Автор: ais_media

Шымкент қаласында 14–24 наурыз аралығында ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында Наурызнама онкүндігі басталды. https://www.instagram.com/reels/DV4VkdpjLYo/ Бағдарламаның алғашқы күні, 14 наурыз – Көрісу күніне орай қаладағы Арбат демалыс аймағында мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Амал күнінде өнерпаздар ән айтып, би билеп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік бағдарламада «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен «Қазына» халықтық би ансамблі өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, театр ұжымдары да іс-шараға атсалысты, жиналған көпшілік бір-бірімен көрісіп, құшақтасты, ақжарма тілектерін айтып, Амал мерекесінің мәнін айшықтай түсті. Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі аясында 16–24 наурыз аралығында Шымкент қаласында ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары…

Read More

Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралуда. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS-кодтарды сұратуды көздемейді. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. ‼️ Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырады. https://t.me/AntiFakeCenter/154 В Центр по борьбе с дезинформацией поступают сообщения о действиях мошеннических групп, которые осуществляют телефонные звонки гражданам и просят сообщить код из…

Read More

ҮНДЕУ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (11.02.2026 ж. № 1170) 2026 жылғы 15 наурызда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді. Қазіргі уақытта азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан референдумға байланысты үгіт жұмыстары жүргізілуде (Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң). Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына және Референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай (Орталық референдум комиссиясының 12.02.2026 ж. № 6/10 қаулысының 3-тармағы) үгіт жүргізу 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады. Бұл ретте референдум қарсаңындағы күні…

Read More

Құрметті қазақстандықтар! 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз. Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру. Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін. Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз. Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған…

Read More

Қазақстанда Astana Hub ұйымдастырған технологиялық жобаларға арналған ұлттық стартап-батл — Digital Qazaqstan Battle өңірлік жартылай финалдары аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша өз өңірлерін таныстырып, шешімдерін Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan форумы сахнасында ұсынатын 20 финалист анықталды. Өңірлік жартылай финалдардың қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan Battle финалына 20 стартап өтті. Олардың қатарында: aitomaton (Қостанай), Lady Taxi (Атырау), SanEduPortal (Семей), Kasibi Taxi (Орал), LoyaBonus (Өскемен), Okushy (Көкшетау), CortexAI (Қызылорда), Proji (Ақтөбе), zhihaz.kz (Қонаев), SmetaHub (Жезқазған), gro.now (Алматы), Reco (Тараз), AR Sana (Астана), Qalam (Шымкент), Ai-mektep (Түркістан), JolScan (Қарағанды), Mathlab (Павлодар), Help Hand (Талдықорған), KenDala (Ақтау) және Numerus (Петропавл). «Digital Qazaqstan Battle – мықты технологиялық…

Read More

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында құзға өрмелеу спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар бас қосқан бұл жарыс талантты өрендердің шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейдегі бәсекелерге жол ашатын маңызды спорттық дода. Биылғы жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы және Ақтөбе облысы өңірлерінен келген 160-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Бірнеше күнге жоспарланған бәсекеде жас спортшылар жылдамдық, күрделілік және шеберлік бойынша өзара мықтыны анықтайды. Додада қатысушылар құзға өрмелеу спортының негізгі бағыттары бойынша сынға түсіп, өздерінің физикалық дайындығы мен техникалық шеберлігін көрсетеді. Бұл жарыс – тек жеңіс үшін тартыс қана емес, сонымен қатар жас…

Read More

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады. Осындай тағылымы мол дәстүрді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абай ауданы Достық шағын ауданындағы №69 жалпы орта мектепте Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп ауласында өткен тағылымды жиынға аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысып, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің мәнін…

Read More

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 14 наурыз – Көрісу күні – татулық пен ізгі ниеттің мерекесі. Ұлттық салт-дәстүрге негізделген бұл игі дәстүрден қала жастары да тыс қалған жоқ. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының қатысуымен «Көрісу эстафетасы» форматындағы іс-шара өтті. Мерекелік шарада ұлттық нақыш ерекше сезілді. Шекелік тағып, әсем нымша киген қыздар мен қазақы қамзол киген жігіттер қазақы көрік беріп, жиналған көпшіліктің назарын аударды. Жастардың ұлттық киіммен жүруі соңғы кездері сәнге айналды. Көз қуантып, көңіл көшітеді. Шараға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент университеті және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы студенттері белсене қатысып,…

Read More

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жоба қалалық ортаны жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлерде тұратын азаматтарды реновация бағдарламасы аясында жаңа, заманауи әрі жайлы пәтерлерге көшіру. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 110 отбасы жаңа баспанамен қамтылды. Оларға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер дайындалған. Пәтерлер толықтай әрленген күйде тапсырылып, қоныстануға дайын. Ал бөлме саны тұрғындардың бұрынғы пәтерлеріндегі бөлме санына сәйкес беріліп, отбасылардың қалыптасқан тұрмыс жағдайын сақтауға мүмкіндік жасалған. Бүгін Нұрлыбаев көшесі, 5А мекенжайындағы ескі үйде тұрған тағы сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Кілт табыстау рәсіміне…

Read More

Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында кезекті сенбілік азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Апта сайын ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қолдау. Таңғы уақыттан бастап жәрмеңке алаңына тұрғындар көптеп жиналды. Мұнда Шымкенттің жергілікті өндірушілерімен қатар көршілес облыстардан келген шаруалар да өз өнімдерін ұсынды. Сатып алушылар көкөніс пен жеміс-жидек, жаңа сойылған ет, сүт өнімдері, ұн және нан өнімдері, сондай-ақ түрлі кондитерлік және тоқыма бұйымдарын нарықтағы бағадан төмен бағада сатып алды. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің тікелей өндірушілерден жеткізілуі. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»…

Read More