Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ V ФОРУМ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ V ФОРУМ ӨТТІ

    18.09.2022
    Форум қатысушылары шара басталмас бұрын Төлеби ауданындағы Бекасыл баба кесенесіне барып, құран бағыштады. Музейімен танысты. Кеңесарық ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
    Қасқасуда қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды.
    «Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін асыл мұра. Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми туынды деп бағалаған» делінген Президент құттықтауында.
    Сондай-ақ атаулы шараға белгілі мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов,
    мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Қырғыз елінен келген делегацияны бастап келген халық ақыны Кожогелді Күлтегін мен Жоғарғы кеңесінің экс спикері Зайнидин Құрманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысса, форум модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды. Спикерлер баба рухына арнап сөз сөйлеп, шара туралы ойларымен бөлісті.
    Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымы мол шығармасы жайында Зәріпбай Оразбай, Бекасыл Биболатұлының аңыз-әңгімелері жайында Сауытбек Абдрахманов, Алтынбек Құрманов форум қатысушыларына баяндама оқыды. Автордың «Зикзал» атты еңбегінің бүгінгі күнге жету тарихы туралы Анарбек Орман баяндады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    16.11.2026

    КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    16.11.2026

    Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі

    16.11.2026

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.