Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ПРЕЗИДЕНТТЕН АЛҒАН МАРАПАТ МЕРЕЙІМДІ ӨСІРДІ – ҰСТАЗ ПЕРНЕБАЙ АРЫНОВ
    Аймақ

    ПРЕЗИДЕНТТЕН АЛҒАН МАРАПАТ МЕРЕЙІМДІ ӨСІРДІ – ҰСТАЗ ПЕРНЕБАЙ АРЫНОВ

    03.10.2022
    Сауран ауданы Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан Қызыл әскер орта мектебінің мұғалімі Пернебай Арынов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды. Бұл ауыл мұғалімінің абыройын арттырып, мерейін өсірді.
    Бүгінде ұлағатты ұстаз таққан «Шапағат» медалін қызықтап көрушілер көп. Ауылдың атын шығарып, абыройын арттырған азаматтың есімін жерлестері де мақтанышпен айтып отыр.
    Ал, шапағаттың шарапатына бөленген ұстаз бұл марапат еңбекті еселей түсу үшін серпіліс сыйлағандығын жеткізді.
    «Бұл тек қана менің ғана марапатым емес, барлық Түркістан облысының ұстаздарының еңбегінің бағасы деп білемін. Еңбек ер атандырады деген осы болар» — дейді ол.
    Пернебай Арынов 2001 жылдан бері Қызыл әскер жалпы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
    Ауыл мектебінің әлеуетін арттырып, шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде жеткен жетістіктері көп.ҰБТ-дан үздік шыққан оқушылары бүгінде еліміздің беделді оқу орындарында оқып жүр.
    Одан бөлек, оқытқан балалары аудандық, облыстық, тіпті республикалық білім бәйгесінен жеңімпаз атанған.Өзі де жиі жиі білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырып отырады. Байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген кездері көп.
    Мәселен, «Үздік география алаңы» қалалық байқауынан 3-орын, қалалық пән мұғалімдер олимпиадасынан 1-орынды жеңіп алған ұстаз ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Құрмет» грамотасымен марапатталып, «Ең үздік мұғалім» атанған.
    Сондай-ақ, аудан әкімінің, «Аманат» партиясының алғыс хатын иеленді. Еңбек жолында бірнеше мақаласы қалалық және республикалық баспасөз беттерінде жарияланды.
    «Ел үшін еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп жүргенімді мақтан тұтамын. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларына сәйкес қазіргі таңда мұғалімдердің жалақысы өсіп, мәртебесі артып келеді. Білімге деген көзқарас та оңалды. Ұлы Абай атамыздың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» — деген сөздері бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы жолында жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар үшін Президентімізге алғыс айтамын» — дейді Пернебай Сапарбайұлы.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.