Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Әкімшілік іскерлік орталығының аумағында 313 млрд. теңгеге 50 жоба және Тарихи орталық қосалқы аймағында 22,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Түркістан қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Өңір басшысы атап өткендей, индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың…
Автор: ais_media
Бүгінде «Адал кәсіп істеймін» деген кез келген адамға мүмкіндік мол. «Жаңадан кәсіп ашамын» немесе «Кәсібімді кеңейтемін» дегендер үшін түрлі мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетке алақан жаймай-ақ қолдағы барымен кәсібін бастап, тың идеяларын жүзеге асырып, теңгені тиыннан құрап шағын кәсіптің өзінен толағай табыстарға жетуге болатынын дәлелдеп жүргендер аз емес. Солардың бірі – Жетісай ауданына қарасты Қазыбек Би ауылдық округі, Қазыбек би ауылының тұрғындары, ағайынды Жамшид, Рашид Нартаевтар. Осыдан 15 жыл бұрын көршілес Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған азаматтар кәсіптерін үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Гүл өсіру мен гүл сату ісін өркендетіп, табыстарын арттырып отырған жігіттер…
Түркістан облысында мақта өсіру үшін қытайлық ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технология «ақ алтынды» егіп, теруге дейін өзі атқарады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық «Peng Sheng Group» басшыларымен кездесті. Компания көрші Өзбекстан елінде бірнеше ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда. Бірегей жобаны облыстың оңтүстік аудандарында іске асыруды көздеген қытайлық инвесторлар мақта сапасы мен көлемі едәуір артатынына сенімді. Ол үшін тамшылатып суару жүйесі құрылғылары орнатылады. Жоба құны 46 миллион АҚШ долларын құрайды. Тараптар осы жобаны талқыланды. Сондай-ақ компания Түркістан облысында былғары өңдеу және ірі қара мал қалдықтарынан желатин өндіретін зауыт салуға дайын. Бизнес-жоспардың құны – 10 млн. АҚШ доллары. Шетелдік…
Келес ауданындағы Абай ауылының тұрғындары, ерлі-зайыпты Тимур Хашимов пен Бибігүл Абдуллаева бүгінде наубайхана ашып, күніне 200-ден аса нан пісіріп, ауылды ас атасымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде төрт адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер нан пісіру кәсібін бастағанына небәрі төрт ай болса, тандыр жасаумен 2021 жылдан бері айналысып келеді. Ендігі кезекте кәсіпкер отбасы 2,5 пайыздық несие алып, екінші наубайхана ашуға ниетті. Отанасы Бибігүл тандыр пеш жасауды өзінің ата кәсібі деп біледі. Келін болып түскен кезде қайынатасы тандыр жасаумен айналысып, соны күнкөрісіне айналдырған екен. Ол 2021 жылы наурыз айында «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында…
Жуантөбе ауылының тұрғыны Аманқыз Орынбасарқызы 2018 жылдан бастап нан жабу ісін қолға алған. Уақыт өте келе самса, қаттама, бәліш т.б тәтті нан өнімдері түрлерін шығара бастады. Бүгінгі таңда фасфуд өнімдерін де қолға алып, кәсібін ұлғайтып отыр. — “Ас атасы – нан” демекші, бар берекенің бастауын осы кәсіппен айналысқалы көріп келем. Жалпы өзім үй шаруасындағы анамын. Ең алғаш кәсібімді 2018 жылы нан жабу ісімен бастадым. Уақыт өте келе самса, қаттама, бәліш т.б тәтті нан өнімдері түрлерін шығарып, жұмысыма деген қызығушылығым арта түсті. Осылайша бұл салада кәсіби маман ретінде жұмыс істеуді ұйғарып, чикен, котлет, балық және лаваш сияқты фасфуд өнімдерін де қолға…
Жетісай қаласында ата кәсіпті нәсіп еткен, темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған Базарбай Бейсенов есімді ерекше шебер тұрады. Он саусағынан өнер тамған ұстаның қолынан шыққан бұйымдар бүгінде сұранысқа ие. Ешқандай жарнаманың көмегінсіз-ақ үйіне іздеп келіп, тапсырыс беріп жатады. Көктемде мемлекеттен 1 млн 225 мың қайтарымсыз грант алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Мемлекеттің қолдауымен берілген қаржыға ұста шеберханасын қажетті құрал-саймандермен толықтырған. Қазақтың «Жігітке жеті өнер де аз» деген қанатты сөзі дәл осы Базарбай Бейсеновке қарата айтылғандай. Өйткені, қолынан келмейтін ісі жоқ. Үйлерге жылыту құбырларын кіргізіп, темірден түрлі бұйымдар жасайды. Кейбір азаматтар секілді денсаулығын сылтау етіп, мемлекетке масыл болып отырған күні болған емес.…
Облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 га жер бөлініп, 1 кезеңі атқарылды. Алдағы уақытта өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаруды көздеп отыр. Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі күні зауытта 15 адам еңбек…
Қазір кәсіп ашамын деген адамға мүмкіндік көп. Тек нақты жоспар құрып, тірлікке батыл кіріссеңіз болғаны. Алдына мақсат қойып, сол жолда тынбай еңбектеніп жүрген жандардың бірі – сарыағаштық Айжан Көкебаева. Жас кәсіпкер тігін тігуді 7 жасында анасынан үйренген. Бала кездегі әуесқойлық оны бүгінде шын шеберге айналдырды. – Анадан анаға мұра болып келе жатқан кәсіптің төртінші ұрпағымын. Тігін тігуге бала кезден әуестендім. Қызығушылығым қуыршақтарға көйлек тігуден басталды. Өсе келе осы өнер түрімен айналысуға бел будым. Десем де, біраз үйрену қажет болды. Сөйтіп, тігін цехына жұмысқа орналастым. Ол маған тәжірибе жинауға септігін тигізді. Алдымен көрпе тіктім, содан кейін өзімді әртүрлі бағытта сынап көрдім.…
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес 21-23 шілде күндері Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімідері және облыстың 40-тан кәсіпкерінен құралған делегация Өзбекстан Республикасына іссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын өнеркәсіпті ашуды көздеген кәсіпкерлерді Өзбекстан Республикасының шағын өнеркәсібімен таныстырып, тың жобаларды әкелу. Сондай-ақ жібек кластерін дамыту бағытында тәжірибе алмасу және өңірге енгізу. Биыл 21 шілдеде делегация қытайлық «PengSheng» компаниясының Өзбекстандағы Сырдария облысында орналасқан индустриалды аймағындағы жобалармен танысудан бастады. Индустриалды аймақта тері өңдеу, сантехника, желатин, кафель өндірістері және заманауи басқару жүйесімен мақта егілген.…
Балды бизнеске айналдырып, ерекше шаруашылықты өзіне кәсіп еткен Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округінің тұрғыны Нұрболат Алмахан бүгінде мемлекеттің қамқорлығын сезініп, табысын арттырып отырған кәсіпкерлердің бірі. Бала кезінде көзіне зақым тиіп, ІІІ топ мүгедектігімен зейнетке шыққан Нұрболат өткен жылы кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекет тарапынан берілетін 1 млн 200 мың теңге қайтарымсыз грант қаржысын жеңіп алып, өз кәсібін бастаған. Осыған дейін талай істің басын шалған омарташы енді ғана табыс көзін тапқандай. Ерекше күтімді қажет ететін осынау бір тіршілік иелерінің өзгертуге келмейтін ішкі ережелері мен қағидаларының барын айтқан омарташы аралар үшін тазалықтың сақталуының маңыздылығына да тоқталды. «Аралар үлкен отбасы болып тіршілік етеді.…