Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

25.08.2023
Түркістан облысының орталығында республикалық тамыз кеңесінің секциялық жиынының тыңдалымы өткізілді. Секциялық мәжіліске 400-ге жуық делегат қатысты. Сондай-ақ Түркістан облысындағы мыңға жуық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәжірибе алмасты. Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тақырыбы аясында 3 бағыттағы секция мәжілісі ұйымдастырылды.
Бас қосуда рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтың қайнар көздері жайында сөз қозғалды. Әр өңірден келген қонақтарға 30 түрлі баяндама оқылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Нәтижесінде мамандар ойларын ашық ортаға салып, біліктілік арттырды. Айтылған ерекше ұсыныстар 25 тамыз күні өтетін пленарлық мәжіліс қарарына жолданды.
Секциялық мәжілістен кейін Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті. Мәжілісті Түркістан облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды.
Бүгінгі отырысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел уәкіл аға-лейтенанты Гүлзия Қарсыбай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Түркістан облысының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Гүлжан Вероцкая қатысып баяндама оқып, білімге қатысты өз салалары бойынша пікір білдірді.
Мәжіліс соңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Меруерт Медетбекова ардагер ұстаздарды Тамыз конференциясымен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.