Шымкент қаласында ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Аталған жарыс 50 жастан асқан және 65 жастан асқан спортшылар санатындағы елдің ең мықты шахматшыларын анықтап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі беделді турнирлерге қатысатын ұлттық құрамалардың құрамын айқындайды. Чемпионат барысында қатысушылар шахматтың үш түрі бойынша сынға түседі: классикалық шахмат, рапид және блиц. 1962–1976 жылдары туған спортшылар 50 жастан асқан ойыншылар санатында, ал 1961 жылға дейін туған шахматшылар 65 жастан асқан ойыншылар санатында бақ сынайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Италияда өтетін командалық әлем чемпионатына, Сербияда өтетін жеке әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Биылғы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 97…
Автор: ais_media
Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге қатысқан арнай сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен бөлімдері туралы баяндап, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасының маңызына тоқталды. Атап айтқанда, бұл қағидат азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарын қолдауды және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар мемлекет азаматтарды жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға міндетті екені атап өтілді. Кездесу барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі…
Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан №80 IT мектеп-лицейінде сарапшылар мен аудан тұрғындарының қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Конституция аясындағы конституциялық шешімдер мен құқықтық реформаларды жан-жақты талқылау. Іс-шара барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – алдағы республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, жаңартылған Конституцияда адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалу құқығы нақты кепілдендірілген. Бұл қағидат қоғамдағы әділеттілік пен теңдік принциптерін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр. Жиын барысында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Дархан Балажанов сөз сөйлеп, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық келісімді сақтау бағытында…
В Национальной гвардии МВД РК нередко можно встретить военнослужащих срочной службы, которые не только достойно выполняют свои обязанности, но и раскрывают в себе новые таланты. Один из них — рядовой Айдос Кулдыбай, проходящий службу в воинской части 5513 в городе Тараз. Айдос родился в 2001 году в селе Шаульдер Отрарского района Туркестанской области. После окончания школы он поступил в Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави в Туркестане, где получил специальность инженера-электроэнергетика. До призыва в армию работал оператором в детско-юношеской спортивной школе имени Кажымукана Мунайтпасова в родном селе. Интерес к спорту у него появился ещё в школьные годы. Особенно его…
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери міндетін абыроймен атқарып қана қоймай, бойындағы жаңа қабілеттерін танытып жүрген мерзімді қызмет сарбаздарын жиі кездестіруге болады. Солардың бірі — Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы Айдос Құлдыбай. Айдос 2001 жылы Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін ол Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түсіп, электр энергетикасы инженері мамандығын меңгерген. Әскерге шақырылғанға дейін туған ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оператор болып жұмыс істеді. Спортқа деген қызығушылығы мектеп кезінен басталған. Әсіресе оны street workout деп аталатын көше спорты ерекше қызықтырды. Турникке арналған…
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты. «Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекеттік мекемелер жекелеген басшылардың қалауына қарай емес, Конституцияға және тиісті заңға сәйкес жұмыс істейді. Саяси жаңғырудың мән-маңызы да – осында. Мемлекеттік биліктің табиғи, яғни эволюциялық жолмен дамуы мызғымас сипатқа ие болды. Бұл маңызды жұмысты тоқтату, тіпті, өткенді кері қайтару да мүмкін емес. Себебі халық ондайға жол бермейді. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгінде мемлекеттік құрылымның жаңа үлгісі ұсынылып отыр. Соған сәйкес биліктің барлық тармағы шешім қабылдаған кезде бірдей тәуелсіз болады. Ал Президент олардың кедергісіз, үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Еліміздің…
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай деді. «Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қазіргі конституциялық реформаны Ата заңымызға 2022 жылы енгізілген өзгерістерден бөліп қарауға болмайды. Ол кезде бас құжаттың үштен бірі жаңартылды. Бізге сол уақыттың өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Осындай ұсыныс көптеген қоғамдық алаңда,…
Әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай мәлім етті. Президент осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болатынын, қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажеттігін ескертті. «Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде «Қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?» деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Күрішті күрмектен ажырата білу қажет.…
Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер! Түркістандықтар әрқашан бірлігімен, елдігімен дараланған. Бүгін біз тағы бір тарихи белестің алдында тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтеді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асуы. Жаңа Конституциялық модель арқылы біз Әділетті Қазақстанды құрудың берік негізін қалаймыз. Бұл құжаттың басты ерекшеліктеріне тоқталсақ: Біріншіден, адам құндылығы…
Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдауға арналған «Біз халықтық Конституцияны қолдаймыз» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион алаңында өткен кешке шамамен 20 мыңға жуық адам жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақыру және жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының мән-маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа Конституция елдің демократиялық негіздерін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Құжатта «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дамытуға басымдық берілген. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Integra Construction KZ компаниясының меншік иесі Шахмұрат Муталип қатысты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды Премьер-лиганың…