Автор: ais_media

Түркістан қаласы мен Түркияның Мальтепе муниципалитеті арасында «Достастық» меморандумына қол қойылды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мен Мальтепе муниципалитетінің басшысы Али Кылыч екі шаһар арасындағы достастық келісімін қабылдап, қол алысты. Түркістан қаласының әкімі: «Біз түбі бір бауырлас халықпыз, сенімді стратегиялық әріптеспіз. Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанымызбен достастығыңызды білдіріп келгеніңізге ризамын. Бүгінгі кездесуде жаңа жобалардың негізі қаланатынына сенімдімін» деп, ізгі ниетін білдірді. Түркістан қаласына алғаш келгенін айтқан, Мальтепе мэрі Али Кылыч шаһардың көз тойдырарлық сұлуылығына таңданысын жасырмады. – Түркістанның киелі топырағының қасиеті баршамызға мәлім. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімі дарыған шаһарда әлі талай бастамаларды бірге атқарамыз деп ойлаймын. Қасиетті Түркістан…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов Өзбекстан Республикасы Ферғана облысы хокимінің орынбасары Хуршиджон Ахмедовпен кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. – Кәсіпкерлік, бизнес саласында әріптестік орнатуға дайынбыз. Түркістан – еліміздегі агросала ең жақсы дамыған өңір. Бұл бағытта да бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Жалпы алдағы уақытта екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен форум өткізу мәселесі де маңызды. Бизнес жобаларды, ұсыныстарды талқылауға әзірміз, – деді Арман Сабитов. Ферғана облысы хокимінің туризм, спорт, Мәдениет, мәдени мұра және бұқаралық коммуникациялар жөніндегі орынбасары Хуршиджон Ахмедов Ферғана облысының ауыл шаурашылығы және кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады. –…

Read More

Халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара көмек байланысын орнату ниетін ескере отырып, өзінің корпоративтік қызметін үйлесімді дамыту мақсатында Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстанның Тurkistan media холдингімен арнайы келісім-шартқа отырды. Осы орайда, бүгін Анкара қаласындағы TÜRKSOY кеңсесінде халықаралық ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Тurkistan media холдингінің Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. Енді Тürksoy ұйымы мен Тurkistan media холдингі ресми ақпараттық әріптестер. Бұл ынтымақтастық екі тарап қолдайтын мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұқсас міндеттер мен іс-шараларға қатысты барлық мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар, Türksoy Тurkistan media холдингіне БАҚ саласында жүргізіліп жатқан бағдарламалардың тиімділігін қамтамасыз ету…

Read More

Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Наноспутниктердің ұшырылымы – тәжірибелік сынақ. Оны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті UNICEF-Қазақстанмен бірлескен UniSat білім беру хабының ашылуы аясында жүзеге асырып отыр. UniSat – бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен UNICEF-Қазақстанның бірлескен білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты – наноспутниктерді жасау саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамыту. Бағдарлама гендерлік стереотиптерді жоюға және STEM білім беру саласындағы қыздардың үлесін арттыруға бағытталған. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған және салмағы 1-ден 10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары класына жатады. Олар бірнеше камера және сенсорлармен…

Read More

Бүгінгі таңда Түркістан облысында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жобада бірнеше қосымшалар жұмыс істейді. Бұл туралы Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді. Басқарма басшысының хабарлауынша, қазір «109» Call-орталығы Түркістан облысы бойынша жұмыс істейді. Call-орталығына шілде айынан бастап 11 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Бұдан бөлек, 943 мектепте 2500 бейнебақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталықтарына барлығы 6000 бейнебақылау камералары қосылған. Мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттеріне 2524 камера орнатылған. Ал, облыс және қала аумағында 266 «Сергек» камералары қосулы. Шаһардағы 7 835 құрылғы 5G Kcell желісіне қосылса, қоғамдық орындарда 32 тегін Free Wi-Fi нүктелері жұмыс істеуде. Сонымен…

Read More

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты. – Жыл сайын елімізде әскерге шақырылатын 17 мың азаматтың 4 мыңы Түркістан облысынан жіберіледі. Осы ретте биыл наурыз айынан бастап 2 мыңнан аса азамат Отан алдындағы әскери борышын өтеуге жөнелтілді. Атап айтқанда, ҚР Қарулы Күштеріне 850-ден астам, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 300-дей адам, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне 10-нан астам адам, ҚР Ұлттық ұланға 900-ге жуық адам, сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдайлары министрлігінің тапсырысына сай 30-дай адам жіберілді. Қазіргі таңда өңірімізде күзгі әскерге шақыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы…

Read More

Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Жастық» стадионында Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысына қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтуде. Достық кездесуге облысқа қарасты 17 қала, ауданнан дін сала қызметкерлерінен құралған командалар қатысып жатыр. Түркістан облысына қарасты имамдары мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарысты тоқсан сайын өткізу жоспарланып, бұл жарыс кезек реттілігіне орай Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі қоғамда салуатты өмір салтын ұстану – басты қағидалардың бірі. Халық арасындағы ауызбіршілік, ынтымақ, бірлікті сақтауға негіз болған…

Read More

Түркістан қаласы аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылып, жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрайды. Биыл Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қазіргі уақытта қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр. Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүзеге асырылуда.

Read More

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-93 «Қасқасу-Кеңесарық-Майбұлақ» автомобиль жолының 1,65 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, қауіпті аймақтарға 250 метр қашықтықта арнайы темір жолақтар орнатылды. Сондай-ақ, елдімекеннің ішіне 2 жақтама аяқжол салынып, 55 дана жарықтандыру шамдарымен қамтамасыз етілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жөндеу жұмыстарын мердігер «Достық Спец Транс» ЖШС жүргізген. Атқарылған жұмыстардың сапасы тиісті мекеме тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Read More

Түркістан облысында биыл 34 мектеп ашылады. Солардың бірі –Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданында салынуда. Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев құрылысы аяқталуға жақын 900 орындық мектептің құрылысымен танысты. Жыл санап бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі туындаған болатын. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуда. Қазіргі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы – 2,6 гектарды құрайды. Аталған аумақта оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана сондай-ақ спорт алаңшасы орналасқан. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесі…

Read More