Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»КӨП ТІЛ БІЛЕТІН МИНИСТРЛЕРДІҢ РЕЙТИНГІ ЖАРИЯЛАНДЫ
    Аймақ

    КӨП ТІЛ БІЛЕТІН МИНИСТРЛЕРДІҢ РЕЙТИНГІ ЖАРИЯЛАНДЫ

    03.10.2022
    Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz тілді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады.
    Тілдерді білу көрсеткіші бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.
    Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр: әрқайсысы бес тілде сөйлейді.
    Үздік үштікті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түйіндейді: әрқайсысы төрт тілді біледі.
    Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, ҚР-да ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен. EF EPI 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан тізімнің соңында дерлік болды: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында. ҚР ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Көрсеткіш — 426.
    ТМД елдері арасында ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген елдер қатарына Молдова, Беларусь, Украина және Ресей, ал деңгейі төмен елдер ретінде Армения мен Әзербайжан кіреді. ТМД-ның қалған елдері ағылшын тілін меңгерудің өте төмен деңгейін көрсетті. Олардың ішінде Өзбекстан Қазақстан Республикасынан жоғары, ал Қырғызстан мен Тәжікстан төмен болды.
    Рейтингте Еуропа елдері көш бастап тұр — Нидерланды, Австрия және Дания. Соңғы орында — Йемен.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.