Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Темір Қырықбаев сарыағаштық жеке кәсіпкер Ж.Султанмурадованың бастаған кәсібімен арнайы танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Танысу барысында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Т.Қырықбаев ерекше кәсіп түрін қолға алған жеке кәсіпкердің жұмыс барысын көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жеке кәсіпкер Ж.Султанмурадова ағымдағы жылы мемлекеттік грант алып, эпоксидті шайыр бұйымдарын жасауда. Атап айтсақ, сағат, ыдыстар және тағы басқа үйге, кеңсеге арналған заттар. Аталған кәсіп түрі ауданда жаңадан ашылғандықтан үлкен сұранысқа ие.
Автор: ais_media
Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір мыңнан асып жығылады. 78 мектептің құрылысы бюджет есебінен жүргізіліп, бүгінде 64 білім ошағының құрылысы аяқталған. Бұл үш ауысымды мектептер өзектілігін шешуге өз септігін тигізіп отыр. Одан бөлек, 108 мектептің асханасы жаңғыртылды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 907 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау…
9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында игі іске атсалысыңыз. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен есте қалған майдангерлердің ұрпақтары batyrlargatagzym.el.kz сайтына соғыс ардагерлері жайлы мәліметтерді, фотосуреттерді жүктеп, сақтай алады. Ол үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесіне өтіп, тиісті сұрақтарға жауап бересіз. Сондай-ақ, майдангердің фотосын жүктеп, ол жайлы қысқаша өмірдерегін ұсына аласыз. «Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған. Осы уақыт аралығында мұнда 3,5 мыңнан астам ҰОС және тыл ардагерлері жайлы мағлұмат жинақталған. Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің есімі мәңгі ел есінде. Ал, бұл сайт ардагерлер жайлы мағлұматтардың жаңғыруына сеп болады. https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/
Шымкент қаласында өнеркәсіпті дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жаңадан 3 өнеркәсіп алаңы құрылып, тағы 2-еуінің аумағы кеңейтіледі. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының халқымен кездесіп, есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. –Қалаға көптеп инвестиция тарту, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы…
Түркістан облысындағы «Тұран су» мекемесі су нысандарын күтіп ұстауға реттеуге, механикалық тазалауға қажетті заманауи, жалпы құны 1 млрд. теңге болатын 17 техникамен қамтылды. Сатып алынған техникалар облыстың су және ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша серпін береді деп күтілуде. Ұлыбритания мен Жапонияның «JCB»,«HITACHI» компанияларының 10 шынжыр табанды және 2 дөңгелекті, заманауи эксковаторын мамандар жоғары бағалап отыр. Оған қоса бульдозер және өзге де техникалар ел игілігіне қызмет етпек. Ордабасы ауданындағы аталған мекеменің өндірістік-техникалық базасында өткен жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып қайтты. – Өздеріңізге белгілі, әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан әр тамшы суды үнемдеуді үйренейік. Мемлекет…
Түлкібас аудандық орталық ауруханада алғаш рет облыстық аурухана дәрігерлердің қатысуымен күрделі ота жасалды. Шұғыл көрсеткіштер бойынша аудан тұрғыны 70 жастағы Мырзабеков үйінде құлап қалып, оң сан сүйегін сындырып, аудандық ауруханаға түсті. Аудандық аурухананың жарақат бөліміне Облыстық клиникалық ауруханасынан шақыртылған ортопед- дәрігер және аудандық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург-дәрігер Жандос Буданбаевтың қатысуымен оң сан сүйегінің жабық майдаланған сынығына ЭОП арқылы алғаш рет ота жасалды. Ота күрделі болғанымен, сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып, аяғынан тұрып, отадан кейін үйіне шығарылды. — Мен 70 жастамын.«Жазым аяқ астынан», демекші үйде оқыстан құлап қалып, оң жақ сан сүйегімді сындырып алдым. Жаныма қатты батқан соң…
Бүгін Жамбыл облысында «5 жылдыққа – 5 әдеби сапар» жобасы аясында «Киелі Түркістаннан – Шежірелі Таразға» атты әдеби шара өтті. Руханият көшін «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасы облыстың 5 жылдығына орай Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырған болатын. Алғашқы сапар көне Тараз қаласынан бастау алып отыр. Шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әбірхан Жанқұлов, екі өңірдің зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылары, оқырмандар қатысты. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөз алған Әділ Нұржанұлы қалың көпшілікті Ораза айт мерекесімен құттықтап, Түркістан облысының аз уақытта жеткен жетістіктеріне,…
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде. Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдауына жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдады. Жеке бастарына қатысты мұң-мұқтаждары мен өңірге ортақ әлеуметтік мәселелерді жеткізген тұрғындар аймақ басшысынан сұрақтарына тікелей жауап ала білді. Кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Облыс басшысы жеке қабылдауға жазылған азаматтарды толғандырған мәселелер заң аясында жүзеге асатынын айтып, жауапты сала басшыларына әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуін тапсырды. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек, жер дауы, экология, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарды көтерді. Баспана сұрап келгендер де болды. Облыс әкімі пәтерлер кезекте тұрғандарға заң аясында ғана кезек тәртібімен берілетінін түсіндірді. Дархан Сатыбалды қабылдауына келген азаматтардың…
Кентау қаласына өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 29,7 млрд. теңгені құрады. Бұдан бөлек, өнеркәсіп өнімі – 41,3 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы өнім көлемі — 11,8 млрд.теңге, ал жалпы өңірдегі өнім көлемі — 70,3 млрд.теңгеге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлім етті. Былтыр шаһарда құны 3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба – кірпіш зауыты мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы екі жылда 2 инвестициялық жобаны іске аспақ. «Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 943 адамды жұмыспен қамтитын 2…