Автор: ais_media

В последние годы накопившиеся проблемы в сфере жилищно-коммунального хозяйства стали одной из ключевых тем общественной повестки. В частности, жителей все больше беспокоят недостаточная прозрачность системы управления многоквартирными домами, вопросы доверия между жильцами и управляющими организациями, а также слабая культура ответственности за общее имущество. В этой связи партия «AMANAT», уделяя особое внимание вопросам, волнующим население, проводит форум-семинары, направленные на выработку системных и конкретных решений. В своем Послании народу Казахстана Глава государства Касым-Жомарт Токаев поставил задачу формирования новой модели управления жилищно-коммунальной инфраструктурой. В рамках исполнения данного поручения партия «AMANAT» реализует проект «TURGYNDAR AMANATY», направленный на создание эффективной системы управления жилыми домами, укрепление…

Read More

Кейінгі жылдары елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелер қоғам талқысының өзегіне айналып отыр. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі, тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы сенім мәселесі, ортақ мүлікке жауапкершілік мәдениетінің әлсіздігі халықты алаңдататын негізгі түйткілдердің біріне айналды. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы ел аумағында тұрғындарды толғандырған мәселелерді басты назарға ала отырып, жүйелі әрі нақты шешім әзірлеуге бағытталған форум-семинар өткізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды басқарудың жаңа моделін қалыптастыру міндетін қойды. Осы тапсырма аясында «AMANAT» партиясы тұрғын үйлерді тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға, тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға және саладағы ашықтықты арттыруға…

Read More

2026 жылдың 13-14 мамыр күндері Тараз қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Республикалық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен төрағасы, қоғам қайраткері Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты ауқымды халықаралық форум өтті. Бұл маңызды форумға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің “Тұлға дамыту және ҚХА” орталығының басшысы, Университет “Аналар кеңесінің төрағасы Г. Жанысбекова бастаған делегация мүшелері — Ж. Аульбекова, Ұ. Темирова және Г. Парменкулова форумға қатысты. Форум аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген Аналар кеңесінің өкілдері мен шетелдік сарапшылар бас қосты: Халықаралық қонақтар: Түркиядан профессор Еке Учан Нагехан және Қырғыз Республикасынан Юлия Денисенко отбасы институты мен әйелдердің психоәлеуметтік…

Read More

Шымкент қаласының полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында тағылымдық әрі тәжірибелік кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін айқындау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызметке жаңадан келген жас мамандардың бойында адалдық, жауапкершілік және кәсіби әдеп қағидаларын қалыптастыру болды. Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылары арнайы шақырылып, жас полиция қызметкерлері, оқу орталығының тыңдаушылары және «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты. Жиын барысында жеке құрам арасындағы…

Read More

«Тұран» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби аудан прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлім прокуроры Нұрдаулет Ақылбекұлы Алжан, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері полиция капитандары Бахытжан Турсунбаевич Бекбаев пен Ердаулет Қанатұлы Ералиев, сондай-ақ Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр қатысты. Кездесу барысында жастарға интернет алаяқтық, киберқауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Read More

Сарыағаш ауданында халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Сарыағаш қаласында заманауи талаптарға сай салынған “Kinoland Saryagash” кинотеатрының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, көпшілікке ақжарма тілегін арнап, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Кәсіпкерге алдағы жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, өңірдің мәдени-рухани дамуына үлес қосып отырған кәсіпкерге алғыс білдірді. Аудан тұрғындары сапалы кинотуындыларды тамашалау үшін өзге өңірлерге бармай-ақ, туған жерінде заманауи үлгідегі кинотеатр қызметін пайдалана алатын игі бастама екенін атап өтті. Жаңа кинотеатр аудан тұрғындарының мәдени демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі…

Read More

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен, мектеп директорларымен, мектеп психологтарымен және Психологиялық қолдау орталығының басшысымен бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көңіл-күйдің туындау себептері, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтау шаралары талқыланды. Сонымен қатар мектептер, ата-аналар, психологиялық қызметтер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиын қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге, психологиялық көмектің тиімділігін арттыруға және білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар үшін…

Read More

2026 жылғы 10–15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті өтеді. Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін еліміз үшін аса маңызды халықаралық деңгейдегі тарихи іс-шараның ұйымдастырылуына байланысты қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және саммиттің жоғары деңгейде өтуі мақсатында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні туралы хабардар етеміз. Уақытша шаралар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңы, Жаңа қала аумағы, 9-шы көше, Саттарханов даңғылы, сондай-ақ қажеттілікке байланысты жекелеген көшелерде енгізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде енгізілетін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сонымен қатар жол қозғалысын реттеу мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылатын болады. Бұл шаралар…

Read More

Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 15 мамыр күні Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, қозғалысқа шектеу келесі аумақтар мен көшелерде кезең-кезеңімен енгізіледі: «Алтын шаршы» аумағы, Батырбеков, Т.Бокин, С.Қожанов және Байбұрт көшелері, «Керуен сарай» туристік аймағы, Б.Саттарханов даңғылы, №11 көше, №32 көше, №9 көше, Шымкент тас жолы, Есім хан даңғылы және Әуежай тас жолы. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғау…

Read More

Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Департамент бастығының нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 11–16 мамыр аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қандай да бір қылмыстық немесе құқық бұзушылық әрекеттердің куәсі болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. #заңментәртіп #зорлықзомбылыққажолжоқ

Read More