Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

24.07.2023
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес 21-23 шілде күндері Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімідері және облыстың 40-тан кәсіпкерінен құралған делегация Өзбекстан Республикасына іссапармен барды.
Сапардың негізгі мақсаты – Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын өнеркәсіпті ашуды көздеген кәсіпкерлерді Өзбекстан Республикасының шағын өнеркәсібімен таныстырып, тың жобаларды әкелу. Сондай-ақ жібек кластерін дамыту бағытында тәжірибе алмасу және өңірге енгізу.
Биыл 21 шілдеде делегация қытайлық «PengSheng» компаниясының Өзбекстандағы Сырдария облысында орналасқан индустриалды аймағындағы жобалармен танысудан бастады. Индустриалды аймақта тері өңдеу, сантехника, желатин, кафель өндірістері және заманауи басқару жүйесімен мақта егілген. Кездесу барысында PengSheng басшыларына Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар қытай компаниясының қатысуымен облысымызда жаңа өндіріс орындарын ашу талқыланды.
Іссапардың екінші күні Өзбекстан Республикасының Жизақ облысының махалла, яғни ықшамаудандарда үй жағдайында ашылған өндіріс орындарында болды. Көп инвестициялық соманы талап етпейтін жобалар отандық кәсіпкерлерімізге тың идеялар ұсынды. Атап айтсақ, үй жағдайында балаларға арналған сөмке тігу, майлықтар шығару, әйелдерге арналған киімдер тігу, былғарыдан аяқ киімдер тігу және жиһаздар жасау бойынша жобалармен танысты. Сондай-ақ Жизақ облысындағы Кеңес одағы кезеңінде салынған ірі пластик өндіру зауытында болды. Ол зауытта бүгінгі таңда пластиктен әртүрлі қажетті бұйымдар мен құрылыс материалдары өндірілуде.
Делегация құрамы Жизақ облысында орналасқан ірі «Deya Group» тамақ өнімдері, «Vero Group» құрылыс материалдары және «ADM Jizzakh» кореялық KIA автокөлігін жинақтау зауыттарында болды.
Бағдарлама бойынша делегация 23 шілде күні Әндіжан облысында «Абдуфаттах» тұт ағаштарының плантациясын аралап, түрлі сорттарымен танысты. Облысымыздың кәсіпкерлеріне тұт ағашын өсірудің пайдасы түсіндірілді. Тұт ағашының плантациясын дамытуға аса көп инвестиция қажет емес. Сонымен бірге делегация жібек мата өндірісінің толық процесін бақылады. Осы салаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

05.10.2026

БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

05.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ УЧИТЕЛЯ ЧЕСТВОВАЛИ ПЕДАГОГОВ

05.10.2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОТЫРАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

05.10.2026

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

05.10.2026

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «STREET FOOD FEST»

03.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

03.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.