Қазақ тарихында ерлік пен өрліктің туын жықпаған батыр аналар аз болмаған. Ел басына күн туған сын сағаттарда нәзік жандылар да ер-азаматтармен қатар атқа қонып, Отан қорғау жолында жанқиярлық танытқан. Сол елдің аманатын ерлермен бірдей арқалаған қаһарман қыздардың есімі ел жадында мәңгі сақталған. Олардың батырлығы – тек тарихи ерлік емес, ұрпаққа үлгі, рух пен намыстың символы. Бүгінде тәуелсіз Отанымызды қорғауда да сол ерлік дәстүрі жалғасын табуда. Ұлттық ұлан қатарында әскери форма киген заманауи қазақстандық арулар бейбіт күннің тыныштығын күзетіп, әскери антқа адал қызмет атқарып келеді. Олар – қайсарлық пен жауапкершіліктің, кәсібилік пен патриотизмнің жарқын көрінісі. Бүгінгі әңгіме де тарихтағы батыр аналардың…
Автор: ais_media
Сегодня в Национальной гвардии МВД Республики Казахстан женщины уверенно занимают своё место в строю — они наравне с мужчинами несут службу, обеспечивают боевую готовность подразделений, укрепляют дисциплину и моральный дух личного состава. В преддверии Международного женского дня — 8 Марта особенно важно говорить о тех, кто своим трудом и верностью присяге ежедневно доказывает: служение Родине — это не только профессия, но и призвание. Одной из таких женщин является майор Кульназарова Алия Алихановна — старший помощник начальника отделения воспитательной и социально-правовой работы (психолог) воинской части 6506 Национальной гвардии МВД РК в городе Шымкент. Алия Алихановна родилась 27 июля 1982 года в…
Бүгінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы қатарында әйелдер ерлермен тең дәрежеде сапта тұр. Олар әскери қызмет атқарып, бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етіп, жеке құрамның тәртібі мен моральдық рухын нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Отанға адал қызмет етіп жүрген жандар туралы айту аса маңызды. Себебі елге қызмет ету – жай ғана мамандық емес, бұл – жүрек қалауымен таңдалған өмірлік жол. Осындай абыройлы міндетті арқалап жүрген жандардың бірі – майор Кульназарова Алия Алиханқызы. Ол Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі (психолог) лауазымында қызмет…
На территории международного аэропорта Шымкент состоялась официальная церемония начала строительства авиационно-технического центра «Scat MRO». В мероприятии приняли участие аким города Габит Сыздыкбеков, вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев, руководство SCAT Airlines, а также представители компании Boeing. Ранее в ходе рабочего визита в США Глава государства провёл встречу с руководством корпорации «Boeing». В рамках переговоров были обсуждены вопросы расширения сотрудничества, включая поставку дополнительных воздушных судов казахстанским авиаперевозчикам, в том числе авиакомпании «SCAT Airlines», а также создание центра технического обслуживания и ремонта. Проект реализуется в соответствии с поручением Президента по развитию аэропорта Шымкента как мультимодального хаба. В настоящее время ведётся комплексная модернизация инфраструктуры…
Шымкент қаласының халықаралық әуежайы аумағында «Scat MRO» авиациялық-техникалық орталығы құрылысының ресми басталу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, SCAT Airlines әуекомпаниясының басшылығы және Boeing компаниясының өкілдері қатысты. Бұған дейін Мемлекет басшысы АҚШ-қа жұмыс сапары барысында «Boeing» трансұлттық корпорациясының басшылығымен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер барысында серіктестікті кеңейту, қазақстандық әуе тасымалдаушыларына, оның ішінде «SCAT Airlines» әуекомпаниясына қосымша әуе кемелерін жеткізу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын құру мәселелері талқыланған болатын. Жоба Мемлекет басшысының Шымкент әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Шымкент халықаралық әуежайы инфрақұрылымын жаңғырту және оны Оңтүстік…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына ерекше мән беріліп, мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік берілетіні нақты көрсетілген. Бұл норма әрбір азаматтың білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуге және елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды конституциялық қағида болып табылады. Ата Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік беріледі. Бұл ереже мемлекет тарапынан білім беру саласына қолдау көрсетілетінін және әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан орта білім алуға тең мүмкіндікке ие екенін айқындайды. Орта білім – көрнекті тұлға қалыптастырудың, азаматтардың жан-жақты дамуының және олардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындаудың маңызды кезеңі. Осыған…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше мән беріліп, заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алу құқығы нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың денсаулығын сақтауға және сапалы медициналық қызметке қол жеткізуіне құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтары заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы. Бұл конституциялық кепілдік мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын қорғау жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағида болып табылады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілуі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, аурулардың алдын алуға және қоғамның жалпы әл-ауқатын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл норма әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан қажетті медициналық қызметті алуына мүмкіндік береді.…
Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған. Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді.…
Сауран ауданында 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айту — парызым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Асқар Дайрабаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды. Ол «Алғыс айту» күні — түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне және қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтатын ерекше мереке екенін атап өтті. Аудандық маслихат депутаты Хуршид Шарапов, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев сөз алып, ел бірлігінің басты құндылық екенін жеткізді. Олар Қазақстан халқының ынтымағы мен достығы — мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтып, барша жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. Іс-шарада…