ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 22 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

ais_media ais_media
07.02.2023
Аймақ
0
ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
20-22 наурыз күндері І «KAZAGRO/ KAZFOOD TURKISTAN» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Наурыз мерекесінде өтетін маңызды іс-шараға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Венгрия бастаған жалпы 20-ға жуық мемлекеттен делегациялар келіп қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, инвесторлары, тауар өндірушілері қатыспақ. Түркістан облысының әкімі аталған көрме-жәрмеңкені ұйымдастыру жұмыстары бойынша жиын өткізіп, дайындық жұмыстарын пысықтады.
– Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көрме-жәрмеңкені жоғары деңгейде ұйымдастыруға күш саламыз. Наурыз мерекесінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу мәселесін де қарастырамыз. Ауыл шаурашылығы, кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
25 жылдан бері көрме ұйымдастырумен айналысып келе жатқан маман, «ExpoGroup» компаниясының директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласы бойынша кең ауқымды көрмелер Астана және Алматы қалаларында ғана өткізілген. Енді үшінші болып Түркістан шаһарында ұйымдастырылмақ.
– Бірінші халықаралық «KazAgro/KazFood Turkistan» халықаралық көрме-жәрмеңкесін өткізуге Түркістан қаласын таңдауымыздың мәні бар. Біріншіден, Түркістанның тарихы тереңде, ол – Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда орталығы. Тарихи және туристік орындары көп. Екіншіден, Наурыз мерекесін ұйымдастыруға осы аймақта ауа райы өте қолайлы. Қазірдің өзінде алыс-жақын шет мемлекеттер осы көрмеге қызығушылық танытып отыр. Барлық облыстан да делегациялар келеді.
Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы бойынша шетел инвесторлары мен кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер ұйымдастырылады. Қазақстанның үздік қолөнершілері керамикадан, жүннен, темірден және шыныдан бұйымдар жасау, кілем тоқу бойынша түрлі шеберлік сағаттарын өткізеді. Ұлттық тағамдар мен киімдеріміз жұртшылық назарына ұсынылады. Ауыл шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, ветеринария, сауда, кәсіпкерлік салалары бойынша да түрлі келіссөздер жүргізіліп, ұсыныстар талқыланады. Шетелден және елімізден жүздеген өкілдердің келуі өңірде туризм саласын дамытуға да серпін бермеді. Себебі өңірдегі тарихи орындар туралы сұрап жатқан шетелдіктер бар, – дейді Шолпан Қожабаева.
Халықаралық көрме аясында Түркістанда өңірлер мен түркі елдерінің қатысуымен іс-шаралар өтеді. Ұлыстың Ұлы күні атап өтіліп, гастрофестиваль, қайықтар және отшашулар шоуы, ұлттық спорт сайыстары, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастырылады. Өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылады. Этноқалашықта мазмұнды іс-шаралар өтеді. Агрофорум ұйымдастырылып, шаруа қожалықтарында тәжірибе алмасу турлары да жоспарланған.
Көрмеге әлемнің және көршілес елдердің танымал компаниялары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үздік өнімдерін, техникаларын әкеледі деп күтіліп отыр. Сусындар, шырындар, су, шай, кофе, тағамдық қоспалар, тамақ және сусын өндіруге арналған жабдықтар, тоңазытқыш, сауда және қойма жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары және олардың қосалқы бөлшектері жеткізіледі. Шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар, саяжай учаскелері үшін механикаландыру құралдары. Суару және дренаж жүйелерін жетілдіру, егінді жинау және сақтау жобалары мен құрылғылары, қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтар, ұн тарту жабдықтары әкелініп, жылыжай шаруашылығы, өсімдік шаруашылығындағы технологияның экологиялық аспектілері, суару және заманауи тұқым шаруашылығы жүйесі де түсіндірілмек. Осы арқылы ауыл шаруашылығында қайта өңдеу көлемін арттыру, Түркістан облысының ауыл шаруашылығына инвестиция көлемін ұлғайту, өңірде агро және іскерлік туризмдерін дамыту көзделген.
Алдыңғы мақала

КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ЗАМАНАУИ ТІРЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ЗАМАНАУИ ТІРЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ЗАМАНАУИ ТІРЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.