Бәрі де тәрбиеге байланысты — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 7 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бәрі де тәрбиеге байланысты

ais_media ais_media
22.10.2023
Қоғам
0
Бәрі де тәрбиеге байланысты
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде жұмыс істеу күннен- күнге қиындап бара жатқан сыңайлы. Себебі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артып барады. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының топтасып төбелесуі, бір-біріне әлімжеттік жасауы жайында ақпараттар құлаққа жиі шалынады. Қазіргідей қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заманда бейбітшіліктің қадірін білмей, тойғанынан секіріп жүрген  балалардың әрекеті қоғамда келеңсіздік туындатып отырғаны жасырын емес.
Кішкентайынан тай-құлындай тебісіп бірге өскен сыныптастар арасында бойларын өшпенділік билегендер қайдан шықты? Жоқ әлде ғаламтордан жағымсыз нәрселерді көрудің нәтижесі ме бұл?
Қылмыс қашанда адамның қолымен жасалады. Қылмысқа бой алдырмау үшін тәртіпсіздікке бейім балаларды дер кезінде анықтап, түзу жолға бағыттау керек-ақ. Негізінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің құқық бұзуына олардың сенгіштігі, кез келген нәрсеге еліктеп, еріп кететін албырттығы, қызбалылығы мен қоршаған ортасының әсері ықпал етеді деп ойлаймын.
Адам дүниеге жаман болып келмейді. Бәрі де тәрбиеге байланысты. Қиын оқушымен жұмыс істеу де оңай емес. Олармен жұмыс істегенде тек жаман жақтарын термелемей, жағымды жақтарын байқап, жақсы сөзбен тәрбиелеудің мәнісі зор. Мұндайда ұстаз ата-анаға арқа сүйеуге дәрменсіз. Себебі, ата-ана «ержеткен соң түзеледі» деп баласының сөзін сөйлеп шыға келеді. Бұл, әрине, ұстаздар қауымын сөзсіз қынжылтады. Егер ата-ана мектеппен тығыз байланыста болса, балаларының тәрбиесін қолдан шығарып алмас еді.  Ата-ана перзентін тек тамақ, киіммен қамтамасыз етіп, материалдық жағдайын жасаушы ғана емес, ұрпағының болашағына жауапты адам екендігін естен шығармауы тиіс. Және бір қынжыларлығы, мектеп жасындағы бала қылмыс жасаса баланың ата-анасы емес, алдымен оның оқитын мектебі анықталып, мектеп басшысы, сынып жетекшісі жазаланады. Шынтуайтына келгенде, бала тәрбиесінде ата-ана, мектеп басшылары бірлесіп жауап беруі тиіс емес пе?!
 Ата-аналармен тығыз байланыстың қарапайым түрі, ата- аналар жиналысына егер әкесі болса міндетті түрде әкесі қатысқаны дұрыс. Балаға шешесіне қарағанда әкесінің ықпалы басымырақ болады. Қазіргі ата-аналар жиналысына көбіне анасы немесе әжесі барады. Оның үстіне, жиналысқа тек тәрбиесі жақсы, үздік оқитын оқушылардың ата-аналары қатысады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында кәмелет жасына толмаған жастар арасында әкенің беретін тәрбиесінің орны ерекше екендігін айтты. Әкелер мектебінің жұмысын жандандырып, әкелердің рөлін арттыруды тапсырды.
Бала мектептен бос уақытында немен айналысады? Мұндайда үйірмелердің, спорттық сайыстардың тәрбиелік мәні зор. Оған балалардың барлығын бірдей тарту өз нәтижесін берері сөзсіз.
«Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқандай, бала бос уақытында компьютерлік клубтарда босқа сенделмей сабағына дайындалуы керек. Ата-ана баласының бірге жүретін достары кім, оқу үлгерімдері қандай, тәртіпті ме, спортпен айналыса ма, міне, осылардың барлығын қадағалап отыруы тиіс. Қазіргі таңда  тойынғаннан өз қатарластарын жәбірлеп, әлімжеттік жасау белең алды деп жоғарыда айтып өттік. Оның соңы жәбірленушінің өзіне-өзі қол жұмсауына әкеп соғады. Себебі, бұзақының талабын орындай алмайды. Бұл жерде көп мәселе ақша талап етуден туындайды. Ата-анасынан ақша сұрай алмайды, сұраған күнде де бермейді.
 Өз басым бұзық балаларды қоғамдық жұмыстарға басшы етіп қою керек деп есептеймін. Себебі, олар өзгелерге өзін тыңдата біледі. Сонымен қатар, бір орта мектепте бір-екі психолог жұмыс істейді. Бұл 1000-1800 оқушыға аздық етеді. Мектепте психолог мамандарды көбейтсе
дейміз.
Кәмелет жасына толмаған жастардың тәрбиесіне қоғам болып жанашырлықпен қарайық. Жастар біздің болашағымыз екенін естен шығармаған абзал, ағайын.
Л.ЖҰМАҒҰЛОВ,
ҚР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері,
Келес ауданының құрметті азаматы.
Алдыңғы мақала

Жастарды қайтсек имандылыққа тәрбиелейміз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.