Автор: ais_media

Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне көктемгі шақырылым аясындағы алғашқы жас толықтыру келіп жетті. Бұл жолы әскери бөлімге Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған 30-ға жуық және Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен келген 20-дан астам бозбала мерзімдік әскери қызметін өтеуге аттанды. Әскери бөлімге келген жас сарбаздарды командирлер қарсы алып, алдағы қызметтің ерекшеліктері мен әскери тәртіп талаптарын түсіндірді. Алғашқы күні-ақ бозбалалар моншаға түсіп, әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Бұдан кейін жас толықтыру сапқа тұрғызылып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Алдағы бір ай бойы сарбаздар Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында орналасқан оқу пунктінде жас…

Read More

Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Шымкентцемент» ЖШС басшысы Константин Артюховпен арнайы кездесу өткізді. Басқосудың басты мақсаты — аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелердің орындалу барысын пысықтау болды. Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аудан әкімдігі, «Шымкентцемент» ЖШС және «Киелі Қазығұрт» мекемесі арасында жасалған үшжақты меморандум аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Ақбастау, Алғабас, Киелітас, Абай және Ұйымшыл ауылдарында жүзеге асырылатын жобалардың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, ел игіліге арналған нысандар салу, ауыз су жүйелерін жетілдіру сынды халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларға басымдық берілді. Аудан басшысы инвестор тарапынан қабылданған міндеттемелердің сапалы…

Read More

ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы Жәнібек Ахметов Төлеби ауданына арнайы іссапармен келіп, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловпен бірге Ленгер қаласындағы 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің жай-күйі назарға алынды. Заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа баспаналар тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген. ҚР Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы Жәнібек Базылұлы тұрғындармен кездесу барысында тұрғын үйлердің құрылыс сапасы мен жасалған қолайлы жағдайларға ерекше тоқталып, бұл жобалардың халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті. Сонымен қатар, Зертас ауылдық округіне қарасты Шомшақты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік…

Read More

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Қабланбек» кеден бекетінің жұмыс барысымен танысып, аумақтағы инфрақұрылымды жетілдіру , қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы өзекті мәселелер бойынша сала басшыларымен бірге арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бекет аумағын аралау барысында аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабеков және «Евразия» ЖШС-нің өкілдерімен бірлесіп, кеден бекеті маңындағы көлік қозғалысын реттеу, кептелістердің алдын алу және тұрғындар мен келушілерге қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар, кеден бекеті аумағындағы ақпараттық жүйені жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ақпараттық тақтайшалардың санын көбейтіп, оларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастыру арқылы келушілерге қолайлы орта қалыптастыру ұсынылды. Кеден бекеті…

Read More

Құмтүйін елді мекенінде қайырымдылық пен бірлікті насихаттаған тағылымды іс-шара өтті. Сауран ауданының 1989 жылы туған азаматтарының бастамасымен бір отбасыға жаңа тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Тұрғын үй кілтін табыстау рәсіміне Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, қайырымды іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдірді. -Халқымыз қашанда ынтымақ пен жанашырлықты жоғары бағалаған. Бүгінгі игі бастама ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай сауапты іске атсалысып жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді аудан басшысы. Іс-шара барысында тұрғын үй құрылысына белсенді қатысқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, аталған қайырымдылық бастамасы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақытқа дейін бірқатар отбасы…

Read More

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл штабының бірлескен отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың, прокуратураның өкілдері, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Онлайн форматта ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов пен ведомство өкілдері қосылды. Күн тәртібінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ білім беру ұйымдарында есірткінің таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев қаладағы криминогендік ахуал тұрақты екенін атап өтіп, интернет-алаяқтық, ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтар және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мәселелері ерекше бақылауда…

Read More

В Шымкенте зафиксирован самый высокий за последние семь лет рост валового регионального продукта, что подтверждает устойчивую динамику социально-экономического развития города. По итогам 2025 года валовой региональный продукт мегаполиса достиг 5,7 трлн тенге, увеличившись на 11% по сравнению с предыдущим периодом. Данный показатель значительно превышает среднереспубликанский уровень (6,5%). По объёму экономики Шымкент занимает второе место среди регионов страны, уступая лишь столице. Существенный вклад в рост экономики внесли развитие промышленного производства, запуск новых предприятий и реализация инвестиционных проектов в обрабатывающем секторе. Положительная динамика также обеспечена активным развитием строительной отрасли, увеличением объемов жилищного строительства, реализацией инфраструктурных проектов и расширением торгового оборота. Структура валового…

Read More

2025 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 5,7 трлн теңгені құрап, өсім 11%-ға жетті. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен (6,5%) едәуір жоғары. Нәтижесінде мегаполис өңірлер арасында Астана қаласынан кейін 2-ші орында. Бұл – соңғы жеті жылдағы ең жоғары өсім қарқыны. Экономикалық өсімге өнеркәсіп өндірісінің артуы, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалардың жүзеге асырылуы және инвестиция тарту жұмысының күшеюі оң серпін берді. Сонымен қатар құрылыс саласындағы жоғары қарқын, тұрғын үй көлемінің ұлғаюы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және сауда айналымының кеңеюі өңір экономикасының кешенді дамуына ықпал етті. Қазір жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп саласының үлесі 20%, ал сауда саласының…

Read More

Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін әскери қызмет – тек тәртіп пен төзімділік мектебі ғана емес, болашаққа бастар үлкен мүмкіндік алаңы. Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінде қызмет еткен бірқатар сарбаздар мерзімдік әскери қызмет барысында өздерінің табандылығы мен үлгілі еңбегінің арқасында жоғары оқу орындарының білім гранттарын иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл – жас сарбаздардың арманына жол ашқан әскери қызметтің жарқын жемісі. Әскери тәртіп пен достықтың, төзім мен қайсарлықтың ортасында шыңдалған жас жауынгерлер бүгін өз жетістіктерін мақтанышпен айтады. Ефрейтор Қонысбай Нұрым Нұрланұлы: Мен ефрейтор Қонысбай Нұрым Нұрланұлы 2003 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келгенмін.…

Read More

В Шымкенте подвели итоги масштабного городского проекта «Читающая нация», реализованного в рамках инициативы Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева по развитию культуры чтения и повышению интеллектуального потенциала общества. Торжественная церемония награждения победителей состоялась с участием акима города Габита Сыздыкбекова. В ходе мероприятия были отмечены жители Шымкента, активно участвовавшие в продвижении культуры чтения и показавшие высокие результаты в рамках конкурса. Габит Сыздыкбеков отметил, что проект за короткое время показал масштабные результаты: «За короткий период в проекте приняли участие более 66 тысяч жителей, которые прочитали свыше 500 тысяч книг. Это является ярким свидетельством высокого интереса жителей города к духовному развитию и знаниям. Поздравляю…

Read More