Арыс қаласы, Сырдария тұрғын ауданында орналасқан С. Адамбеков мектебін 2006 жылы бітіріп, биыл бітіргендеріне 20 жыл толуына орай өздерінің туған жері – Сырдария тұрғын ауданына тағылымы терең тарту жасады. Олар елге деген құрмет пен туған өлкені көркейтуге деген шынайы ниеттің белгісі ретінде аудан кіреберісінен еңселі арка-қақпа орнатып берді. Салтанатты іс-шараға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ауыл ақсақалдары, жастар және жергілікті тұрғындар қатысты. «Туған жерге туыңды тік» деген қағиданы берік ұстанған түлектердің бұл қадамы көпшілік тарапынан жоғары бағаланды. Жиын барысында қала әкімдігі өкілдері мұндай бастамалардың өңірдің әлеуметтік-рухани дамуына серпін беретінін атап өтіп, түлектерге алғыстарын білдірді. Олар…
Автор: ais_media
Арыс қаласында ұлттық өнерді кеңінен насихаттауға бағытталған «Халық әуені» мәдени жобасы аясында мазмұны терең, тағылымы мол ауқымды концерт өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен жүзеге асырылды. Игі бастаманың негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, қазақ өнерінің үздік туындыларын өңірлерге кеңінен насихаттап, соның ішінде шалғай елді мекен тұрғындарына доңгелете жеткізу болып табылады. Мерекелік кештің шымылдығы Арыс қаласында ерекше ықыласпен ашылды. Қазақ өнерінің көрнекті өкілі Алтынбек Қоразбаев бастаған мәртебелі өнерпаздар тобын Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев пен арыстықтар қалаға кіреберіс тұстан арнайы қарсы алып, зор құрмет көрсетті. Қала басшысы қонақтарға ұлттық дәстүрге…
Түркістан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сала үздіктері арнайы марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында өңірдің рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарының еңбегі жоғары бағаланды. Атап айтқанда, Арыс қаласының мәдениет саласының ардагері, Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен Садықова Гүлнар Әшімқызына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат – көп жылғы қажырлы еңбек пен мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі. Гүлнар Әшімқызы саналы…
Бүгін Арыс қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылы аяқталып, «Білімім – Отаныма!» ұранымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Ашық аспан астында, мектеп аулаларында өткен мерекелік жиындарға ұстаздар, ата-аналар, түлектер мен ардагер педагогтер қатысты. Осы орайда Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, мектеп бітіруші түлектерді жаңа өмір белесімен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде білім мен тәрбиенің адам өміріндегі маңызына тоқталып, жас буынға алдағы өмір жолында сәттілік тіледі. Әкім шәкірттердің ұстаздар мен ата-аналардың сенімін ақтап, ел болашағына қызмет ететін білімді әрі отаншыл азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, осы мектептен 20 жыл бұрын түлеп…
В Шымкенте состоялся первый показ масштабного республиканского проекта «Хроникадан – болашаққа» («От хроники к будущему»). Мероприятие, собравшее полный зал в кинотеатре Kinoplexx 9 «Shymkent City Mall» 25 мая, вызвало большой интерес со стороны местной общественности и молодежи. Ирина ГАЛУШКО Организатором этого масштабного просветительского марафона выступил Телерадиокомплекс Президента РК. Проект, приуроченный к 30-летию ТРК, направлен на популяризацию отечественной документалистики и отражение современной истории Казахстана, реализуется при активной поддержке региональных акиматов. Кинолекторий стартовал 21 мая в Астане, после чего показы прошли в Кызылординской и Туркестанской областях, а теперь эстафету подхватил Шымкент. Всего в рамках турне организаторы планируют охватить 20 городов страны, завершив…
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтті. Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған ауқымды жоба отандық деректі киноны насихаттап, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды көрерменге кеңінен таныстыруды мақсат етеді. Кинолекторий аясында көрермен назарына «ARAL» және «Қуатты серіктес» деректі фильмдері ұсынылды. «ARAL» фильмі Арал теңізіндегі балық шаруашылығына ғұмырын арнаған Күнтуған Тұрғынбаевтың өмір жолы арқылы теңіз тағдыры мен өңірдің бүгінгі тынысын бейнелейді. Ал «Қуатты серіктес» деректі фильмі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуын арқау етеді. Іс-шараның ашылуында ҚР Президенті Телерадиокешені Деректі кино орталығының директоры Ақылбек Шалжанов кинолекторийдің маңызына…
Сайрам ауданының өндірістік әлеуетін арттыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жоба қолға алынуда. Ақбұлақ ауылдық округі аумағынан заманауи өндірістік парк құрылысы үшін арнайы 1,9 гектар жер телімі қарастырылды. Жобаның негізгі көрсеткіштері: — Жалпы құны: 900,0 млн теңге; — Өндірістік алаңы: 3 500 шаршы метр; — Жаңа жұмыс орындары: 39 адам тұрақты жұмыспен қамтылады; — Нысандар саны: 5 өндірістік кәсіпорын іске қосылады. Мақсат айқын: Бұл жоба өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық өнім көлемін арттыруға және аудан экономикасына жаңа серпін беруге бағытталған. Өндірістік алаңдар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне толық жағдай…
Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы бүгін №55 жайлы мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектерге ақ жол тіледі. Мерекелік жиында мектеп бітірушілері ән шырқап, дәстүрлі вальс биін биледі. Сонымен қатар, түлектер білім кілтін өздерінен кейінгі буынға табыстап, соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі түлектерді маңызды кезеңмен құттықтап, олардың ел болашағы жолындағы жауапкершілігіне ерекше тоқталды. – Қымбатты түлектер! Сіздер – тәуелсіз еліміздің ертеңі, жарқын болашағысыздар. Алдарыңызда үлкен таңдау мен зор мүмкіндік тұр. Қай салада еңбек етсеңіздер де, адалдық пен білімді серік етіп, туған жерге қызмет етуден ешқашан жалықпаңыздар. Осы күнге дейін сіздерге…
В воинскую часть 5571 Национальной гвардии Республики Казахстан имени Героя Советского Союза, гвардии полковника Бауыржана Момышулы, дислоцированную в Алматы, прибыло первое молодое пополнение в рамках весеннего призыва. На срочную воинскую службу прибыли около 30 призывников, направленных Департаментом по делам обороны области Жетысу, а также более 20 новобранец из Департамента по делам обороны города Астаны. Молодых солдат встретили командиры подразделений, которые ознакомили их с особенностями предстоящей службы и требованиями воинской дисциплины. Уже в первый день новобранцы прошли санитарно-гигиенические процедуры, получили военную форму и были поставлены в строй. После этого молодое пополнение ознакомили с распорядком и жизнью воинской части. В течение месяца…
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті. Маңызды кездесуге Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов қатысып, аудан тұрғындарымен ашық пікір алмасты. Қабылдауға сот орындаушылар, адвокаттар және нотариустар да қатысып, азаматтарға құқықтық кеңестер ұсынды. Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсету. Қабылдау барысында азаматтардың жеке өтініштері мұқият қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, жер дауы, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтеріліп, құқық қорғау…