Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары да бүгінде өнім түрлерін түрлендіруді қолға алуда. Солардың бірі Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінің тұрғыны, «Ханкелді ата» шаруа қожалығының төрағасы Ә.Ханкелдиев.
Жеке кәсіпкер меншігіндегі жылыжайда баялды және болгар бұрышын егіп, бүгінгі таңда дайын өнімдерін еліміздің солтүстік өңірлеріне тасымалдауда. Өнім көлемі 25 тонна. Аталған шаруа қожалық бүгінгі таңда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Аграрлы аудан ретінде Сарыағаш ауданының орны бөлек. Өңделетін жер көлемі, алынатын өнім көрсеткіші және шаруалар саны бойынша да көш басындағы аудандар қатарында келеді.