Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ернар Бектаев айтты. Ернар Нұралыұлының сөзінше, өңір бойынша 2,5 пайызбен несие алу үшін бүгінге дейін 636 жас құжат тапсырған. Оның 434-і комиссияға ұсынылып, 243 үміткердің бизнес-идеялары қаралған. Нәтижесінде, 142 жастың жобасы мақұлданып, 62 жасқа қаражат аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр, 80 жасқа кәсібін жүргізу үшін қаражат берілді. Ал қалған 101 үміткерге несие беру талаптарына сай келмеуіне байланысты оң қорытынды берілмеген. – Несиелер «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы беріледі. Өңір бойынша Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Ордабасы аудандарының жастары мемлекеттік бағдарламаға өтінім беру бойынша алдыңғы қатарда тұр. Ал Созақ, Мақтаарал,…
Автор: ais_media
Түркістан облысында экономиканың негізгі қозғаушы күші – кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытына басымдық берілуде. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде ауданда өз ісін дамытумен қатар, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған азаматтардың саны артты. Бірі кәсібін енді ашса, бірі кәсібін кеңейту бағытында жұмыстар атқаруда. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов бірқатар кәсіпкердің жұмысымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ең алдымен, Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Тоқыма емес мата өндірісі» цехында болып, алғашқы шыққан өнімдерімен танысты. Жоба құны – 350 млн. теңге. Цех тәулігіне 5 мың метр тоқыма емес мата өндіруге қауқарлы. Мұнда 8…
Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында тұратын Қалима Сүйінованы көпшілік тігінші апа деп кеткен. Өзінің қолынан шыққан бұйымдарды әлеуметтік желі арқылы насихаттап отыратын оның бүгінде тұрақты тұтынушылары да қалыптасқан. Таяуда жол түсіп, тігінші апаның үйіне барғанымызда, әдеттегідей көрпе құрап отыр екен. «Құрақтың қасиетін білетіндер көп қой. Сол үшін қызын ұзатып жатқандардан бастап, жаңа үйге кіріп жатқандар да, тіпті, баласын аяқтандырып, енші беріп жатқандар да құрақ көрпеге тапсырыс береді. Бұл баламыздың басы құралсын, өздерінен өсіп-өнсін деген мағынаны білдіреді, – деген Қалима апа өзі құрап отырған көрпешелерді де таныстырып өтті. – Бүгін мына бір көрпені бастаған едім. Бұл ши құрақ пен қошқар мүйіз…
Түлкібас ауданындағы жұмысын былтыр ғана бастаған «Нұрсәуле фрудс» ЖШС балық шаруашылығымен айналысады. Серіктестік жылына 100 тонна сазан, ақ амур, дөңмандай, фарель балықтарын сатылымға шығарады. Қазір серіктестік Құлан су қоймасы мен жасанды бассейндерге 3 млн. 200 мың дана шабақ жіберген. Мұнда 14 адам жұмыспен қамтылды. Жуырда аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге серіктестік жұмысымен арнайы танысты. Жалпы, аудан көлемінде балық өсірумен айналысқысы келетіндер қатары артып келеді. Осыдан 10 жыл бұрын Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Company» ЖШС ғана жұмыс істеп келсе, бүгінде ауданда 12 шаруашылық өзен, көлдер мен жасанды тоғандарға балық шабақтарын жіберіп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Осы күнге дейін…
Береке тынымсыз еңбек еткенге ғана дариды. Бүгінгі заманның талабы да осы. «Кәсібіне қарай – нәсібі» демекші, бүгінде Түлкібас ауданында өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіп ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың қатары күннен-күнге артып келеді. Сондай кәсіпкерлердің бірі – майтөбелік Әлихан Габибуллаұлы. Негізгі мамандығы медицина қызметкері болса да, Әлихан химиядан хабары бар болғандықтан сабын шығаруды жөн көріпті. Бұл тек аудан үшін емес, облыста да жаңа бастама болғалы тұр. Отандық өнімін Шымкент, Тараз, Астана, Қызылорда, тағы басқа өңірлерге таратады. Сонымен қатар, сұйық сабын, киім, терезе, ыдыс, шаш жууға арналған сұйық сабын шығаратын бұл цехта 3 адам жұмыс істейді. Ашылғанына көп болмаса да Әлиханның шағын цехынан…
Бүгінде Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріліп отыр. Соның ішінде мемлекеттік гранттар көптеген азаматтың кәсіп бастауына өз септігін тигізіп келеді. Аудандағы Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны М.Абельдинова биыл мемлекеттік грант алып, «Назипа ана» тігін цехын ашқан. Грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, кәсібін бастап кетті. Бүгінде 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігеді. Бұл құрылғылар тігіннің ең қиын түрін де орындайды. Сондай-ақ жаңадан келіп, тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп, болашақта осында жұмыс істеуді көздеп отырған жас мамандарға да қолдау көрсетіліп жатыр.
Кәсіпкерлікті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлікті дамыту, оның төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келуде. Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандағы мемлекеттік грант алып кәсіп ашқан Жібек жолы ауылдық округі, Зортөбе елді мекенінің тұрғыны Н.Аталованың жұмысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Н.Аталова ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант алып, үй іргесінен шағын наубайхана…
Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Б.Жанұзақов бүгінгі таңда ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін түйеқұс аудан үшін таңсық құс болатын. Еңбекқор азамат аталған құс түрін алғашқылардың бірі болып өсіруді қолға алған. Сонымен қатар сүйікті ісі құс шаруашылығы болғандықтан бөдене, бүркіт, үкі, кептер, тотықұс, тауыс құстарын бағумен де айналысып жатыр. Қазіргі таңда сырттан әкелінген құстарды жерсіндіріп, қолға үйретті. Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны. Ал одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холестерин аз…
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Дермене ауылындағы балық шаруашылығымен айналысатын «DermeneAgroGroup» серіктестігінің жұмыс барысымен танысты. Балық шаруашылығын аралап көрген қала әкімі ішкі нарықта қолжетімділікті арттыру үшін шаруаларға әкімдік тарапынан қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасатындығын жеткізді. Аталған серіктестік өткен жылы 6 жасанды тоғанға сазан тұқымдас тұқы шабақтарын жіберген. Орташа есеппен 72 грамды құраған шабақтардың салмағы бүгінде 1 кг-ға жеткен. Осыған орай, балықтар сыйымдылығы 10 мың текше метр құрайтын жасанды көлге ауыстырылған. Арнайы жемнің арқасында тез жетілетін балықтар күзде ішкі нарыққа сатылымға шықпақ. Бүгінде үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған дерменелік кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Адал еңбек, маңдай термен тапқан нанның қашан да берекесі мол болатыны анық. Бүгінде Түркістан облысында ерінбей еңбек етіп, кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі – наубайхана өндірісін жолға қойған Сарыағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Р.Кемелов. Кәсіпкер биыл сәуір айында мемлекеттік грант алып, «Пернебек ата» наубайханасын ашып, бүгінде нан өндірісін дамытып отыр. Күніне 100-ден астам нан жауып, сауда нүктелеріне таратады. Кәсіпкерлік саласы көп еңбекті және тәуекелді талап етеді. Десе де, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік бар. Тек, кәсіп ашуға ниетті азаматтар мемлекеттің қолдауын дұрыс пайдалана білсе, еліміздегі кәсіпкерлік саласын бұдан да жоғары деңгейге көтеруге…