Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасының №6 жылжымалы пункті негізінде жұмыс істейтін 5574 әскери бөлім кітапханасы – жеке құрамның рухани дамуына, білімін жетілдіруге және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған маңызды мәдени-ағартушылық орын. Кітапханада қазіргі таңда 102 тұрақты оқырман тіркелген. Бұл көрсеткіш әскери қызметкерлердің кітап оқуға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Кітапхана қоры әртүрлі бағыттағы әдебиеттермен толықтырылған. Мұнда көркем әдебиет, тарихи кітаптар, электронды басылымдар, әскери-патриоттық шығармалар, ғылыми-танымдық еңбектер, сондай-ақ газет-журналдар бар. Оқырмандар өздеріне қажетті кітаптарды еркін таңдап, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алады. Аталған кітапхананың жұмысын жандандырып, оны жаңа деңгейге көтеріп отырған кітапхана бастығы, қызметші Ұлпан Сисенованың еңбегі ерекше. Ол кітапхана жұмысында жаңашыл әрі…
Автор: ais_media
Қазақстанда цифрландыру үдерісі мен киберқауіпсіздік мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Әсіресе интернет-алаяқтық пен трансұлттық киберқылмыстардың артуы жағдайында халықаралық ынтымақтастықты күшейту – уақыт талабынан туындаған маңызды міндет. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өкілдерінің халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы елдің цифрлық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Осы орайда 16-17 наурыз күндері Австрияның Вена қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмысқа қарсы басқармасы мен Интерполдың бірлесуімен ұйымдастырылған интернет-алаяқтыққа қарсы жаһандық саммит өтті. Ауқымды халықаралық жиынға 130-дан астам елдің өкілдері қатысып, оның ішінде 17-ден астам министр, сондай-ақ 40-тан астам халықаралық компаниялар мен ұйымдардың сарапшылары бас қосты.…
Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқынды дамып, экономиканың барлық салаларын қамтып келеді. Әсіресе техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын енгізу – заманауи талаптарға жауап беретін білікті кадрларды даярлаудың маңызды бағытына айналды. Бұл бағыт Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей ықпал ететін стратегиялық басымдықтардың бірі болып отыр. Бүгінде еліміздегі 763 колледжде 556 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде студенттердің 70 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін оқиды. Бұл мемлекет тарапынан адами капиталды дамытуға берілген жоғары мәннің айқын көрінісі. Сонымен қатар жүйеде 40 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Олардың кәсіби құзыретін арттыру және заманауи технологияларды меңгеруі білім беру сапасын…
В воинской части 6698 Национальной гвардии началось празднование великого народного праздника Наурыз, прославляющего наши традиции. В настоящее время Наурыз в нашей стране отмечается не один день, а в формате десятидневного праздничного периода — Наурызнама. Эта традиция направлена на популяризацию древних обрядов встречи весны и возрождение национальных обычаев. 14 марта — День көрісу (день встреч и приветствий), особая дата, когда люди справляются о благополучии друг друга, проявляют уважение к старшим и укрепляют духовную близость. В этот день военнослужащие навестили и оказали почести матери героически погибшего на таджикско-афганской границе воина, старшины К. Бакбаева — уважаемой Уркии апа, воспитавшей мужественного сына. 15 марта…
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілер дәстүрімізді ұлықтаған ұлы мейрам әз-Наурыз мерекесін тойлауды бастады. Наурыз мейрамы бүгінде елімізде тек бір күн емес, онкүндік мерекелік кезең ретінде жаңаша тойланып жүр. Бұл дәстүр халқымыздың көне мәдениетіндегі көктемді қарсы алу рәсімдерін насихаттап, салтымызды жаңартуға негізделген. 14 наурыз – Көрісу күні амандық сұрасып, үлкенге құрмет көрсетіп, жүректерді жақындатқан ерекше күн. Осы күні әскери қызметшілер тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза болған жауынгер старшина Қ. Бақбаевтың батыр ұл тәрбиелеген ардақты анасы — Ұрқия апамен көрісіп, сый-құрмет көрсетті. 15 наурыз – Қайырымдылық күні әскери бөлімде «Мейірім жүректен», «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, әскери қызметшілер тарапынан ерекше…
Премьер-Министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым нысандарының ресми тізбесі бекітілді. Бұл құжат мемлекеттік қызметтерді толық цифрландыру, деректер алмасуды жеделдету және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданған маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Аталған тізбеге енгізілген жүйелер мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыруға, ақпараттық ресурстарды біріктіруге және азаматтар мен бизнеске қолжетімді сервистерді дамытуға бағытталған. Ең алдымен, «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі негізгі платформалық элементтер ретінде қызмет атқарады. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта ұсынылып, түрлі жүйелер арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, «Жеке тұлғалар» және «Заңды тұлғалар»…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Жиында Наурыз мейрамына дайындық, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің жұмысының өткен жылғы қорытындысы, сондай-ақ, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері талқыланды. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың айтуынша, биыл «Наурызнама» мерекелік онкүндігі «Digital Qazaqstan» жобасы аясында жаңа форматта ұйымдастырылады. «Digital Nauryz» іс-шаралар топтамасы ұлттық дәстүрлерді заманауи IT-технологиялармен және жасанды интеллект элементтерімен ұштастыруға бағытталған. Мереке аясында қалада қолөнершілер мен ұлттық тағамдар көрмесі, кітап жәрмеңкесі, шығармашылық одақ өкілдерімен кездесулер және отандық әрі жергілікті дизайнерлердің ұлттық киімдер дефилесі өтеді. Сонымен қатар IT, VR және робототехника салалары бойынша «Стартаптар…
Әлеуметтік желілерде «Алаш» базарына қатысты түрлі ақпараттар таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз Қазіргі таңда базар аумағындағы 200-ден астам бір қабатты ескі сауда орнынан тұратын сауда павильонын жаңарту жұмысы жоспарлануда. Бұл сауда орындарының қауіпсіздігін, санитарлық талаптарға сәйкестігін және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі. Жаңарту барысында ешбір кәсіпкер орынсыз қалдырылмайды. Базар әкімшілігі тарапынан барлық саудагерге балама сауда орындары (уақытша немесе тұрақты) ұсынылады. Қазіргі уақытта базар басшылығы саудагерлерге түсіндірме жұмысын жүргізуде. Осыған байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерден расталмаған ақпараттарға сенбеуді және ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз.
Шымкент қаласында 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай «Жарапазан Fest» атты республикалық байқауы өтті. Дүбірлі додаға республикамыздың әр өңірінен келген өнерпаздар қатысты. Атап айтқанда, Түркістан облысының аудандары мен Түркістан қаласынан, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының үміткерлері бақ сынады. Қатысушылар төл өнеріміз – жарапазан айту дәстүрін жаңғыртып, оны өзіндік нақышына келтіре орындап, көрермен ілтипатына бөленді. Екі кезеңнен тұрған байқау барысында өнерпаздар жарапазан жырын орындап қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл кезең қатысушылардың тек орындаушылық шеберлігін емес, сонымен қатар ұлттық таным-көкжиегін де саралап берді. Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет үздігі, республикалық конкурстардың…
Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Түркістан қаласы – облыс орталығындағы тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың. Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда.