2025 жылғы негізгі көрсеткіштерге сәйкес Шымкент қаласы цифрландыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мегаполис «Smart City Ranking 2025» рейтингісінде республика бойынша 3-ші орындв. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент Астана және Алматы қалаларынан кейінгі үздік үштікке еніп, цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті. Аталған рейтинг қаланың цифрлық жобаларды тиімді жүзеге асырып жатқанын және Smart City бағыты бойынша тұрақты даму динамикасын қалыптастырғанын айқындайды. Smart City көрсеткіші 2025 жылы 82%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Бұл өсім қала инфрақұрылымын цифрландыру, қоғамдық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру, бейнебақылау және интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттарындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар…
Автор: ais_media
Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ауқымды жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 150 орындық заманауи оңалту орталығы. 2024 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бозарық шағынауданында орналасқан кешеннің жалпы аумағы 5,3 гектарды құрайды. Жоба 5 блоктан тұрады және халықаралық талаптарға сай жабдықталмақ. Орталықта І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер осы санаттағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік қолдауды жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған. Кешен аумағында спорт залы, емдік-сауықтыру бассейні, акт…
Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай Ескі Иқан ауылдық округінде шахмат және грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға Түркістан облысының әр өңірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Дәстүрлі спорттық додаға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, жарысқа жиналған спортшылар мен жаттықтырушыларды мерекелік шарамен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы бұқаралық спортты дамыту мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай жарыстар өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жас таланттардың шыңдалуына мүмкіндік беретінін жеткізді. Шара барысында Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті Мансар Орынхан…
Ученик 11 класса специализированной школы-интерната №2 с обучением на трех языках города Шымкент Дастан Рахыманберди установил образовательный рекорд мирового уровня. Добившись высоких результатов на международных испытаниях, он набрал 1480 баллов на экзамене SAT и 7.0 баллов по программе IELTS. На сегодняшний день Дастан получил официальные приглашения от 74 престижных высших учебных заведений из 12 стран мира. Выпускник, вставший на путь научных исканий с пятого класса, является обладателем I места на республиканской олимпиаде по астрофизике, III места на международном конкурсе «Открываем мир науки» и II места на первой в стране олимпиаде по финансовой грамотности. Кроме того, он ярко проявил себя в…
В Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова ведется системная работа по развитию международного образовательного сотрудничества, поддержке молодежных инициатив и созданию условий для повышения качества подготовки будущих специалистов. Одним из ярких примеров такой деятельности стал конкурс ораторского искусства, организованный Институтом Кинг Седжонг. Мероприятие прошло 22 мая 2026 года на базе университета и объединило студентов, слушателей курсов корейского языка, преподавателей и представителей образовательного сообщества. Основной целью конкурса стало развитие языковых компетенций молодежи, поддержка талантливых студентов, а также популяризация международных образовательных и культурных связей. Сегодня владение иностранными языками является важной частью современной системы высшего образования. В условиях глобализации университеты Шымкента активно расширяют международное сотрудничество,…
Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес халықпен есеп беру кездесуі өткізілді. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халықпен ашық әрі тұрақты кері байланыс орнату жөніндегі тапсырмасы аясында мұндай есеп беру кездесулерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Жиында Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшад Саитов 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды. Ауылдық…
Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу жоспарының 7-тармағына сәйкес, Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық білім бөлімімен бірлесіп, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық қылмыстарының түрлері, олардың жасалу жолдары мен сақтану тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, банк картасы деректерін сұрау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс тұлғаларға қаржылық ақпаратты бермеу, күмәнді қоңыраулар мен интернет-дүкендерге сақтықпен қарау жөнінде маңызды кеңестер айтылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, internet кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу…
Жиын барысында полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлеріне 25 мамыр — соңғы қоңырау іс-шарасына байланысты білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру және бақылау шараларын күшейту қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мектеп маңайларында және көпшілік жиналатын орындарда бақылауды күшейту, түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты нұсқаулар берілді. Полиция қызметкерлері аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтілген режимде жалғастырады.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалымен бірлесіп қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан әкімдігінің ашық кеңсе залында өткен қабылдауда тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Ашық диалог алаңына айналған кездесуде тұрғындар негізінен тұрғын үйге қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіне тұру, кезектің жылжу барысы, әлеуметтік пәтерлерді бөлу шарттары, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу, сондай-ақ коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді. Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір тұрғынның өтінішіне жіті назар аударып, халықтың мұң-мұқтажы әрдайым басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар, көтерілген…
Түркістандағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов ашып, әкімшілік әділет саласының еліміздегі құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызын атап өтті. Ол Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашқанын айтты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, аталған заңның халықтың құқықтарын қорғаудағы және…