Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ӨМІРДІ СҮЙ» МӘДЕНИ-ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ӨМІРДІ СҮЙ» МӘДЕНИ-ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

    06.10.2022
    Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ерекше зәрулігі бар жандардың қатысуымен «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара өнерлі ерекше зәрулігі бар жандардың қолөнер туындыларының көрмесімен бастау алып, концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт қайсар жандарды арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.
    – Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген сіздер – біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан басшысы.
    Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өленді мәнерлеп оқу сынды өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
    Бүгінгі таңда елімізде ерекше зәрулігі бар жандарға мемлекет тарапынан ерекше басымдық беріліп, қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша Түлкібас ауданында мүгедектігі бар 5610 тұрғын есепте тұрады, ауданның жалпы тұрғындарының 5%-ын құрап отыр.
    Жыл басынан бері 153 мұқтаж азамат 273 дана протез-ортопедиялық құралдармен қамтылды. 40 тұрғын сурдотехникалық құралдармен, 50 азамат тифлотехникалық құралдармен, 124 азамат қол арба құралдарымен қамтылған. Мүгедектігі бар 123 азаматқа жеке көмекші тағайындалған. Санатория-курорттық емдеуге мүгедектігі бар 399 азамат жолдамамен қамтылса, зейнеткерлерге демалыс үйіне 531 жолдама бөлінген.
    Ауданда «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» ММ-де 18 жасқа дейінгі 151 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға көмек беріліп жатыр. Оның ішінде 43 бала «Күндізгі қатынау» бөліміне тасымалданып, бекітілген стандарт негізінде әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіліп келеді. Бұдан бөлек ауданда орналасқан облыстық «Оңалту орталығында» мүмкіндігі шектеулі 25 бала, «Медеу» үкіметтік емес ұйымында 40 бала қызмет алып, тәрбиеленіп жатыр.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.