Автор: ais_media

Түркістан қаласындағы “Фараб” кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні — Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті. Аталған шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық дәстүр аясында бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін кеңінен танытты. Іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.

Read More

Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру. Форумды кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін «Arman Alemi» қозғалысы Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен және серіктес – «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қатысуымен ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба…

Read More

Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қ.К.Тоқаев: «Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді. Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған. Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел…

Read More

Бүгін Шымкент қаласында Сейітжан қари мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сауапты іс-шара өтті. Кәсіподақ ұйымы өзінің белсенді мүшелері мен сала ардагерлеріне арнап Сейітжан қари мешітінде берекелі ауызашар дастарқанын жайды. ​Бұл кездесудің басты мақсаты — күнделікті қарбалас жұмыс пен жауапты қызметте жүрген сала мамандарының басын қосу, ұжымдық ауызбіршілікті нығайту және асыл дініміздің құндылықтарын ұлықтау. ​«Кәсіподақ — тек еңбек құқығын қорғайтын ұйым ғана емес, ол — үлкен бір отбасы. Мұндай рухани кештер әріптестеріміздің арасындағы сыйластықты арттырып, жұмысқа деген құлшынысын нығайтады», — деп атап өтті ұйымдастырушылар. ​Ауызашар дастарқанында…

Read More

Шымкент қаласындағы «ЮНИКС» ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу өтіп, онда жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Кәсіпорын басшысы Эдуард Зайцев жұмысшылармен әңгіме барысында алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, конституциялық реформалардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететіні туралы пікірін білдірді. «Мемлекеттегі кез келген өзгеріс берік негізден басталады. Қазақстан үшін мұндай негіз – жаңартылған Конституция. Еңбек ұжымымен кездесуде бұл өзгерістер тек заңгерлер мен саясаткерлерге ғана емес, өндірісте еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа қатысты екенін атап өттік. Іс адамы ретінде мен әрдайым айқындықты бағалаймын. Ал жаңа Негізгі заң дәл осындай айқындықты қамтамасыз етеді – ол ертеңгі күніміздің қандай қағидаттарға негізделіп құрылатынын нақты көрсетеді», – деді Эдуард…

Read More

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ел дамуына жаңа серпін беріп отыр. Әсіресе, Қазақстанның жаңартылған Конституциясында кәсіпкерлікті қолдау, жеке меншікті қорғау және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің нақты айқындалуы – бизнес қауымдастық үшін маңызды әрі сенімді құқықтық негіз қалыптастырды. Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан «Marai E7 Group» ЖШС еліміздегі медициналық өнімдер шығаратын ірі отандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын бірнеше бағыт бойынша өндіріс жүргізеді. Атап айтқанда, бірінші өндіріс желісінде полиуретаннан жасалған бинттер мен медициналық шиналар шығарылады. Екінші өндіріс желісі гипстан жасалған бинттер өндіруге бағытталған. Ал үшінші өндіріс желісінде стерильді дәке түйіршіктері дайындалады. Сонымен қатар кәсіпорында титаннан жасалған остеосинтез импланттары…

Read More

Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Кездесуге Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев қатысып, Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам дамуына тигізер ықпалы жөнінде жан-жақты баяндады. Спикер өз сөзінде жаңартылған Конституция ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңның жаңа редакциясы қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. – Жаңа трансформациялық қоғам жағдайында…

Read More

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды. Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады. «Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурызда және дауыс беру күні — 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұл талаптар заңнамамен белгіленген және электоралдық үдерістің барлық қатысушылары үшін міндетті», — деп атап өтті Ләззат Сүйіндік. Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт…

Read More

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды. «Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров. Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары өткізіліп,…

Read More

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Mega SMART» ЖШС – жиһаз өндірісіне маманданған кәсіпорындардың бірі. Компания басшылығының айтуынша, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ еңбеккерлерге әділ әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. «Mega SMART» ЖШС МДФ жылтыр плиталарын өндірумен және кеңсе жиһаздарын шығарумен айналысады. Елімізде баламасы жоқ бірегей өндіріс орны 2016 жылы іске қосылған. Кәсіпорын заманауи Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған. Бүгінде өндіріс орны жылына 100 мыңнан астам МДФ плитасын нарыққа шығарып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорынның бас директоры Руслан Бабатаевтың айтуынша, Жаңа Конституцияда қарастырылған…

Read More