«Мен жақында Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды ұсындым. Сонымен қатар Алтын Орда мәселесін зерделеп жүрген шетел мамандарын жұмылдырып, баспа саласына қатысты іргелі бастамаларды қолға алу қажет. Креативті индустрия және медиа бағытындағы түрлі жобалар, ең алдымен, академиялық зерттеулерге арқа сүйеуі керек. Жаһандану, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік, яғни, номадизм тұжырымдамасы туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру – өте маңызды. Бүгінде бұл ұғымның сипатын «цифрлық көшпенділердің» жасампаз рухы мен сарқылмас күш-қуатынан айқын көруге болады. Әділдік, ашықтық және мәдениеттер диалогі – Дала өркениетіне арқау болған құндылықтар. Осы мемлекеттілік дәстүрін жан-жақты зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ…
Автор: ais_media
«Өйткені бұған атүсті қарауға болмайды. Олай болған жағдайда әлемдік тарихтағы осындай бірегей құбылысқа қатысты ұстаным өзгереді. Ал ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Өкінішке қарай, әлемдік маңызы бар ірі тарихи оқиғаларды бұрмалаған мысалдар қазір де кездеседі. Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронологиясына байланып қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының нәтижелі сәттеріне мән берген жөн. Әлбетте, бұл оңай міндет емес. Себебі тарлан тарихтың бағзы дәуірлерден бастап қазіргі дейінгі шежіресінде соғыстар мен қарулы қақтығыстар өте көп кездеседі. Мұндай көріністің қалыптасуы да түсінікті: бейбіт күндегі күйбең тіршілікті сипаттағаннан гөрі қан майдандағы бітіспес ұрыстарды жазған әлдеқайда…
«Бұл – ұлт жылнамасы мен әлем тарихы үшін өте маңызды мәселе. Біз халықаралық ғылым қауымдастығымен бірлесе отырып, осы тақырыпты жүйелі әрі жан-жақты зерделеу жұмысын жалғастыруымыз керек. Бірнеше күнге созылатын іс-шараның негізгі мақсаты да – осы. Бұл тұста Қазақстанның бастамасына қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО басшылығына ризашылығымды айтқым келеді. Бұл форумға қатысып отырған ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азуле ханымға алғысымды айтамын. Сіз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы әріптестікті нығайтуға мол үлес қостыңыз. Симпозиумның осындай беделді жаһандық ұйым аясында өтуі Алтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасы зор екенін көрсетеді. Бүгінгі жиынға ЮНЕСКО-ның жоғары деңгейдегі өкілі, Бүкіләлемдік мұралар орталығының директоры Элунду Ассомо Лазар мырза…
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен келген тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Президент өз сөзінде Алтын Орда тарихының адамзат өркениетіндегі ерекше орнына тоқталды. Оның айтуынша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында билік құрған қуатты империя ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып, түрлі мемлекеттер мен өркениеттердің дамуына зор ықпал еткен. Мемлекет басшысы бұл тақырыптың әлі де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті. «Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен…
Шымкент қаласында шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, биыл республика бойынша суға бату деректері тіркеліп отыр. Оның ішінде жасөспірім балалар да бар. Ал Шымкент қаласында 2026 жылдың басынан бері су айдындарында жазатайым оқиға тіркелмеген. Қазіргі таңда қала аумағында жаппай демалыс пен су спортына арналған 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 жерде суға түсуге рұқсат берілген. Сонымен қатар, 20-ға жуық аквасаябақ пен бассейн халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері құтқарушылар мен полиция қызметкерлері…
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қаржылық пирамидалардың қоғамға төндіріп отырған қаупі туралы айтты. Мамандардың мәліметінше, соңғы уақытта тұрғындарды жоғары табысқа қызықтырып, заңсыз қаржы жинайтын ұйымдардың белсенділігі күшейген. Брифинг барысында қаржылық пирамидалардың басты ерекшеліктері түсіндірілді. Атап айтқанда, мұндай ұйымдар азаматтарға қысқа мерзімде көп пайда табуды ұсынып, жаңа қатысушыларды тарту арқылы жұмыс істейді. Көп жағдайда олардың нақты өнімі де, заңды қаржылық қызмет көрсетуге рұқсаты да болмайды. Жиында «Nazira Gold» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс те мысал ретінде келтірілді. Тергеу барысында ұйымдастырушылардың интернет арқылы жарнама жасап, мыңдаған адамды қаржы салуға көндіргені анықталған. Салымшыларға бірнеше…
2026 жыл елімізде «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі жылы» деп жариялануына байланысты, 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика көлемінде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды акция өтеді. Іс-шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту. Сонымен қатар, полиция қызметінің беделін арттыру және түрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделген. Іс-шара аясында дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер, рейдтік жұмыстар, қайырымдылық акциялар ұйымдастырылып, қоғам өкілдері, жастар мен еріктілердің қатысуымен флешмобтар өткізіледі. Ерекше назар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау…
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерімен құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, байланыс мәліметтері көрсетілген визиткалар таратты. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар учаскелік полиция пунктеріне жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қол-саусақ іздері алынды. Бұдан бөлек, есепте тұрған қару иелеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, қаруды сақтау талаптарының сақталуы бақылауға алынды.
Шымкент қаласында №16 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылуы өтті. 9 сыныптың 30 оқушысы жаңа кезеңге қадам басып, жас тәртіп сақшылары қатарына қосылды. Жоба жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты, тәртіпті, заңға құрметті және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Салтанатты шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев оқушыларға Отанға адал қызмет етудің маңызын айтып, әділ болуға шақырды. «Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін құқықтық тәрбие, дене шынықтыру және полиция қызметінің қыр-сырын таныстыруға бағытталған арнайы сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлерімен бірлескен патриоттық және профилактикалық іс-шараларға қатысады. Мамандандырылған сыныптың ашылуы -…
2026 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, ел Президентіне деген сенім деңгейі 86,7%-ды құрады. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен дамыту бағытын қолдайтынын аңғартады. Президентке деген ең жоғары сенім жастар арасында байқалды – 91,4%. Сарапшылар мұны жас буынның мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктерді белсенді пайдалануымен байланыстырады. Атап айтқанда, білім гранттары, түрлі қолдау бағдарламалары, цифрлық қызметтер мен әлеуметтік бастамалар жастардың мемлекетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, қазіргі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасқан буын ретінде ерекшеленеді. Сауалнама нәтижелері…