Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелерді ашық талқылау мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесті. Оларды жеке-жеке тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескерді. Басқосу барысында ағын су жетіспеушілігінен туындайтын проблемалар, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мен несиелендіру, жер мәселесі, минералды тыңайтқышты уақытылы жеткізу, мақтаның нақты бағасының белгіленуі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ ветеринария саласына реформа жүргізіп, дербес басқарма ретінде дамытуды ұсынды. Шаруаларды алаңдатқан мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Олардың талабын мұқият тыңдаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір мәселеге жіті назар аударатынын жеткізді. Жауаптыларға бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Мақта бағасының белгіленуіне орай ірі зауыт иелерімен келісімге келуге кірісті. – Ауыл шаруашылығына қажетті ағын су мәселесі…
Автор: ais_media
Түркістан облысы, Шардара ауданының қазыналы қариялары бата беруден сайысқа түсті. Шараның басты мақсаты – дәстүрлі баталарды дәріптеу, кейінгі ұрпаққа насихаттап, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту. Ақсақалдар ауданға қарасты барлық ауылдық октургтердің батагөй қариялары қатысқан байқаудың бірінші айналымынан сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алған. Бата сайысы екі кезең бойынша өткізіліп, қорытындысы бойынша Қыстау Ілесов ақсақал «Ең батагөй» қария атынып, бас жүлдені иемденді. I орын Болат Жамалханұлына, II орын Қонарбай Сейдалиев қарияға бұйырды. Ал III орынды Әнуарбек Нысанов ақсақал жеңіп алды. «Батаменен ел көгерер» атты қариялар арасында бата беруден жарыс «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. — Біздің қазақ ұлты тегінен сөз қадір біліп,…
Биыл Түлкібас ауданына тиісті басқарма тарапынан 19 млрд.946 млн.теңге инвистиция тарту жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда ауданға 7 млрд. 300 млн.теңге инвестиция тартылып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 116,9 пайызға орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есембаева баяндады. Жиында сонымен қатар, биылғы жылу беру маусымындағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды. Жылу беру маусымына дейін халыққа улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау бойынша аралау жұмыстарын күшейтуді тиісті мекеме мен ауыл әкімдеріне жүктеді. Түсіндіру жұмыстарына қажетті жадынама парақшалары мен үгіт-насихат…
Түлкібас ауданының орталығынан «Керуен» спорттық сауықтыру бассейні ашылды. Спорт кешенін өз қаражатына салдырған жергілікті кәсіпкер Мұрат Нығметов бұған дейін де жазғы бассейн ашып, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға ақысыз шомылуға жағдай жасаған болатын. Спорт кешенінің ресми ашылу салтанатына келген аудандық мәслихаттың хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді. Айта кетерлігі, кешен бір уақытта 100-ге жуық адамды қабылдай алады. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің тиісті бөлімімен бірлесе отырып, арнайы бағдарламалар дайындалатын болады.
Бүгін ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу еркін форматта, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Басқосуда Ақментай Үсенұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында айтылған реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Басты стратегиялық құжатты іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылатынын мәлімдеп, мемлекет саясатын іске асыру жолында бір кісідей атсалысу керектігін атап өтті. «Біз жергілікті әкімдіктердің жанынан құралған қоғамдастық кеңестің мүшелелері ұсынған жұмыстарды іске асыруға күш жұмылдырып жатырмыз. Атап айтқанда, сұранысқа сай мектеп, дәрігерлік амбулатория, жол құрылысы…
Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов баспана иелеріне салатанатты түрде баспана кілттерін табыстап, құттықтауын жеткізді. «Пәтерлер шын мұқтаж азаматтарға беріліп отыр. Баспана алған отбасыларды, азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Алдағы уақытта да баспанаға мұқтаж отбасыларды үймен қамту жұмыстары жүретін болады», — деді аудан басшысы. Аталған баспаналар көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы отбасыларға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға беріліп отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық тұрғын үй кезегінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша – 772, «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша – 526…
Жыл басынан бері Түркістан облысында кісі өлімі, тонау және бұзақылық фактілері төмендеген. Соның ішінде ауыр қылмыстар санатындағы ұрлықтың ашылуы өткен жылғы 69,1 пайызға дейін жақсарды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі криминогендік жағдай мен қоғамдық қауіпсіздік туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндады. Облыста қауіпсіздік, және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша, қажетті шаралар қабылдануда. Соңғы үш жылда Түркістан облысы аумағында интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмысы артқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидалары жыл сайын әшкереленіп, бірнеше жүздеген адамдар осы қылмыстардың құрбаны болып жатқанына қарамастан, азаматтар жеңіл әрі тез ақша табуына сеніп, осындай алаяқтарға…
Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы бастаған барша ақ жаулықты аналар Түркістан қаласының көпшілік орындарында әуелетіп ән салып, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй шертті. Ардақты аналардың өнеріне жұртшылық тәнті болды. Шара барысында болашақ ана болар бойжеткен қыздар өздерінің қос бұрымын өріп, ата-баба салтын…
Форум қатысушылары шара басталмас бұрын Төлеби ауданындағы Бекасыл баба кесенесіне барып, құран бағыштады. Музейімен танысты. Кеңесарық ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қасқасуда қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды. «Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін асыл мұра. Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми туынды деп бағалаған» делінген Президент құттықтауында. Сондай-ақ атаулы шараға белгілі мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Сауытбек…
«Дүниежүзілік тазалық күніне» орай бүгін Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған сенбілікке оның орынбасарлары, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев қатысып, түркістандықтармен бірге «Жібек жолы» саябағында ағаш екті. Тазалық шарасына 1 мыңға жуық түркістандық белсене атсалысты. Облыс әкімі табиғат жанашырларына алғысын айтып, барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Тек қана сенбілік есебінде аталып өтпей, жүйелі түрде жасалатын іс болуы керек екенін айтты. Облыс аумағында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілер белсенділік танытып, жалпы 30 мыңға жуық адам қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосуда. Сенбілікте саябақтар…