастайды. Баспана мәселесін шешу үшін жүзеге асатын бастама жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуде мәлімдеді. Жылдар бойы баспана тауқыметін тартқан аудан тұрғынының сұрағына жауап берген облыс әкімі баспана мәселесін шешудің тиімді жолын түсіндіріп берді. Бұл бастама Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жүзеге аса бастаған. Жеке кәсіпкер есебінен 70 га жерде 22 тұрғын үй салынуда. 22 үй “Отбасы банк” арқылы беріледі. 50% банктен, 50% бюджеттен 0,1% қайтарымды негізде қаржыландырылады. Пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 250 мың теңгеден аспайды. Облыс әкімі Д.Сатыбалды бұл жобаны өзге аудандарда жүрізуге…
Қазір Шымкент қаласының оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын қадағалады. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Қазір жалпы жұмыстардың 27 пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылған. Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер…
«Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысында өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсете бастады. Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып не дамытуды қолға алған. Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы аясында Түркістан облысында 3 220 жоба қаржыландырылады. 3500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. АЕК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Төлеби ауданында да «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін іске асырып жатқан жеке шаруалар қатары күн санап артуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданындағы бірнеше ауылдық округінде болып, ауылдың…
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін хореографиялық 100-ден астам мәдениет қызметкеріне штат берілді. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтары және балалар қуыршақ театрына мамандар қабылдануда. Өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Петропавл, Қарағанды, Тараз, Алматы, Шымкент, т.б. қалалардан, Қызылорда облысынан, Түркістан облысының аудандарынан өнер мамандары келіп, өз бақтарын сынады. Байқауда «Конгресс Холл…