Жетісай ауданының шаруалары өз өнімдерін делдалдың қатысуынсыз саудаламақ, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ainews.kz.
«Құрметті Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруші шаруалары!
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Алматы облысы Сауда департаменті басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Алматы қаласында орналасқан «Алтын орда» базары басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы тегін орын белгіленді. Белгіленген орында шаруалар бақша, көкөініс өнімдерін сата алады.
Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округінің әкімшілігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып барулары қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ерқуат Тұрғұмбаевқа +7 702 768 20 92 байланыс нөміріне хабарласуға болады», делінген аудан әкімдігінің ресми хабарламасында.
Анықтама алу үшін шаруа ауылдық округ әкімі аппаратына мына құжаттарды алып барулары қажет:
1. Шаруа қожалығының тіркеу туралы куәлігі (патент);
2. Шаруа қожылығы басшысының жеке куәлігі;
3. Өнімді алып баратын шаруа қожалығы өкілінің жеке куәлігі;
4. Алматы қаласына өнімді аппаратын көлік құралының тіркеу туралы куәлігі (техпаспорт).