Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақталған. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Шығын анықталған жағдайда, оны демеушілер есебінен өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылады. Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел жұмыстар жүргізілді. Апаттың салдарын жоюға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топтар күшейтілген…
Автор: ais_media
Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен дәстүрлі іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы салтанатты жиындар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында өтіп, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Түлектерге тәртіп пен қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мерекелік жиынға арнайы қатысып, Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушыларын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтады. Жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар қауымының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегіне ризашылығын жеткізді. – Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен және «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – балалық шақтың…
Сегодня в Шымкенте состоялся показ в рамках второго дня республиканского кинолектория «Хроникадан болашаққа», организованного Телерадиокомплексом Президента Республики Казахстан. Вниманию зрителей были представлены документальные фильмы «СЕРТ» («Обет») и «TRAVEL KAZAKHSTAN», которые считаются одними из лучших авторских проектов Телерадиокомплекса Президента. Фильм «СЕРТ» повествует о единстве народа и самоотверженном труде граждан во время разрушительных весенних паводков 2024 года, охвативших Атыраускую, Актюбинскую, Акмолинскую, Костанайскую, Северо-Казахстанскую и Западно-Казахстанскую области. Через судьбы главных героев в картине показана работа по ликвидации последствий стихийного бедствия и исполнение поручений Главы государства. Документальный фильм «TRAVEL KAZAKHSTAN», в свою очередь, подробно знакомит с туристическим потенциалом и природными богатствами нашей страны. В…
Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады. Іс-шараға және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй және инвесторлар, энергетика саласының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. – Өткен жылдың желтоқсан айында осы жобаның іргетасын қалап, капсула салу рәсімін бірге өткізген болатынбыз. Бүгін құрылыс жұмыстарын ресми…
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күнгі көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрермен назарына Президент Телерадиокешенінің үздік авторлық туындыларының бірі саналатын «СЕРТ» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмдері ұсынылды. «СЕРТ» фильмі 2024 жылдың көктемінде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болған алапат су тасқыны кезіндегі ел бірлігі мен халықтың жанкешті еңбегін баяндайды. Туындыда табиғи апат салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсетілген. Ал «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмі еліміздің туристік әлеуеті мен табиғи мүмкіндіктерін кеңінен таныстырады. Фильмде Қазақстанның әлемдік туризм картасындағы орны мен саланың даму…
Алматы қаласы Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейде соңғы қоңырау биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Әскери оркестр әуенімен өрілген салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысып, мерекенің айрықша сәнін келтірді. Оқу ордасымен шефтік байланыс орнатқан әскерилердің қатысуы түлектер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін де есте қаларлық сәтке айналды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Ел Әнұранын Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери үрмелі аспаптар оркестрі орындады. Ал Мемлекеттік Туды алып шығу құрметі әскери қызметшілерден жасақталған ту ұстаушы топқа берілді. Әскери марштар, сап түзеген сарбаздардың айбынды келбеті мен ерекше рәсімдер соңғы қоңырау салтанатына…
Под звуки военного оркестра, в атмосфере патриотизма и особой торжественности в школе-лицее №210 Алатауского района Алматы прозвенел последний звонок. В этом году традиционное школьное мероприятие прошло с участием военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан, с которыми учебное заведение поддерживает шефские связи. Торжественная линейка началась с исполнения Государственного Гимна Республики Казахстан. Особую атмосферу празднику придало выступление военного духового оркестра воинской части 5571 Национальной гвардии имени Героя Советского Союза, гвардии полковника Бауыржана Момышулы. Почётную миссию по выносу Государственного Флага также доверили военнослужащим. Для учеников, родителей и педагогов такое оформление праздника стало ярким и запоминающимся событием. Военные марши, чёткая выправка знаменной группы и торжественная…
Шымкент қаласында халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында екі ірі медициналық ұйымда күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Қалалық №3 аурухананың бас ғимаратында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аурухана аумағы 2,6 гектарды құрайтын бұл медициналық мекемеде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жөндеу барысында есік-терезелер толық ауыстырылып, жылыту жүйесі мен инженерлік коммуникациялар заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда. Бұл өз кезегінде мекеменің энергия тиімділігін арттырып, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС әзірлеп, ол тамыз айында мемлекеттік сараптамадан сәтті…
В Шымкенте продолжается системная работа по повышению надёжности теплоснабжения и снижению износа инженерной инфраструктуры. В рамках этой работы впервые в Казахстане была внедрена технология внутритрубной диагностики тепловых сетей, апробированная в мегаполисе в формате пилотного проекта. Отметим, новый метод позволяет с высокой точностью проводить сканирование внутренних стенок тепловых труб и выявлять скрытые дефекты, которые невозможно обнаружить традиционными способами. Это даёт возможность заранее определять потенциально опасные участки и принимать меры до возникновения аварийных ситуаций. На сегодняшний день диагностировано 3 200 метров магистральных тепловых сетей на 7 улицах города. Обследование проводилось на трубопроводах диаметром от 426 до 1000 мм. По итогам работ техническое…
Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Мегаполисте жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, апаттың алдын алу мақсатында құбырішілік диагностика технологиясы енгізілді. Бұл технология Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде сынақтан өтті. Заманауи әдіс жылу құбырларының ішкі қабырғаларын жоғары дәлдікпен сканерлеп, жасырын ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде қаладағы магистралды 7 көшеде диаметрі 426-1000 мм аралығындағы 3 200 метр жылу құбырына диагностика жүргізілді. Нәтижесінде құбырлардың техникалық жай-күйі қанағаттанарлық деп танылып, қауіпті учаскелер бойынша нақты техникалық қорытындылар мен ұсыныстар берілді. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл жөндеу шығындарын 20-75%-ға дейін қысқартып, апат тәуекелін едәуір азайтуға мүмкіндік…