Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Экономика»ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    Экономика

    ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    25.08.2023
    Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саны 3 жылда 60 пайызға артқан. Биыл 6 айда кәсіпкерлік саны 14 мыңнан астып, 27 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2023-2027 жылдары 18,5 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын артуда. Оған ауданда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру екенін айтқан облыс басшысы өңір кәсіпкерлеріне қолдау күшейтілетінін айтты.
    Алдымен Қақпақ ауылдық округіне қарасты Қақпақ елді мекенінде «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі су электр станциясының құрылысымен танысты. Жоба құны 700 млн. теңгені құрайтын өндіріс орнын кәсіпкер өз қаржысына салған. Биыл шілде айында іске қосылған станцияда сағатына 1,4 МВт электр энергиясын өндіреді.
    – Биыл ауданда құны 6 млрд. теңге болатын 28 жобаны іске асырып, 349 адамды жұмыспен қамтамысыз ету жоспарланған. Осындай жобалардың бірі – «Қарқын-2030» компаниясы мал сою цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Тәулігіне 300 бас ірі қара мал сою мүмкіндігі бар. Бұл жобаның басымдылығы толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Жалпы құны 750 млн. теңге болатын цехты 1 қазанда ашу жоспарлануда. 25 адамды жұмыспен қамтиды. Бұдан бөлек аудандағы индустриалды аймақта жеке кәсіпкер «Билол» тарапынан 375 млн. теңгеге «Болат шарларын балқытып шығаратын» зауыт салу жоспарлануда. Жалпы 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Аталған жобаны жыл соңына дейін іске қосу күтілуде. Осындай жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жаңа бизнесті ашуға көмектесетін боламыз. Жалпы, жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі – жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
    Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Шарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Бірлік және Береке-Агро» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2016 жылы құрылған шаруашылық бүгінде «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи», «Грени Смит» атты алма түрлерін өсіретін қарқынды бауға айналған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-нан қаржыландырылған жоба құны 2 млрд. 500 млн. теңгені құрайды. Көлемі 150 гектар суармалы жер, соның ішінде бау 120 гектарды құрайды. Мұнда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық жұмысшылар саны 200-ге дейін жетеді. Өндіріс орнын 24 дана техникамен жабдықталған.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.