Бүгін Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Оқушылар сарайы — ЮНЕСКО» клубының директоры Индира Сарқытқызы, «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері отырарлық қолөнершілермен және олардың еңбектерімен танысты. «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен таныстырған Индира Сарқытқызы алдағы уақытта қолөнершілерді шығармашылық байланыс орнатуға, нәтижесінде шығармашылық жұмыстарын шыңдауға мүмкіндік тудыратын Одақ аясында біруге шақырды. Ұлттық қолөнерімізді, оның ішіндегі түрлі бағыттағы шеберлердің еңбектерін туристтерге, Қазақстан мен алыс-жақындағы шет елдерге танытуға арналған жобаларымен бөлісті. Шеберлер де өздері тарапынан толғандырған сұрақтарына жауап ала алды. Күрмеуі тұйықталған осы бір саланың жұмысы бір ізге түсіп жатса бәріміз үшін, әсіресе шеберлер үшін қуанышты жаңалық болар еді. Ендеше, барша қолөнер шеберлері мен одақ жұмысына сәттілік тілейміз.