Қасым-Жомарт Тоқаев: – Құрметті Владимир Владимирович, елордаға қош келдіңіз! Мемлекеттік сапармен келгеніңізге қуаныштымын. Бұл сапардың елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні зор. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де айрықша мәнге ие деп ойлаймын. Өйткені біздің елдеріміз алып Еуразия кеңістігінің өзегі саналады. Осы орайда екі мәселені ерекше атап өткім келеді. Біріншісі, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме. Жеті – қасиетті сан. Құжат өте мазмұнды. Бұл жөнінде баспасөз конференциясында толығырақ айтамын. Оны өзім қарап, түзетулер енгіздім. Аталған мәлімдеме екі ел жылнамасына маңызды оқиға ретінде енеді деп сенемін. Екіншісі,…
Автор: ais_media
Оқу жылының аяқталуына орай, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шараның өткізілуі кезеңінде шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті. Бұл жолы олар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан зерттеу университетіне барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді. Жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті. Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады.
Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, кең көлемде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Айт намазына жиналған жамағатқа ауданның бас имамы Үсен Саурбаев Құрбан айт мерекесінің рухани маңызы туралы уағыз айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жолданған құттықтау лебізін жеткізді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қасиетті мерекені жоғары рухани көңіл күйде қарсы алуға шақырып, құрбан шалу рәсімі мен оның сауабы жайында кеңінен түсіндірді. Мерекелік жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сеитхан Ахтаев сөз сөйлеп, мешіт жамағаты мен аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен арнайы құттықтап, ақжарма тілегі мен батасын берді. Қасиетті мерекеде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды.…
Бүгінгі таңда жаһандық қоғамдастық технологиялық дамудың ең жоғары сатысына аяқ басты. Мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігі, қаржы жүйесі мен мемлекеттік басқару тетіктері толықтай цифрлық форматқа көшті. Дегенмен, бұл прогресс өзімен бірге үлкен жауапкершілік пен жаңа қатерлерді ала келді. Виртуалды кеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздіктің басты шартының біріне айналды. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Қазақстан киберқалқаны» (Cyber Shield of Kazakhstan) тұжырымдамасы аясында ауқымды стратегиялық жұмыстар атқарылуда. Елдің оңтүстік өңірі, демографиялық әрі экономикалық әлеуеті жоғары Түркістан облысы бұл бағытта тек заманауи IT-технологиялар мен электрондық үкіметті дамытып қана қоймай, киберқауіпсіздікті күшейтуде де алдыңғы қатарлы аймақтардың біріне айналып отыр.…
Бүгінгі таңда өңірлік дамудың басты қозғаушы күші – шикізат емес, интеллектуалды капитал мен жоғары технологиялық инфрақұрылым. Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы саналатын Түркістан облысы соңғы жылдары еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан инновациялық аймақтардың біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді цифрландыру және заманауи технологияларды экономиканың барлық салаларына кіріктіру жөніндегі тапсырмалары Түркістан өңірінде өзіндік өндірістік әрі ғылыми сипатқа ие болуда. Әсіресе, аймақта заманауи инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және жергілікті басқару жүйесесіне ғарыштық мониторинг (жерді қашықтықтан зондтау) технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстар жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Инновациялық инфрақұрылым – жаңа экономиканың іргетасы. Түркістан облысы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруда жүйелі, үйлесімді әрі кешенді тәсілді қолға…
Қазіргі жаһандану дәуірінде аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі оның табиғи ресурстарымен ғана емес, ең алдымен, цифрлық әлеуетімен және инновацияларды енгізу деңгейімен өлшенеді. Қазақстанның рухани астанасы, тарихи тамыры терең Түркістан облысы бүгінде тек мәдени орталық қана емес, сонымен бірге еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан «ақылды» өңірлердің біріне айналды. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмалары аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қауіпсіздік салаларына заманауи IT-шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу – уақыт талабына сай жүзеге асып жатқан басты басымдықтардың бірі. Мемлекеттік…
Ибата елді мекенінде жаңа футбол және балалар ойын алаңшаларының ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен құттықтады. Жоба аясында аумағы 800 шаршы метрді құрайтын футбол алаңы мен 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Шара барысында аудан басшысы бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Футбол алаңы арнайы қоршаумен қоршалып, жасанды жабынмен жабдықталған. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасына ойын құрылғылары орнатылып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы демалысына барлық жағдай жасалған. Жаңа нысандар ауыл жастарының…
Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауыл тұрғындарымен есеп беру мәжілісі өтті. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Мәжіліс барысында ауылдық округтің 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, атқарылған жұмыстар баяндалды. Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. Жалпы жер көлемі 74 мың гектардан асатын ауылдық округте бүгінде 216 шаруа және фермер қожалығы мен 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар тұрғындарды ортақ жайылым жерлерімен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, жайылым жерлерді ортақ пайдалануға беру бойынша меморандумдар түзілгені…
Ибата елді мекенінде көпшілікке қуаныш сыйлаған тағылымды шара өтіп, бір отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. Аталған тұрғын үй Ибата елді мекенінің 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен салынып, ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Түлектер туған жерге деген жанашырлық танытып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады. Шара барысында аудан әкімі игі іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, мұндай бастамалардың қоғамдағы ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтудағы маңызы ерекше екені атап өтілді. Жаңа баспана барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіліп, отбасының жайлы өмір сүруіне қолайлы…