Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің 2023 жылғы жоспарына сәйкес, өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында облыс аудандарындағы мәдени орталықтар мен білім беру мекемелерінде кинокөрсетілім іс-шарасын ұйымдастыру жұмыстарының жалғасатынын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, «Балаларға базарлық» кинокөрсетілім апталығы «Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» ғимаратында ұйымдастырылып 400 оқушы көрерменді қамтыды. Бүлдіршіндердің саналы дамып, ой-өрісінің толығуы жолында Отандық мультфильмдердің орыны айрықша. Мекемеміз осыны негізге ала отырып, жергілікті «САҚ» киностудиясының туындысы «Ордабасы — бірлік туы» және «Түркістан» анимациялық фильмдерін жас көрермендер назарына ұсынды.
Автор: ais_media
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Полиция департаментімен бірге өңірдегі жолаушыларға қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерге тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізіледі. Атап айтқанда, қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Сондай-ақ, рейс алдындағы автобустардың техникалық байқаудан және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі қатаң бақыланады. Егер де ақау болған жағдайда автобус бағытқа шығуына тыйым салынады. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді. Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына аударылған. Бәйдібек ауданының тұрғыны 3 ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты. Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.
Жуырда облыс орталығында жаңа туристік маусымның ашылуы өтіп, өңірге келушілер қатары арта түсті. Мәселен, Түркістан қаласына жыл басынан бері 130 503 турист келген. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар. Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге…
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарманың 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы айтылды. — Басқарма тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ, жер учаскесінің…
Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін-2050» бағдарламасы 2014 жылы бастау алды. Талай жас теріскейге барып, білім алды, біразы сонда тұрақтап қалды. Бұл бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 2022-2023 оқу жылына 3653 грант бөлінген. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатыса алады. Ал гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы облыстарында орналасқан университеттерге бөлінеді. Гранттар білім, техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы мен медицина саласын қамтиды. Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапарында: «Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жастарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын…
Жуырда облыс орталығында жаңа туристік маусымның ашылуы өтіп, өңірге келушілер қатары артуда. Түркістан қаласына жыл басынан бері 130 503 турист келген. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар. Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс…
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз, – деді Президент. Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды. Президент атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздік режимін нығайту мәселелерінде Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Рафаэль Гросси құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт…
Шымкентте жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында 18-21-сәуір аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Шымкенттік тәртіп сақшылар Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Сондай-ақ, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді. Сонымен қатар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған…
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді. Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына аударылған. Бәйдібек ауданының тұрғыны 3 ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты. Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.